Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш

13 қазан 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Сөйлемнің негізгі мүшесінің бірі бастауыш туралы түсінік беру. Бастауышты сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
2. Дамытушылығы: Шығармашылық қиялын, сөздік қорын молайтып, есте сақтау дағдыларын, ой белсенділігін дамыту.
3. Тәрбиелігі: Сауаттылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, әдемі сөйлеуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау, жинақтау.
Көрнекілігі: тірек схема, суреттер, карточкалар, тест,
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жағдаят тудыру.
Жаны сұлу,
Жүрегі жылы.
Білімді де қажырлы
Азамат болып өсіңдер!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Оқушылардың жазып келген жаттығуларын нұсқауларына сәйкес оқытып, талдау. 19 - жаттығу.
Тігіншіні инесі асырайды. Ұстаздан шәкірт озар. Жақсы жан сөзге семірер.
- әр сөзге сұрақ қою.

2. Оқушылардың білімдерін шағын тест арқылы тексеру:
1. Сөйлем мүшелері дегеніміз;
а) Сөйлем құрамындағы кез келген сан;
ә) Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөз;
б) хабарлы сөйлем.

2. Сұраулы сөйлемді тап.
а) сен кел
ә) сабағына дайындалдың ба.
б) үйге қайтайық

3. Дұрыс құрастырылған сөйлемді тап.
а) әңгіме ұнады бәрімізге қызықты.
ә) қызықты әңгіме бәрімізге ұнады.
б) ұнады қызықты әңгіме бәрімізге.

4. Лепті сөйлемді тап.
а) Үлкен рахмет
ә) Тағы келдің бе
б) Асан жүрді

5. Сөйлем неден құралады?
а) бірнеше сөзден
ә) дыбыстан
б) әріптен
Көркем жазу. Бб Бб Бб Бб
Бояу Ботагөз балалар барабан арбакеш бұлбұл

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақты түсіндіру:
Бастауыш - сөйлемнің негізгі мүшесі. Кім? не? кімдер? нелер? Сұрақтарына жауап беріп, қимыл, іс - әрекет иесін білдіретін сөздерді бастауыш дейміз. Мысалы: Күн суытты. Боран соқты.

ІV. Оқулықпен жұмыс.
Жаттығу жұмыстарын жүргізу.
22 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздердің астын сыздыру, оларға сұрақ қойдыру. Бұл сөздер қимыл иесі екенін байқату.
23 - жаттығу. Бір оқушы тақтада, қалғандары орындарында отырып орындайды.
Қимыл иесі болатын сөздердің астын сыздыру, оларға сұрақ қойдыру.

V. «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны. Жұмбақ шештіріп, жатқа жазғызу.
Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды. (Күз). Әр сөйлемдегі бастауышты таптыру.

VІ. Сергіту сәті.
Кім? не? сұрағына жауап беретін сөздер арқылы қатар бойынша жарыс жүргізу.

VІІ. Шығармашылық тапсырма. Адасқан бастауыштарды өз орнына қойып жаз. «Не қалай дыбыстайды»
1. Арыстан боздайды. Түйе мөңірейді. Жылқы ақырады. Қой кісінейді. Сиыр маңырайды.
2. Карточкамен жұмыс.
К - 1
Сөйлемде бастауышты тап, астын сыз, сұрақ қой.
Айбек сабақ оқыды. Жандос жейде киді. Марал әдемі көбелек ұстады. Әже бауырсақ пісірді. Мектепте бүгін мереке өтті.
К - 2
Сөйлемдерден бастауышты тап, астын сыз, сұрақ қой.
Марат далада ойнады. Асқар әдемі сурет салды. Далада жаңбыр жауды. Балалар ойын ойнады. Әсем қызық кітап оқыды.

VІІІ. Топтық жұмыс.
1. Сурет бойынша әңгіме құрап жаз. Жазған сөйлемдерінен бастауышты тапқызу.

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,
Егіндібұлақ селосы №43 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Мухаметжанова Д. Т.

Толық нұқсасын жүктеу
14 925
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру, екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру. Сөйлем ішінен біріккен сөздерді таба білуге, әртүрлі түбірлерден біріккен сөздер жасап алуға үйрету.
Бастауыш
Бастауыш
Оқушыларға сөйлемнің негізгі мүшесінің бірі бастауыш туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін және сөздік қорын молайтып, ой белсенділігін дамыту.
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері
Оқушыларға сөйлем мүшелері туралы мәлімет беріп, сөйлем мүшесінің құрамына қарай және атқаратын қызметіне қарай таныстыру Тіл мәдениетін дамыту, сауаттылыққа баулу
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлем, сөйлем мүшелері, олардың дара және күрделі түрлері туралы білімдерін нығайта отырып, оларды сөйлем ішінен дара және күрделі сөйлем мүшелерін табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері
Атырау қаласы, И. Тайманов атындағы № 27 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Отаршиева К. А.
Жай сөйлем түрлерін қайталау
Жай сөйлем түрлерін қайталау
Оқушылардың жай сөйлемнің қайсысына қарай бөліну түрлері бойынша алған білімдерін бекіту, еске түсіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×