Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Сауысқан мен көкек" ертегісі

17 наурыз 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі. 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Сауысқан мен көкек» / ертегі/
Түрі: Дамытпалы сабақ.
Типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың негізгі үш мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ертегідегідей негізгі оқиғаны, идеяны ұғындыру. Құстар туралы білімділерін кеңейту. Заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін жетілдіру. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жан - жақты ойлауға үйрету.
Дамытушылық. Балалардың сын тұрғысынан ойлауын, болжау стратегиясын пайдаланып, дәлелді сөйлеуге, дискуссия жүргізе білуге үйрету. Оқушылардың есте сақтау танымдық қабілеттерін дамыту. Сөйлеу мәдениетін, оқу мен жазу дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік. Оқушыларды жаман әдеттен (еріншектік, жалқаулық) аулақ болуға, керісінше еңбекқор, әскер, жұмыскер, тиянақты, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Оқытудың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, понарамалық / әңгімелеу/, дискуссия, ассоциациялық әдіс, жазбаша, ауызша, ойын, көрнекілік, диалогті сөйлеу, өзіндік жұмыс, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, / плакат/ «Ауыл көрінісі», дидактикалық материалдар (құстар, ұялар, жемсауыт, талдар), тест тапсырмалары. Кестелер «Ой қозғау», «Ассоциациялық аймақ құру, құстардың атрибуттары» (қаз, тауық, сауысқан)
Пәнаралық байланыс: дүниетанумен, өмірмен табиғатпен.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Музыка ойналып «Көктем» әні айтылады. /2 мин/

ІІ. Өткен сабақты пысықтау / 10 мин/
Балалар, алдыңғы сабақтарда біз көктем, құстар туралы әңгіме, өлең оқыған болатынбыз. Міне, біздің жаққа да көктем мезгілі келіп жетті. Сонымен бірге құстар да келіп жатыр.
Біз құстарға көктемде қандай көмек жасаймыз? (ұя жасап ілеміз, жем береміз)
Ендеше, қазір «Құстарға көмектесе аламыз ба?» деген ойын ойнайық
1 - тапсырма: Қазақстан Республикасының рәміздерін ата
2 - тапсырма: Төрт түлік туралы қандай мақал - мәтел білесің?
3 - тапсырма: Әдептілік туралы мақал - мәтел айт
4 - тапсырма: Тоқылдақ қандай құс?
5 - тапсырма: Торғай өлеңін жатқа айт.
6 - тапсырма: Жаңылтпаш айт (төрт түлік туралы)

ІІІ. Жаңа сабақты таныстыру
«Ой сананы жетілдіру» /3 мин/
Сыныпты үш топқа бөлу, тапсырмаларды орындау арқылы жаңа сабақтың атауын табу.
1 - топ: Мына өлеңнің ұйқасын тап!
Ала қанат... /сауысқан/
Өлексе жеп.../тауысқан/

2 - топ: Жұмбақтың шешуін тап.
Қайталап атымды
Ән салып аламын
Кез – келген ұяға
Жұмыртқа саламын /көкек/

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
«Сауысқан мен көкек» /ертегі/

3 - топ: Ассоциациялық аймақ құру.

Сауысқан – құс, қара ала түсті болады
Көкек – құс, сұр түсті болады

Отырықшы құс жыл құсы
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру. /20мин/
а) Оқулықпен жұмыс. /Ертегіні тізбектей оқыту/
ә) Интерактивті тақтамен жұмыс.(Ертегі мазмұнына сай суреттер көрсете отырып, сұрақтар қойылады)
- Сауысқан мен көкек не жайында әңгімелесіп отыр екен?
- Көкектің қандай ойы болды?
- Сауысқан ұяны қалай салды?
- Ол қандай құс? Көкек қандай құс?
б) Ой қорыту.
- Ертегіден қандай ой түйдіңдер?
/жалқау болмай, еңбекшіл, іскер болу керек/

Г) Ой толғаныс. Сын тұрғысына ой қозғау
І топ Дискуссия
Сауысқанға мінездеме бер.
Сендер сауысқанға ұқсағыларың келе ме?
Неліктен?

ІІ топ. Пікір
Сендерге көкек ұнай ма?
Не себепті ұнамайды?

ІІІ топ. Ситуация
Егер сендер көкектің орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Сергіту сәті. «Көкек» әні
Д) Дәптермен жұмыс 88 - жаттығу
«Мектеп ауласына тал отырғызайық» ойыны арқылы орындалады.

Кім? Не?
Егінші Соқа
Бақташы Трактор
Сауыншы Сиыр
Ұста Тырма

V. Бекіту. 1) Көрініс /3 мин/
Құстардың айтысы (Дүниетанумен байланыс)
«Қаз, тауық, сауысқан»
Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?
Ертегі ұнады ма? (Сауысқан қандай құс? Ал, көкек ше?)
Құстардың қандай пайдасы бар?
Тестімен жұмыс. /9 мин/
№1. Сөйлем неден құралады?
А) сөзден ә) әріптен Б) дыбыстан

№2 «Жолбарыс» сөзінде неше буын бар?
А) 3 ә) 2 б) 4

№3 Жуан дауыстылар қатарын белгіле:
А) а, ә, ы, у.
Ә) а, е, о, у, ы
Б) а, о, ы, ұ
№4 Тасымалдауға болмайтын сөздің қатарын тап

А) аю, ою, ұя
Ә) астық, арқа, тауық
Б) ер, шығыс, алтын

VІ. Үйге тапсырма. 87 - жаттығу
Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазу. Ертегіні рольге
бөліп оқып келу /2 мин/
VІІ. Бағалау. Оқушылардың білімдерін саралап бағалау /2 мин/
14 872
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сауысқан мен көкек
Сауысқан мен көкек
Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя керек», «ұя керек», - деп, көршілерінің мазасын кетіреді.
Бәйшешек. Жауқазын. Заттың атын білдіретін сөздер
Бәйшешек. Жауқазын. Заттың атын білдіретін сөздер
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сағызбаева Татти
Заттың атын білдіретін сөздер. Сауысқан мен Көкек. Жұмбақ.
Заттың атын білдіретін сөздер. Сауысқан мен Көкек. Жұмбақ.
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Джаменова Венера
Қызғалдақ пен қара сора
Қызғалдақ пен қара сора
Қызылорда болысы, Арал ауданы, Аралқұм стансасы, №61 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Гульмира Олжабаевна
Сауысқан мен Көкек
Сауысқан мен Көкек
Сабақтың тақырыбы: Сауысқан мен Көкек
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Нұраталды ауылы, Нұраталды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Асанова Куляш Булкенкызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×