Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік 12 - 16 жаттығулар

13 наурыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістік 12 - 16 жаттығулар (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік. Оқушылардың етістік туралы жыл бойы алған білімдерін пысықтау, қорытындылау. Сөйлемдерден етістікті табуға, етістіктің түрлерін ажырата білуге, дара етістікті күрделі етістікке айналдыруға арналған тапсырмаларды орындау;
ә) дамытушылық. Оқушылардың зейінін, шығармашылық белсенділігін, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
б) тәрбиелік. Оқытудың өмірмен байланысын нығайту, шыдамдылыққа, сауаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың типі: алған білімдерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Принциптері: бірізділік, жүйелілік, ғылымилық.
Әдістері: қорытындылау, сұрақ - жауап, ойындар, венн диаграммасы.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмінің видеосы, жауап парақшалары.
Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Болжамдап отырған нәтиже: Етістіктің түрлері дара және күрделі етістікті меңгерген жеке тұлға қалыптастыру

Сабақтың жоспары:
І. Бағдарлау – мотивациялық кезең(3 минут)
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Психожаттығу
3. Оқушылардың қызығушылығын ояту
4. Үй тапсырмасын тексеру (10 минут)
5. Үй тапсырмасын бекіту «Миға шабуыл» ойыны бойынша
ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең ( 20 минут)
7. Ертегі еліне саяхат
8. 12 - жаттығу
9. 13 - жаттығу
10. Видео көру арқылы эссе жазу
11. Сергіту сәті
12. Көрініс
13. 15 - жаттығу
14. Венн диограммасы

ІІІ. Рефлексиялық – бағалау кезең (10 минут)
15. Сурет бойынша сабақты қорытындылау
17. Үйге тапсырма (1 минут)
18. Оқушыларды бағалау(1 минут)
Сабақтың барысы:

І. Бағдарлау – мотивациялық кезең
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, түгендеу.
2. Психожаттығу
- Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ. Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Сендердің ақылды, тапқыр, білімді екендеріңді көруге келді. Өз білімдеріңді аянбай көрсетіңдер.
3. Оқушылардың қызығушылығын ояту.
Мұғалім ---------- Балалар /хормен/
Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық
4. Үй тапсырмасын тексеру.
10 - жаттығу. Ұйқасын тап.
Тастан тасқа секіріп,
Жем тереді кекілік.
Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы арыстан.

5. Үй тапсырмасын бекіту "Миға шабуыл" ойыны
- Етістік дегеніміз не?
- Етістіктің түрлерін ата?
- Дара етістік дегеніміз не?
- Күрделі етістік дегеніміз ше?
Ойсергек
Бұдыр - бұдыр балшықты.
Жинады да талшықты.
Ұқсатып қамытқа.
Үй салады жабыққа. (Қарлығаш)
Балалар, бұл жұмбақтың шешуі қарлығаш деп жауап береді.
- Дұрыс айтасыңдар балалар

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу минуты.
Енді дәптеріңді ашып, бүгiнгi күндi, сынып жұмысын жазып қойыңдар.
« Қарлығаш» сөзіне сөйлем құрап, бiр жолға көркем етіп жазып қояды.
- Балалар біз өткен сабақта көктемнің келетінін, көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек туралы айтқанбыз. Бүгінгі сабағымызда құстар туралы әңгімелемекпіз.
«Ой қозғау стратегиясы»
- Көктемде құстар не істейді?
- Қандай құстар ұшып келеді?
- Балалар сендер қарлығаштың қандай құс екенін білесіңдер ме?
- Балалар, қарлығаш ұясын үйлердің іргесіне немен салады деп ойлайсыңдар?
Шөп - шалаңмен қалап балшықпен салады деп жауап берді балалар.
- Ия, дұрыс айтасыңдар балалар.
Қарлығаш үйлердің іргесіне туқұйрық араласқан лаймен лайлап, қабырғасына шөп – шалаң қалап оның ішіне мамық төсейді. Ондай ұя әрі шыдамды, әрі жылы болады деп балаларға түсіндіріп өтемін.
- Ендеше біз бүгінгі сабағымызда екі топқа бөліндік.

