Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бес асыл іс көнсеңіз

05 наурыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Бес асыл іс көнсеңіз
Сабақтың мақсаты:
• Оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай туралы білімін толықтыру. Абай өлеңдерінің мазмұнын терең түсіне отырып, жат қылықтардан аулақ болуға, кейіпкер образын сомдауға үйрету.
• Сөздік қорын молайту, ой - қиялын, шығармашылық әртістік қабілетін дамыту.
• Ұлы Абай өмірін үлгі ету, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері:
• сұрақ - жауап, сахналау, сурет салу, өлең құрастыру, ой - қозғау, баяндау, эвристикалық
Көрнекілігі:
• интерактивті тақта, слайдтар, кейіпкер атрибуттары
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
Қуан, шаттан алақай
Қуанатын күн бүгін
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы күн
Саламатсыздар ма достарым
Саламатсыздар ма апайлар

ІІ. Жаңа сабақ
Әнімен басталады.
- Бұл кімнің әні? - Абайдың әні
- Абай кім? - ұлы ақын
- Жүрегімнің түбіне терең бойла
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім
Мыңмен бірге алыстым, кінә қойма!...
Деп Абай атамыз болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Біз Абайды қазақ даласының шамшырағы деп атаймыз
Абай тек қазақтың ғана емес, бүкіл шығыс халықтары мәдениетінің шамшырағы
- Ол халықты неге үндеді?
• Білімге, ғылымға, еңбекке
- Оның жаман әдеттен сақтау жолында қандай сөзін білеміз?
• Тамағы тоқты, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын.
- Абай атамыз қандай адам нағыз азамат болады деді?
• Әуелі құдайға сыйынып, сонан соң, өз қайратыңа сүйеніп, еңбек еткен адам нағыз азамат болып саналады – деді.
- Қайрат, ақыл, жүректі бірдей ұста. Сонда толық боласың елден бөлек – демекші біз бүгін топпен жұмыс жасаймыз. Сол себепті тобымызда жүрек, ақыл, қайрат деп аталады.
Топтық жұмыс 1 – тапсырма
1 – топ Абай кім?
Жүрек тобы.
• Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей өңірінде Абай ауданында Құнанбай Ұлжанның отбасында дүниеге келген. Ол әжесі Зеренің аңыз ертегілерін естіп және анасы өте шебер ақылды Ұлжан анасының тәрбиесін көрген.
2 – топ Абайды халық кім деп таниды?
Ақыл тобы
• Абай суреткер ақын, ол жыл мезгілдеріне байланысты өлеңдер жазған.
• Абай аудармашы. Біз оның «Тіл мен Қанден», «Шегіртке мен құмырсқа» (Крыловтан аударған) деген мысалдарымен таныстық.
• Абай қарасөз шебері. Оның 45 қара сөзі бар. Мысалы. Көзімнің қарасы, сегіз аяқ.
• Жүрегі елім деп соққан ұлы азамат.
3 – топ Абайды халық кім деп таныды?
Қайрат тобы
• Біз Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба», «Күз», «Жазғытұрым», «Жаз» деген өлеңдерімен таныстық.
• Күз деген өлеңін жатқа айт.
1 – топ. Абайдың «Қыс» өлеңін жатқа айт, не туралы?
• Осы өлең қандай көңіл - күй туғызды?
• Осы өлеңді қандай әуенмен айтар едің?
• Осы өлең бойынша сурет сал түсіндір
2 – топ.
• «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт.
• Сызбаны толтыр
Абай ата сөзі
5 асыл іс.....................
5 дұшпан........................

