Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақ боран

17 наурыз 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ақ боран.
Сабақтың мақсаты: 1. Мәтінге талдау жүргізе отырып, автордың негізгі ойын анықтау.
2. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндай білуге үйрету. Шығармашылық қабілетін дамыту. Сөздік қорын молайту.
3. Әңгіме желесіне орай оқушыларды ұғымтал, еңбекқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың жабдығы: Оқулық, дәптер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
А. Оқушыларды түгелдеу.
Ә. Сабаққа назар аудару.
Б. Қызығушылығын ояту.
II Үй тапсырмасын тексеру.
А. Аппақ қыс. Өлеңді жатқа сұрау. 2 - 3 оқушы.
Ә. Қыс туралы жазған әңгімелерін оқыту. 4 - 5 оқушы.
IIIЖаңа сабақ.
Жұмбақ шешу.
Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ ұлиды. Бұл не?
Боран.
- Ендеше, оқушылар бүгін біздер Жекен Жұмахановтың Ақ боран мәтінімен танысамыз.
Интерактивті тақтаға Жекен Жұмахановтың суретін көрсету.
А. Жекен Жұмаханов өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік беру.
Жекен Жұмаханов 5 желтоқсан 1913 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. Семейдегі педагогикалық техникумді бітірген.
1941 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Кеңес Одағының Батырлары Әлия мен Мәншүкті көзімен көріп тілдескен. Олар жайында очерктер жазған.

Ә. Мәтін бойынша түсіндіру, мазмұндау.
Б. Мәтінді кезектесіп оқыту.
В. Түсінбеген сөздермен жұмыс.
Сөздік жұмысы.
Екілене - желдің екпіндей соғуы.
Бүлкек - аттың желіп жүруі.
Интерактивті тақтада 3 топқа тапсырма жазылған.
1 топ. Қыстың суретін беретін тұстарды тауып оқы, әңгімеле.
2 топ. Жазушының боранға адамның қимылын бере суреттеген жолдарды тауып оқы, әңгімеле.
3 топ. Қасымның ішкі ойын беретін жолдарды тауып оқы, әңгімеле.
Әр топ берілген тапсырма бойынша өз ара талдап, 3 оқушы оқиды.

Сергіту сәті.
Секіреміз топ - топ
Шапалақтап көп - көп,
Иілеміз оңға қарай 1, 2, 3
Иілеміз солға қарай 1, 2, 3
Топтық жұмыс.
1 топ. Қыс туралы 5 жолды өлең.
1. Қыс.
2. Боранды, аязды.
3. Тоңдырады, үсіреді, бүрсеңдетеді.
4. Аққала жасап бала мәз.
5. Қар.
2 топ. Қыс қызығы тақырыбында сурет салу.
3 топ. Қыс туралы мақал - мәтел.
Қыс азығын жаз жина.
Қыста арбаңды сайла,
Жазда шанаңды сайла.
Ақ қар көп болса -
Ақ нан көп.

Ауа - райы туралы халық болжамдары.
Жылқы оқыранып жусаса, боран соғады.
Жылқы жазда ыққа қарап жусаса, қыс қатты болады.
Жылқы ішін тартса, ауа райы бұзылады.
Қой қораға еркін кірсе, қыс жайлы болады.

IV Жаңа сабақты қорытындылау.
1Әңгімеде жылдың қай мезгілінде болған оқиға айтылады?
2 Қасым қайда оқиды?
3 Ол нені есіне алады?
4. Қасымның боранда адаспауына не себеп болды деп ойлайсың?
5. Өзің Қасымның орнында болсаң не істер едің?
V Үйге тапсырма беру.
Мәтінді түсініп оқу.
VIБағалау
8 947
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Абай Құнанбаев ʻʻҚысʼʼ
Абай Құнанбаев ʻʻҚысʼʼ
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмір оның шығармалары туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңнің мазмұнымен идеясын ашу.
Ақ боран. Ж. Жұмаханов
Ақ боран. Ж. Жұмаханов
Жекен Жұмаханов туралы шағын түсінік беру. Жазушының шығармаларымен таныстыру. Әңгіме мазмұнын ашу, негізгі кейіпкерді айқындата отырып, идеялық мазмұнын түсіндіру.
З. Шүкіров «Арпалыс»
З. Шүкіров «Арпалыс»
Сөздік жұмыс: арпалыс - табиғаттағы қиындықпен күресу, ықтау - боран тимейтін жерге паналау. ақтүтек - қарды оңды - солды ұшырған қатты боран.
Ақ боран. Ж. Жұмаханов
Ақ боран. Ж. Жұмаханов
Жекен Жұмахановтың өмірбаянымен, «Ақ боран» мәтінімен таныстыру. Мәтінге талдау жүргізе отырып, автордың негізгі ойын ашу. Оқушыларға бағыт, бағдар бере отырып, өздіктерімен жұмыс істеу. Ой - өрісін дамыту, білім іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Ер еңбекте сыналады. Жекен Жұмаханов
Ер еңбекте сыналады. Жекен Жұмаханов
Мәтін мазмұнын түсініп оқу, мәтіндегі негізгі ойды өздігінен ашу; Мәтін кейіпкерлерін өмірдегі адам қасиеттерімен байланыстыру және салыстыру.
Еңбекпен тапқан тиын (грузин ертегісі)
Еңбекпен тапқан тиын (грузин ертегісі)
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абдуллаева Қарлығаш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×