Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ә әрпімен, дыбысымен таныстыру

06 наурыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «ә» дыбысын дұрыс айтуға үйрету, оның сөз ішінде келуін аңғарту, сөздерді дұрыс оқуға дағдыландыру. «Ә» дыбысының жіңішке буынды сөздерде келетінін аңғарту. «Әже» мәтінін оқыту, түсінгенін айтқызу, оқу дағдысын жетілдіру.
Сонымен қатар сабақты халық педагогикасына негіздеп, ата - баба салтын бала санасына жеткізе отырып, оны күнделікті өмірде іске асыра білуге баулу.
Көрнекіліктер: плакат «Дәрігер», шиырма «Әже ақылы», суреттер («Әтеш», «Әмір неге жылады?», «Әжелер мен Әсем», «Сары Әулие – Марат Исенбаев», «сәукеле»); плакат «Айтылуы ұқсас, мағынасы бөлек сөздер». Абай портреті, Мұхтар Әуезов портреті, «Бүркітші» суреті, «Сиқырлы сағат», оқулық, кеспе әріптер, буындар, касса, текшелер, тақта, бор.
Сабақтың түрі: «Мұхтар ауылына» саяхат.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Сергіту сәті «Қарлығаш»
1 - 2 - 3 – Қарлығаш боп ұш,
4 - 5 - 6 – Қарлығаш боп қалқы.
7 – Мынау ауыл шеті,
8 - 9 - 10 – Өз орныңа қон!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Өө әрпі мен дыбысы. 105 - бет
ә) Сурет бойынша заттарды ата (өрік, көбелек, бөдене. Өрік ағашы).(кезекпен атады).
б) Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
- Өржан мен Өмірбек баққа барды. Олар өрік терді.
- Жақсы.
- Енді «Өрік» өлеңін кезек оқыңдар.
Оқушылар кезекпен өлең жолдарын оқиды.
Мұғалім: - Балалар, біз танысқан «ө» дыбысы қандай дыбыс?
- Дауысты дыбыс.
- Иә, жіңішке дауысты дыбыс.
- Балалар! Біз бүгін Мұхтар атамыздың, Абай атамыздың ауылына саяхатқа шығамыз! Қандай көлікпен барсақ екен? – деген сұраққа балалар әртүрлі көліктерді атады (соның ішінде көбісі атшананы қалады, 2 оқушы тақтаға суретін салды).
Сонымен, жолға жиналдық.
Бүгін біздерге ақ тілегін жолдап отырған Халық емшісі Сары Әулие дінімізді, әулие - әмбиелерімізді, тілімізді, ділімізді ұмыта бастаған ұрпақтарға және кішкентай бүлдіршіндерге:
«Әруақтарға сыйынған,
Жол табады қиыннан»– деп, балалардың баршасына сәттілік тілейді.

(Таң атты)
Сапарға жиналып, шанаға отырарда балаларға мына сұрақтарды қойдым:
- Ең алдымен шанаға кімдер отырады?
- Үлкен үйдің балалары.
- Содан кейін ше?
- Отау үйдің балалары.
- Шанаға түгел отырдық па?
- Иә.
- Онда қарап отырмайық, - деп, төмендегідей әнді салып, ойынға шақырдым:
- Ал, балалар, ойнайық,
Ойналық та ойлалық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық!
1) Таныстырар әріппен,
Мынау кітап, әліппең.
«Әліппе» деген аты оның
Басталған қай әріптен?
- Жұмбақтың шешуін тап.
- «Ә» әрпі.
- Жарайсыңдар!
2) Таңды өзі атырғандай,
Мақтанып шақырғаны - ай.
- Ол не?
- Әтеш.
- Сөз басында қандай дыбыс тұр?
- «Ә» дыбысы
Осылайша сабақ тақырыбымен таныстырдым.
«Ә» дыбысы жіңішке, ашық, езулік дауысты дыбыс.
- «Ә» дыбысы қандай сөздерде және сөздің қай буынында жазылады?
- «Ә» дыбысы жіңішке сөздерде және сөздің алғашқы буындарында жазылады.
- «Ә» дыбысының айтылуын кім айтып береді?
- «Ә» дыбысын айтқанда тіл алға созылады да, ұшы астыңғы тіске тиеді.
- Кәне, балалар, «Ә» дыбысына кім көп сөз біледі, кім тез айтады?
- Әже, әйнек, дәптер, әліппе, дәрі, дәрігер, дәптер, Ақдәрі, т. б.
- Тағы кім айтады? Айта ғой.
- Әңгіме, әділ, әлем, Әділ, Әсет, Әсемгүл.
- Жарайсың!
- Әсел, Әсем, Дәурен, әдемі, ән, әке, әнші.
- Жақсы, жарайсың!
- Әзіл, әтеш, дән, әуе, сәбіз, сәлем, т. б.
- Жарайсыңдар, балалар! Сендер көп сөз біледі екенсіңдер!
Сергіту сәтін төмендегідей өлең жолымен жасаттым: «Дәмелі»
Ерте тұрып Дәмелі,
Шынықтырды денені.
Мектебіне барады,
Күнде бестік алады.
- Балалар, «Ә» дыбысы кездесетін сөз бар ма?
- Бар, «Дәмелі» деген сөзде сөз ортасында, бірінші буында (дыбыстық талдау жасау)
Сөйтіп шанада келе жатқанымызда алдымыздан Бүркітші шығады. Ол біздің қайда бара жатқанымызды сұрады. Жауапқа оқулықтағы 106 беттегі тапсырма орындауға берілді. Балалар орындап берді, суреттегі заттарды, адамдарды атап, астындағы сөздерді оқыды. Одан әрі жүріп келе жатқанда алдымыздан «Айсұлу» ертегісінен көрікті Айсұлу шықты.
- Егер оқулықтың осы бетіндегі (106 - бет) «Әже» мәтінін оқып берсеңіз «Мұхтар ауылына» өзім апарып жол көрсетемін – деді. Бұл тапсырма да орындалды.
Ауылға жақындағанда алдымыздан Тапқышбек шықты. Ол буындарды толықтырып беруді бұйырды. Үлкен үй мен отау үй балалары жарыса «Сиқырлы сағат» арқылы буындарды құрастырды, сөздерді оқып берді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 914
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Оқушыларды ә дыбысымен таныстыру, ә дыбысының орнын анықтау, сауатты оқуға және жазуға дағдыландыру, сөздерге дыбыс тық және буындық талдау жасай білуге үйрету.
Т дыбысы және әрпі
Т дыбысы және әрпі
Өткен дыбысты қайталату, зейінін аудару. Жаңа т дыбысымен таныстыра отырып, сөздер ойлатып, оларды дұрыс буынға бөлуін қадағалау. Қолдарын әдемі жазуға үйрету және қызығушылығын арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Ү дыбысы мен әрпі
Ү дыбысы мен әрпі
Тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
Қ дыбысымен таныстыру
Қ дыбысымен таныстыру
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, №1 Теректі орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Жакитова Н.К.
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Балаби ауылы, №50 Абай атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Омарова Жазира Кеңесқызы
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі
Ақтөбе қаласы, № 24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Қалабазарова Жанна Әлсейітқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×