• Абайдың нақыл сөзін аяқта
Адам баласының ең жаманы – талапсыз.
• Білім, талап туралы мақал – мәтел айт.
3 – топ «Жаз» өлеңін жатқа айт. Өлең не туралы?
• Өлең бойынша сурет сал.
1 – топ «Шегіртке мен құмырсқа» көрініс
Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған
Көгалды қуып гуләйттап
Қызықпен жүріп жазды алған.
Жаздыңкүні жапырақтың
Бірінде тамақ, бірінде үй
Жапырақұ кетті жаз кетті
Күз болған соң, кетті күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тонған қарны ашқан
Ойын қайда ән қайда?
Оныменнен тұрмады
Қар көрінді, қыс болды
Сауықшыл сорлы бүкшейді
Тымақ қана іс болды.
Секіру қайда сүрініп?
Қабағын қайғы жабады
Саламда жатып дән жиған
Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп келіп жығылды
Аяғына бас ұра:
Қарағым жылт тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра!
Мұның жаным сөз емес.
Жаз өтерін білмеппең?
Жаның үшін ең шаруа
Ала жаздай қылмаппең?
Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйіме?
Көгалды қуып ән салып
Өлеңнен қолың тиді ме?
Қайтейін қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер
Ала жаздай ән салсаң
Секілде де билей бер.
2 - топ Абайдың17 - қара сөзін сахналайды.
Автор Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтып, таласып ғылымға жүгініпті.
3 - топ Бала Абай мен Барлас ақын
Бірде Абайлардікіне екі бөгде қонақ келіп қонды: бірі – қартаң, бірі – жас қонақ. Жасын Абай таниды. Ол былтыр жайлауға келіп, осы үйде үш күндей жатып, «Қозы Көрпеш – Баян сұлуды» жырлап берген Байкөкше деген жыршы еді. Ал қасындағы қартаңдау кісіні Абай білмегенімен, шешесі жақсы таниды екен.
Қонақтармен жай сұрасып, амандасып болған соң Ұлжан Абайға қарап, жымиып:
- Ал, балам, әжең мен екеумізді қажай беруші едің, әңгіме, жырдың дүкені, міне, жаңа келді. Мына кісі Барлас деген ақын, - деді.
Шоқшалау ғана ақ сақалы бар, келбеті келген, зор дауысты, ақ сары кісі – Барлас Абайға салғаннан ұнады. Білгенін ішіне бүгіп, тығылып, үндемей отыратын өзге үлкендердей емес, Барлас іле сөйлеп кететін ақ жарқын, ашық. Осы үйге ылғи да келіп жүрген ауыл адамы сияқты.
Үй іші тегіс хош алған соң, екі ақын да оңай шешілді. Осы түнде ас піскенге шейін Барлас «Қобыланды батыр» жырын жырлады. Абайдың қазақ аузынан да, кітап ішінен де өмірі естіп білмеген ең бір сұлу, ең бір әсерлі, күшті жыры осы еді. Барлас жырын бітіріп, қол жуғалы қамданған уақытта, Абай:
- Мұны айтқан кім? Осы өлеңді шығарған кім екен? – деп, бағанадан бері өзін сүйсіндірген ақынның атын білмек еді.
- Әріден келе жатқан деседі - ау, балам, бұның түбін. Ертеңінде жүруге ыңғайланған екі ақынды Абайдың тілегі бойынша Ұлжан жібермеді.
- Асықпай, әлі біраз күн қонақ болып жатып кетіңдер, - деді.
Абай күндіз де, түнде де Барластардың қасынан шықпайды. Осы жолы Абай әрі өзі, әрі шешесі арқылы салмақ салып, Барлас пен Байкөкшені дәл бір айдай жібермей ұстап еді. Бұл уақыттарда жас бала Барлас, Байкөкшемен біржолата дос, жақын боп алды. Үйрене келе, түнде Барластың қойнына кіріп те жатады. Күндіз барынша күтеді. Бала Абайдың ұғымтал, зеректігіне қатты риза боп, шын сүйген Барлас бір оңашада жай ғана тақпақтап:
- Шырағым, ер жетерсі,
- Ер жетсең, сірә, не етерсің?
- Алысқа шырқап кетерсі,
- Шыдасаң, шыңға жетерсің,-
деп еді Барлас ақын бала Абайдың бойындағы мол дарын - қасиетті сол кезде - ақ байқаған болатын.
• Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Жоқ барды ертегіні термек үшін – деп Абай атамыз жырлағандай ақындық өнерлері бар оқушыларға тапсырма ретінде «Сіздей тұлға ұмытылмайды» деген тақырыпта 4 жолдық өлең шығару.
1 топ Абай ата туралы өлең жазамыз,
Бар ақылын біз үйреніп аламыз
Сіз секілді өлең жассақ өскенде
Ізіңізді жалғастырып жүреміз.
2 – топ
Менің атам – Абай ата
Ол бізге бәрін үйреткен.
Атамның баласы болмай
Адамның баласы бол деп үйретеді.
3 – топ
Абай ата ешқашан ұмытылмайды,
Себебі біз ұрпағымыз олардың
Оқып барлық өлеңін
Бізде өлең жазамыз.
● Абай
Қараңғы түнде тау қалғып
Ұйқыға кетер маужырап
Қаланы жым - жырт дел - сал қып
Түн болады шаутырап
Шам шығармас жолдағы
Сілкіне алмас жапырақ
Тоншығарсың сендағы
Сабыр қылсаң азырақ

