Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сен және сенің достарың

12 наурыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Сен және сенің достарың»
Мақсаты: Балалардың достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау. Достарға деген қарым – қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір - біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету.
Міндеттері:
1. Оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру;
2. Өзіндік пікір айта алатындай орта құру.
3. Тақырып бойынша білім беру.
Күтілетін нәтижелер:
• Оқушылар достық ұғымымен кеңірек танысады;
• Берілген тапсырманы талдап түсіндіру мен пікір алмасу орын алады;
• Жеке, жұппен, топта жұмыс істеуге, бірін бірі тыңдауға, құрметтеуге дағдыланады.
Көрнекі құралдары: жүрекшелер, инт. тақта. мультфильм.

Мұғалімнің сөзі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келді. Бүгін қандай керемет күн. Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді ашық сабағымыздың «Шаттық шеңберіне» шақырамын.
- Балалар біз барлығымыз шеңберге тұрдық, біздің шеңберіміз қандай тамаша! Бізді достық пен сүйіспеншілікке шақыратындай.
Армысың досым,
Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).
Жер шарындай айналып,
Әлемге жарық ұқсайық (айналады).
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық (құшақтасады).
- Балалар, бүгін біз «Достар қаласына» қаласына мейірімділік жолымен барамыз.
Осы қалаға тапсырмаларды орындағандар ғана кіре алады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ой қозғау стратегиясы.
Мектепте:
Әр топ ойларын айтуға дайындалады.
• ұжымның ойын ортаға салу.
Бірінші топ: Мектепте не бар?
Екінші топ: Мектеп қызметкерлерінің міндеттері?
Үшінші топ: Оқушының міндеттері туралы.
Төртінші топ: Біздің мектебіміз.
Слайдтан көрсету.
- Осы мектептен біз ДОС табамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Мағынаны ашу сатысы. Мақалды талдау.
— Балалар, «Доссыз адам – тұзсыз тағам!» деп бекерге айтылмаған. Ендеше, « ДОС» сөзіне дәм кіргізейікші, ол қандай болу керек, ол кім? Оның қазір көркі болмай, шуақсыз көңілсіз күндей, оған қасиеттер кіргізіп нұрын шашардай күндей етейікші. ( тақтада берілген күн « ДОС» сөзіне « шуақтарын» жазу )
Жолдас Адам, сыр бөлісетін адам
сенімді ДОС көмекші, мені өте жақсы түсінетін адам
қамқоршы қиындықта бірге болар
қандай жағдай болмасын бірге болатын адам
Дәптермен жұмыс. Тақырып жазылады.
Сабақтың мақсат - міндеттерімен танысу

Мәтінмен жұмыс. Мәтінді толық оқып шығу.
— Жеке оқу;
— жұпта талдау;
— топта талқылау. Мәтінді оқи отырып, білетіндеріне «√» белгісін, ал жаңа ақпарат болса, «+» таңбасын қояды.
Интерактивті тақтадан слайдтар көрсетіледі.
• Ендеше, бір - бірімізбен қол алыса отырып, өз ұранымызды айтайықшы.
Дос болайық бәріміз,
Жарассын достық әніміз.
Иықтасып жүрейік,
Қиындықта бәріміз. ( қимылмен көрсету )
Әр топ берілген сұрақтарға жауап береді:
1 - топ: Атасы Маратқа не үйретті?
2 - топ: Адамдармен жақсы қарым - қатынас жасау ережесін айт.
3 - топ: Достармен ізгі қарым қатынас жасаудың қандай ережелерін білесің?
4 - топ: Қазақ халқының қандай дәстүрлері бар?

Жаңа сабақты бекіту.
Ойтолғаныс сатысы.
Жаңа ақпарат
Айнымас дос деген адал дос деген түсінікті де береді. Досы уәдесіне берік болса, қандай жағдайда да досымен бірге болса, қолынан келген көмегін аямаса, оның көңілін көтеріп жабырқағанда қасынан табылса, ол әрине айнымас дос. Балалар достықтың екі түрі болады екен. Біріншісі – адал достық, екіншісі айнымалы алдамшы достық. Біздер сол екі достықтың қайсысын таңдаймыз. Олай болса, балалар бір – бірімізге адал дос болайық.
Топтар достық туралы мақал - мәтелдер айтады.
Жағдаяттарды талдау.
1 - оқиға. Сендер досың екеуің керісіп қалдыңдар. Бұл жағдайды жанжалсыз
қалай шешер едіңдер?
2 - оқиға. Сыныптастарыңның біреуі ауырып, ауруханаға жатып қалса, оған қалай көмектесер едің?
3 - оқиға. Егер жақын досың сені сатып кетсе, не істер едің?
«Автор орындығы» стратегиясы. «Мен адал доспын» тақырыбына эссе жазу.
Достық ережесін шығару.
- Қиын кездерде бір - біріне көмек көрсетіңдер.
- Досыңды алдамай оған адал бол.
- Досыңды қорлама.
- Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
- Досыңның кемшілігін кешіре біл.
- Балалар, достық адамдар арасында ғана емес, ұлттар арасында, мемлекеттер арасында да болады. Біз Қазақстан дүние жүзі елдерімен достық қарым - қатынас орнатудамыз. Бірлігіміздің, достығымыздың арқасында қазір бірлігі жарасқан елміз.
Тыныштық сәті
- Ал, енді көздеріңді жұмып отырыңдар, мен әдемі әуен қоямын, ал сендер оны тыңдап өз достарыңа қандай жақсылық тілейтіндеріңді ойлап, жазыңдар.
(Балалар жапыраққа жазып, гүлді көркейтеді)
«Достық» әнін айту.
Достар қаласына келдік, ол қалаға саяхат жасайық. «Достар қаласы» мультфильмінен үзінді көрсету.
ІҮ. Бағалау
Ү. Үйге тапсырма:
8 775
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Достық - ұлы ұғым
Достық - ұлы ұғым
Достық туралы жақсы пікір қалыптастыру, балалардың достық ой - пікірлерін дамыту, достықты қадірлей білуге тәрбиелеу, адал дос таба білуге баулу, балалардың арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - бірлерін сыйлауға, адал дос болуға үйрету.
Достық қымбат өмірде
Достық қымбат өмірде
Балалардың «дос», «достық» құндылықтары туралы түсініктері кеңейеді
Достық неден басталады
Достық неден басталады
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, "Ақбота" балабақшасы Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Дощимова Жемісхан Қаратонқызы
Дос болайық бәріміз
Дос болайық бәріміз
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Мичурин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кукеева Орынкуль Исмагуловна
Біз достықты сүйеміз
Біз достықты сүйеміз
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбіш Жансая Нөпірбайқызы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×