І. топ «Дара етістік»
ІІ. топ «Күрделі етістік»
Осы топтар өзара жарысып, тапсырмалардан мүдірмей өткен топқа қарлығаштарды беріп отырамын. Қайтоп қарлығаштарды көп жинайды екен, оны сабағымыздың соңында көреміз.
ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең

6. Ертегі еліне саяхат
- Балалар біз бүгін «Ертегі еліне» саяхаттаймыз. Ертегіні сендер ана тілі сабағында, үйді оқып тыңдап жүрсіңдер. Ертегі тыңдамаған жер жүзінде адам жоқ шығар. Бұл адам баласымен бірге жасап келе жатқан көркем дүние екен. «Ертегі елі» бізге тосын сый жасапты. Бізге қызықты ертегіні ұсынбақшы екен. Бірақ оны жалмауыз кемпір сыйқырлап тастапты. Ол үшін біз кедергілерден өтіп «Ертегі елінің» ертегісін көреміз.
- Ал балалар кедергілерден өтіп ертегіні көруге дайынбыз ба?
- Жалмауыз кемпірден қорқпаймыз ба?
Олай болса ертегіні бастайық. (Экранда «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі 2мин көрсетіледі.) Әрі қарай көру үшін мына тосқауылдан өтейік.

Дәптермен жұмыс
12 жаттығу. Көп нүктенің орнына етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Жыршы жыр жырлайды. Ақын өлең шығарады. Дәрігер ауруларды емдейді. Мұғалім балаларды емдейді. Сауыншы сиыр сауады.
(Тез әрі нақты жауап берген топқа қарлығаштың суретін беремін)
Олай болса ертегіні әрі қарай жалғастырайық.. (Экранда («Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі 2мин көрсетіледі.) Әрі қарай көру үшін мына тосқауылдан өтейік.
13 - жаттығу. І. топ. Көп нүктенің орнына дара етістікті тауып жаз.
ІІ. топ Күрделі етістіктерді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.
Келді - келе жатыр, келе бастады.
Жазды - жаза алады, жазып жатыр, жазып жүр.
Тоқыды - тоқи алады, тоқып отыр, тоқи бастады.
Кел - барып кел, бара кел.
Ауылға қонақтар келе жатыр. Әжесі немерелеріне нәски тоқи бастады.
(Тез әрі нақты жауап берген топқа қарлығаштың суретін беремін)
(«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі 2мин көрсетіледі.) Әрі қарай көру үшін мына тосқауылдан өтейік.
14 - жаттығу. Видео бойынша «Қарлығаш - киелі құс» эссе жазу. Эсседен етістіктердің дара немесе күрделі екендігін айт. Екі топ орындайды.

