Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есімді қайталау

07 маусым 2012, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Сын есімді қайталау»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін жинақтау, бекіту және қорыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып білім сапасын арттыру. Жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, әдемі жазуға, сөздік қорын, күнделікті сөйлеу тілін жетілдіру.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, сызбалар.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.

- Қазір бізде қазақ тілі мен информатика сабағынан кіріктірілген сабақ. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сын есімдерді қайталау. Сабағымыздың мақсаты: сын есім туралы алған білімдеріңді жинақтау, бекіту, қорыту, шығармашылық тапсырмалар орындау.
Сабағымызды бастамас бұрын, осы күн сәтті өту үшін бір - бірімізге жақсы тілектер тілейік:
Балалар: ақылды бол, білімді бол, ұқыпты бол, өнерлі бол, сұлу бол, жақсы бол, мәдениетті бол, әдепті бол, бақытты бол, үлгілі бол.
Мұғалім: Оқушы:

- Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісің? Тірлік, тілек, адамдық.
- Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.
- Олай болса, балалар сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.
- Бүгінгі сабағымыз «Бақытты сәт» деп аталады.
Бірінші сәт:

Ережені қайтала:
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Сын есім сұрақтарын ата.
3. Негізгі сын есім деген не ?
4. Туынды сын есім деген не?
5. Негізгі сын есімге мысал келтір.
6. Туынды сын есімге мысал келтір.
Екінші сәт:
«Бір сын есімге көп зат есім жаз»
Үшінші сәт:
«Көңілділер мен тапқырлар»
Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.
Тапсырмалар:

1.Өлеңді жаттау.
2.Дәптерге жазу.
3.Сын есімдерді табу.
4. «Көңілді» сөзін сөз құрамына талдау.
5. «Күміс жаңбыр төгілді» сөйлем мүшесіне талдау.
Төртінші сәт:
«Сын есімге зат есімнің лайықтысын жаз»
Өнерпаз шопан
түйінді бала
жүйрік суретші
әуесқой ой
таңдаулы адам
сөзшең ат

(Өнерпаз бала, түйінді ой, жүйрік ат, әуесқой суретші, таңдаулы шопан, сөзшең адам)
Сын есімдерді сөз құрамына талдау.
Бесінші сәт:
«Мақал-мәтелдерден сын есімдерді тап» ауызша.
1.Өтірік сөз өрге баспас.
2.Еріншек адамның ертеңі бітпес.
3.Жылы киім тәнді жылытар, Жылы сөз жанды жылытар.
4.Жалған сөз - жанға қас, Жалқау қойшы - малға қас.
Алтыншы сәт:

«Көсемділікке ұмтылу»
1.Қандай сұрағына жауап беретін сын есім (жақсы )
2.Заттың түсін білдіретін сын есім. (қызыл)
3.Қандай жолдас болады? (жаман )
4.Бөлме қандай болады? (кең )
5.Алма қандай болады? (сары )
6.Қай сұрағына жауап беретін сын есім. (шеткі )
7.Жемдеп тұрған мал қандай болады?
Жетінші сәт: Тест сұрақтары.
«Беске жету»

1.Сын дегеніміз не?
А) заттың аты
Ә) заттың түрі
Б) заттың қимылы
2. Сын есім сұрақтарын көрсет.
А) қандай? қай?
Ә) қанша? неше?
Б) не істеді? қайтті?
3. Туынды сын есімді көрсет.
А) сулы, күшті, білгіш
Ә) таза, әдемі, сұлу
Б) ақ, сары, көк
4.Сын есім нені білдіреді?
А) атын, орнын, мөлшерін
Ә) түсін көлемін, сапасын
Б) аумағын, көлемін, орындалғанын
5. Сын есімді тап.

А) келді
Ә) он
Б) әдемі
6. Негізгі сын есімді тап.
А) талапты, көлемді, икемді
Ә) жаңа, қызыл, ақ
Б) өнерлі, бойшаң, инабатты
7. Әдемі, сұлу, ұқыпты, ақшыл, қай сөз табына жатады?
А) зат есім
Ә) сын есім
Б) сан есім
8. Ақ, сары, қызыл сын есімдері
А) негізгі
Ә) туынды
Б) күрделі
9. Туынды сын есім неден құралады?
А) түбірден

Ә) түбір мен жұрнақ
Б) жалғау
10. Негізгі сын есім неден құралады?
А) түбір
Ә) түбір мен жұрнақ
Б) жалғау
Сабақты қорыту. «Мен қандаймын» ойыны
Шарты. әр оқушы өз аты қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын сын есімді өз атының алдына қойып айтып шығады.

Мысалы:
Әдемі Әсем
Сымбатты Сандуғаш
Үлгілі Үміт
Жайдарлы Жанна
Нұрлы Нұржан
Инабатты Ислам
Ақылды Аяш
Рақымды Рүстем
Әдемі Әсет
Алғыр Аманжол.
6 433
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі сан есім
Дара және күрделі сан есім
Сан есімнен алған білімдерін жинақтау, бекіту және қорыту, талдау түрлерін қайталау; тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, тіл байлығын жетілдіру; Әдемі, көркем жазуға төселдіру.
Сын есімді қайталау
Сын есімді қайталау
Ешбір жұрнақсыз түбір күйінде айтылатын сын есімді негізгі сын есім дейміз. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.
Дара және күрделі сан есім
Дара және күрделі сан есім
Бастауыш сынып мұғалімі Ермагамбетова Гульжанат Уразбаевна
Сын есім
Сын есім
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстауселосы, №11 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кайбуллаева Таниза Сайлауовна
Сын есім
Сын есім
Ақтөбе қаласы, № 3 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Құлжанова Ш. М.
Сан есім (2 сынып)
Сан есім (2 сынып)
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылы, К. Шакенов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абиленова Гульмира Сламхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×