Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдіктердің көптүрлілігі

11 наурыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көптүрлілігі

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өсімдік туралы білімдерін дамыту, өсімдік топтарын ағаш, бұта, шөп толықтыру. Алуан түрлі өсімдіктерді білу. Оқушының ойлау қабілетін ұштау, сыни тұрғыдан ойлауға баулу.
Сабақтың жүрісі:
І. Мұғалімнің іс – әрекеті:
Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Қайырлы күн – табиғат
Жайқалып өссін – өсімдік
Жайнай берсін – орманымыз
Биік болсын – тауларымыз
Сәтті болсын – сабағымыз.

Сынып оқушыларын 4 топқа бөліп, отырғызу.
Алма, алмұрт, жүзім, банан.

Үй тапсырмасын сұрау. Топ бойынша тапсырма беру.
1 – топ Алма:
1. Топырақ құнарлы болу үшін не істейді?
● Өсімдік тамыры арқылы қоректік заттарды бойына сіңіреді.
● Күн көзінің жылуы мен ауадағы көмір – қышқыл газын сіңіріп өсіп жетіледі.
● Жануарлардың денесінде қорытылып шыққан заттармен құстар, түрлі жәндіктер қоректенеді немесе олар шіріндіге айналады.
● Сонымен топырақтың беткі қабаты өсімдіктер мен жәндіктердің қалдығынан құнарлы топыраққа айналады.
2 – топ Алмұрт:
2. Топырақ түсінің қалыптасуы неге байланысты?
● Құрамындағы қарашіріктің мөлшеріне байланысты топырақтың түсі де түрліше болады.
● Қарашірік көп болса, топырақтың түсі қоңыр болады.
● Оңтүстікте топырақтың түсі бозғыл болады. Себебі селдер өсімдіктен қарашірік те аз қалады.
● Қар сияқты болып тұратын жер ол – сор. Ол жер тұзды жер. Сор топырақта өсімдік өте сирек өседі.
3 – топ Жүзім:
3. Қайсы суретте адамдар топыраққа зиян, қайсысына пайда келтіруде? (Суретпен әңгіме)
4 – топ Банан:
4. Тесттік тапсырмалар.

Сыни тұрғыдан ойлау. Жаңа сабақ.
Сонымен балалар Топырақ құнарлы болса табиғатымыз қандай болады? Міне балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз Өсімдіктердің көптүрлілігі.
Дәптерге күннің жады, тақырып жазу.
Оқулықпен жұмыс (түсіндіру)
Гербари көрсету
Ағаштар: Емен, Қарағай, Қайың, Тал Шырша
Бұталар: Тобылғы, Итмұрын, Жыңғыл, Қарағай, Қырыққұлақ
Шөптер: Жусан, Селеу, Бидайық, Жоңышқа, Шоңайна, Бақбақ, Бетеге

Әлемдегі ең үлкен өсімдік – бұл алып секвойя, оның биіктігі 84 метрге дейін және діңгегінің диаметрі 11 метр.
Әлемдегі ең кішігірім гүлденетін өсімдік – бұл балықот, оның басқа атауы – батырылған вебстерия. Өсімдіктің өлшемі 1мм. Оларды үлкейту шынысы арқылы көруге болады.
Сергіту сәті
1 – топ: Өсімдіктердің сыртқы орта жағдайларына бейімділігін ата?
1. Ылғал сүйгіш өсімдіктер: бақбақ, қоңырбас, жоңышқа.
2. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер: жантақ, сүттіген.
3. Жылу сүйгіш өсімдіктер: мақта, асқабақ, күріш, жүгері.
4. Суыққа төзімді өсімдіктер: бидай, арпа, сұлы.
5. Жарық сүйгіш өсімдіктер: мақта, жолжелкен, өгейшөп, қоңыраубас.

2 – топ: Өсімдіктің адам өміріндегі маңызы қандай? Пікіріңді дәлелде.
1. Әр түрлі тағамдар, қорек: жеміс – жидектер, көкөністер. Бізге дәрумендер жеткізеді.
2. Дәрі – дәрмек: шөптен дәрілер. Шөптен жасалған дәрі – дәрмектер адамдарды емдейді.
3. Құрылыс материалын аламыз немесе үй жиһаздарын пайдаланамыз: есік, терезе, сандық, сөрелер жасалады.
4. Әдемілікке гүлдер өсіреміз. Өсірген гүліміз бөлме ауасын тазартады.
5. Мал азығы болады. Отын, жылу береді.

3 – топ: Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы қандай?
1. Су буландырып, ауаны ылғалдандырады.
2. Ыстықты қайтарады, суықты бәсеңдетеді.
3. Жел жылдамдығын азайтып, желден қорғайды.
4. Қарды тоқтатады.

4 – топ: Өздеріңе таныс өсімдіктердің суретін сал
Ойын: Қар лақтыру.
1. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, тұқым, сабақ, гүл, жеміс, жапырақ)
2. Біздің жерімізде қандай өсімдіктер өседі? (Қара тал, жоңышқа, жусан, жыңғыл, адыраспан, бәйшешек)
3. Ағаштар бүршікті қай мезгілде жарады немесе гүлдейді? (Көктем)
4. Біздің елімізде өсімдіктердің неше түрі бар? (6000 астам түрі бар)

Логикалық ойындар
Топтар бір – бірін бағалайды. Бір – бірімен ойласа отырып топбасшысы жетондармен бағалайды. Қай топтың жұмысы ұнады, пікір айту.
Рефлексия
Бүгінгі сабақ бойынша ойларын стикерге жазады.
- Сабақ ұнады ма?
- Қандай тапсырма орындаған ұнады?
- Қандай тапсырманы орындауға қиындық келтірді? (пікірлерін жазу)
Үйге тапсырма: Оқулықтағы өсімдіктердің суретін салу. Өсімдіктер туралы мақал – мәтелдер жазып келу. Мазмұндау
18 274
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек
Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек
Оқушыларды байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке бір - бірін құрметтеуге, жолдасының шешімін сыйлауға тәрбиелеу. Қоршаған ортаға қамқор болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Тамыр - өсімдіктердің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар
Тамыр - өсімдіктердің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар
Өсімдіктердің минералды қоректенуі Топырақ - өсімдіктердің су және қоректік элементтер алатын жердің үстіңгі құнарлы қабаты. Өсімдіктер топырақтан: 1) макроэлементтер (калий, фосфор, азот және т. б); 2) микроэлементтер (бор, кальций, магний, күкірт,
Тест жауаптарымен (дүниетану 2 сынып)
Тест жауаптарымен (дүниетану 2 сынып)
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Басенова Ақмарал Камаловна
Табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктердің байланысы
Табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктердің байланысы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктердің байланысы туралы мағлұмат беру. Табиғаттағы зат айналысымен таныстыру. Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін және ойларын толық жеткізе білу, өздігінен, топпен жұмыс істеу дағдыларын
Өсімдікке топырақ керек
Өсімдікке топырақ керек
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қойшибаева Хадиша Оңғарқызы
Топырақ
Топырақ
Жезқазған қаласындағы №10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбіш Жансая Нөпірбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×