Қарлығаш – айыр құйрықты, қанаттары ұзын, әрi үшкiр келетiн, шағын денелi қара ала құс. Қарлығаш сөзi «қара», «ала», «құс» деген сөздердiң кiрiгуiнен шыққан. Торғайлар отрядына жататын құс тұқымдасы. Басқа құстардан бiр айырмашылығы – жемiн ұшып жүріп ұстайды. Суды да ұшып жүрiп iшедi. Бауыры ақшыл, арқасы қоңыр, жасыл жылтыр.
Қарлығаш – пайдалы құс. Зиянды насекомдарды, әсiресе, шыбын-шiркейдi өте көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтiредi. Ата - бабаларымыз қарлығашты ежелден жақсы көрген. Қарлы¬ғаштай сүйкiмдi, еңбекқор, ақылды болсын деп, қыздарына Қарлығаш деп ат қойған. Қарлығашқа көптеген аңыз - ертегi, мақал - мәтел, жұмбақтар, жыр жолдарын арнаған. Аңыз - ертегiлерде қарлығаштың адамдарға жасаған көмегi айтылады. Мысалы, «Қарлығаштың құй¬рығы неге айыр?» ертегiсi, Төле бидiң қалай «Қарлығаш би» атанғаны туралы аңыз… Қарлығашқа қатысты көптеген ырым - жорамалдар да бар. Мысалы:
Қарлығаш биiктеп ұшса – күн ашық болады.
Жер бауырлап ұшса – жаңбыр жауады.
Қарлығаш жылы жақтан оралған кезде қораға қонса, қой егiз туады. Ақ мол болады. Ал үй жақтауына немесе шатырына қонса, сол үйдiң жан басы көбейедi. Түсiңде қарлығаш көрсең бақытқа кенелесiң…Олай болса, балалар, қарлығашты қорғау – баршамызға ортақ iс екен.
Оқушыларға жазған әсселерін оқытамын. Мәтіннен дара және күрделі етістіктерді тауып сыздырамын.
- Төле бидің неге «Қарлығаш әулие» деп атануын білесіңдер ме?
Сергіту сәті
– Қарлығаштар самғасын,
Жұмыр жердi шарласын.
Жылы жақтан қайтқанда,
Қанаттары талмасын!
Шиқ – шиқ еткен қарлығашты.
Қорғамасаң болмайды.
Кіп – кішкентай қарлығаштар.
Адамдарды қорғайды.
(Тез әрі нақты жауап берген топқа қарлығаштың суретін беремін)
(«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильімі 2мин көрсетіледі.) Әрі қарай көру үшін мына тосқауылдан өтейік.
15 - жаттығу. Ертегіні оқы. Ертегіні пайдаланып, кестені толтыр.
«Түлкі мен шаян» ертегісе сахналық көрініс қою.
- Балалар ертегі не туралы?
- Бұл ертегіде түлкі қандай?
- Ал шаян ше?
- Біз түлкіні айлакер, қу деп танысақ мына ертегіде түлкіден де айлакер шаян
екен.
- Өмірде осындай адамдар бар ма?
Түлкі ---- Қу, өтірікші, айлакер, жабайы
Шаян ---- Кішкентай жәндік.
Екеуі де айлакер

Дара етістік
Кездестіреді, жүгірейік, тұр
Күрделі етістік
ұстап алады, жүгіре жөнеледі, зымырап жетеді

(Тез әрі нақты жауап берген топқа қарлығаштың суретін беремін)

ІІІ. Рефлексиялық – бағалау кезең
Біз жалмауыз кемпірдің тосқауылдарына қарамастан «Ертегі елінің» тосын сыйын көрдік.
- Бұл қай ертегі (Қарлығаштың құйрығы неге айыр?)
- Ертегі ұнады ма? (иә)
«Ертегі елімен» қоштасу
Біз бүгінгі сабағымызда көктем жаршысы қарлығаш туралы әңгімеледік. Біздің табиғатымызда басқа да пайдалы құстар бар. Олай болса сол құстарды көрейікші.

Сурет бойынша сабақты қорытындылау.
Тақтада бірнеше құстардың суреттері беріледі әр топ бір құстың суретін алып, образға кіреді екінші топ етістіктерді табады.
Мыс. Тоқылдақ - Тоқылдақ ормандағы түрлі зиянкестерді тазалайды.
Аққу - Аққуды атпа, досыңды сатпа
Бүркіт - Бүркіт ұясын биікке салады.
Бірқазан - Бірқазан балықтармен қоректенеді. т. с. с.
Үйге тапсырма:
16 - жаттығу, қарлығаш туралы өлең шығару
Бағалау:
Оқушылардың жиған қарлығаштарын санау, топты мадақтау. топ
жеңімпазын анықтау.
Кері байланыс
- Балалар сабақ ұнады ма?
- Несімен ұнады?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 990
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау. мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Етістік
Етістік
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №17 И. И. Трубицын атындағы ОМГ Алимсеитова Гүлнұр Айтқұлқызы
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гүлзада
Етістік
Етістік
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Панфилов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Намазбаева Айнаш Джексембековна
Етістік
Етістік
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің бастауыш калсс мұғалімі Сембі Кенжегүл Бақытқызы
Етістік 2 класс
Етістік 2 класс
Етістік туралы жыл бойы алған білімдерін пысықтау, қорытындылау. Сөйлемдерден етістікті табуға, етістіктің түрлерін ажырата білуге, дара етістікті күрделі етістікке айналдыруға арналған тапсырмаларды орындау;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×