● Лермонтов
Горные вершины
Спять во тьме ночной
Тихие долины
Полны свежей млой
Не пылить дорога
Не дрожат листы
Погади немного
Отдахнем и ты

● Гете
Үйбер аллен гипфелн их ру
Ин аллен випфельн шпуйрен ду
Һаум айнен хауһ
Де фугляйн швайген им барде
Барте нур балде ру ист ду ауһ
Ұлы ақын Абай туралы ұлағатты сөздер (үй тапсырмасы, ізденіп келу)
1. Абай қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуына ұлан - ғайыр еңбек еткен данагер. Абай әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға.
(Н. Ә. Назарбаев)
2. Асыл сөзді іздесең
Абайды оқы ерінбе
Адамдықты көздесең
Жат тоқып ал көңілге (С. Торайғыров)
3. Қазақ әдебиетіне Абай кіргізген жаңалық көп Абай қазақтағы суреті сұлу сөздің атасы, терең сырлы, кең мағыналы кестелі өлеңнің атасы. Қазақ өлеңіне үлгі өрнек берген, түрік көбейтіп, қалыбын молайтқан. Ол әдебиетке, өлең жырға бұрыннан орнаған теріс пікір, теріс ұғымның бәрін жоғалтып жұрттың ойын тәрбиелеген. (М. Әуезов)
* Дұрыс айтамыз Абай туралы ақындығы туралы сыншы, суретші кім?
М. Әуезов.
Бекіту.
1. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
2. Абай қай жылы, қайда дүниеге келген? (1845, Семей облысы)
3. Ибраһимді кім Абай деп атап кеткен? (әжесі Зере)
4. Абай неше ағайынды? 6
5. Абай қайда оқыды? (Семей қаласындағы медреседе)
6. Абай неше тіл білген? (араб, парсы, орыс)
Қорытындылау
• Абай атаның баласы емес, халық адамның баласы
• Мінекей балалар: Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,
Өлмей тұғын артында із қалдырған.
демекші ойшыл данышпан ақынның жүрегін тербеген тамаша әндері өзінің қалың ел қазағымен бірге жасап келеді.
Ендеше Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» атты әнімен аяқтайық.

Бағалау мадақтау
Үйге: өлеңдерін ізденіп келу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
22 877
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абайдың дүниеге көзқарасы
Абайдың дүниеге көзқарасы
Абайдың дүниетанымында оқу оқып, білім алу жоғары орында, ол орыс зиялыларынан ғылымды үйрену керектігін басып айтқан. Үнемі ақиқат жағында болғандықтан, оны ғалымдар рационалист деп есептейді.
Мен Абай шығармаларын сүйіп оқимын
Мен Абай шығармаларын сүйіп оқимын
Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен бірге алыстым, кінә қойма – деп жырлаған Абай ұлт мақтанышы, Ұлы тұлға. Саналы, ойлы адамның артықшылығы - заман талабын, әлеуметтік
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!
Абайдың тереңіне үңілу
Абайдың тереңіне үңілу
Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Новорыбин орта - мектебі - бақшасы Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Хажат Алма
Ұлы Абай - нар тұлға
Ұлы Абай - нар тұлға
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Құрма ЖОББМ Бөкен Қазбек Маратұлы
"Қыс" Абай Құнанбаев
"Қыс" Абай Құнанбаев
Сарымсақова Айгүл Жәнібекқызы Ақтөбе қаласы, № 24 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×