Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Бала тілі - бал" интеллектуалды ойын

21 наурыз 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Бала тілі – бал
Мақсаты: Балалардың шапшаң, тез ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларға тест сұрақтары арқылы логикалық ойлау қабілетін дамытумен қатар, еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Әдіс - тәсілдер:Сұрақ - жауап
Көрнекілігі:проектор, бейнесюжет, слайд - шоу
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі
: Амандасу
Қымбатты әріптестер, қонақтар және біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз! «Бала тілі – бал» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Сайысымызға 5 топ қатысқалы отыр. «Білімді мыңды жығар, білікті бірді жығар»- дегендей ортаға сайыскер топтарымызды шақырып алсақ.
топтарды ортағы шақырып таныстырамыз
Сайысты бастамас бұрын сендерге баға беретін әділқазылармен таныс болайық. Төрт құбыламыз тең болған сияқты, олай болса сайысымызды бастайық.
Балақайлар ең алдымен сайыс ережесімен таныстырайын:

Сайыс 3 айналымнан тұрады:
1. Ширату,
2. Ойлан тап,
3. Бұл кім?
Ендеше 1 - ші бөлімге кезек берейік. «Ширату»
Ойынның шарты: Балақайлар мен сендерге ойынның ережесін түсіндіріп өтейін. Сендерге теледидардан кішкентай бүлдіршіндер бір зат атаулысын суреттеп, сипаттап айтып береді сендер соның қандай зат екенін табуларын керек. Ойынның шарты түсінікті ме?
1 - ші бейне сұрақ: көктем
2 - ші сұрақ: бәйшешек
3 - ші сұрақ: ана
4 - ші сұрақ: әже
5 - ші сұрақ: алтын
Ұпай санарын қорытындыласақ.
Ендеше 2 - ші бөлімге кезек берейік. «Ойлан, тап»
Мен сендерге тест сұрақтарын жасырамын. Ол сұрақтар сендердің өткен оқу іс-әрекеттеріңдегі тақырыптарға байланысты болмақ. Сұраққа бірінші жауап беру үшін, алдарыңызда тұрған әуенді ойыншықтың тетігін басасыңдар. Дұрыс жауапқа үш ұпай, жауап бермеген жағдайда ұпай берілмейді.
1 - сұрақ: Төрт буынды сөз неше тәсілмен тасымалданады?
А) 2 тәсілмен
Ә) 3 тәсілмен
Б) 4 тәсілмен
2 сұрақ: Бөртегүл нелердің қатарына жатады?
А) ағаш
Ә) бұта
Б) шөп
3 сұрақ: Тасымалданбайтын 1 дыбысты буыны бар 2 буынды сөзді тап?
А) оқ
Ә) киік
Б) елік
4 сұрақ: Ерте көктемде жаппай көктеп, гүлдейтін шөпті тап?
А) қалампыр
Ә) раушангүл
Б) өгейшөп
5 сұрақ: Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы
2 балық ұшып келді.
Барлығы неше балық болды?

Екіінші бөлімнің ұпай сандарына кезек берсек....
Балақайлар көзді ашып жұмғанша 3 - ші бөлімге де келіп жеттік.
Үшінші бөлім: «Бұл кім?»
Ойынның шарты мынадай бұл бөлімді жүргізу үшін маған көмекші керек. Мына конверттің ішінде кім жасырынғанын табуларың керек. Ал мен көмекшім екеуміз өзара сұрақ қою арқылы сендерге бағыт береміз.
Бұл кімдер? Олар неше адамнан құрылған?
Оларды топ деуге бола ма?
Ол топты аспапты - эстрадалық топ деуге бола ма?
Қандай аспаптарды қолданады?
Кандай әндерін білесің?
Жауабы: МузАРТ» тобы. Осы топтың «Ана» әнін қарсы алыңыздар.
Үшінші бөлімді де аяқтадық, енді ұпай сандарымен таныс болайық. Жарайсыңдар балақайлар, қандай тапқыр едіңдер! Үш бөлімде де өздеріңді жақсы көрсетіп шықтыңдар! Осымен «Бала тілі - бал» атты интеллектуалды сайысымыз өз мәресіне жетті. Жарыс болған соң жеңімпаз болуы тиіс. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Балаларды мадақтау, марапатттау
7 391
0
  • 60
3 дауыс


Жаңалықтар
Ұшқыр ойлы топ атты сабақтан тыс өткізілген интеллектуалды сайыстың жоспары
Ұшқыр ойлы топ атты сабақтан тыс өткізілген интеллектуалды сайыстың жоспары
Балалардың ойлау қабілетін арттыру, ой - өрісін дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану. Математикаға ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Эстафеталық сайыстар
Эстафеталық сайыстар
Құрметті балабақша ұжымы мен кішкентай бүлдіршіндер, сіздерді «1 - маусым балаларды қорғау күніне» орай өткізіліп жатқан «Біз шыныққан балдырған» атты балабақшаішілік эстафеталық сайысымызға қош келіпсіздер. Ендеше эстафеталық сайысымызға қатысатын
Алтын сақа интеллектуалды ойын-сайыс
Алтын сақа интеллектуалды ойын-сайыс
Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
"Еңбек түбі - береке" еңбек күніне арналған сайыс
"Еңбек түбі - береке" еңбек күніне арналған сайыс
Құрметті әріптестер бүгінгі еңбек күніне байланысты «Еңбек түбі - береке» атты эстафеталық сайысымызға қош келіпсіздер!
Тіл мәртебесін ұлықтайық
Тіл мәртебесін ұлықтайық
«Құрылыс техникалық колледжі» МКҚК Өзін – өзі тану пәні оқытушысы Жангабулова Несибелди Кайдаровна
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×