Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өзен және көл

30 наурыз 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Өзен және көл
Мақсаты:
1. Өзен және көл туралы өткен сыныптардан, өмірден білетіндерін еске түсіру арқылы Қазақстанның өзендері мен көлдері жайында бастапқы түсінік қалыптастыру.
2. Судың пайдасы мен қасиеттері туралы білімдерін дамыту; дүниетанымын кеңейту. Оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Табиғатты қорғауға және аялай білуге, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдісі: сауалнама, сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, топтастыру, шығармашылық
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайдтар. Қазақстанның физикалық картасы, ғаламшар, сауалнама

Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық.
ІІ. Білімдерін тиянақтау
а) Сұрақ – жауап:
1. Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді?
2. Табиғаттағы суларды дәміне қарай жікте.
3. Жер ғаламшарындағы судың мөлшері қандай?
4. Тұщы су қайда кездеседі?
5. Тұщы суды қолдан қалай алуға болады?
6. Минералды сулар қалай пайда болады?
7. Сарыағаштың шипалы суы қашан ашылды?
8. Оның қандай пайдасы бар?
9. Адам ағзасында қанша су бар?

б) Жұмбақ шешу
1. Жылт - жылт етеді,
Жырадан өтеді.
2. Өзі судан жаралған.
Бірақ судан қорқады.
3. Көзге көрінгенімен,
Ұстасаң қолға ілінбейді.

ІІІ Қорытындылау

ІV Сергіту сәті
♦ 1. Туған жердің белбеуі
Шұбатылып қалыпты.
Керемет - ау кернеуі
Тасты тесіп, жарыпты.
♦ 2. Ауыл сыртында сайда
Жатыр үлкен айна.

Жаңа сабақ
а) Тақырыпты ашу
1) Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген оттай жанған жануарлар,
Өзеннен рахат тауып басылады.

Ел қыстап күн көреді жанабында,
Дәм болар алуан - алуан балығында.
Тас тас та, алтын тас та, сынамаққа,
Сонда да аққан өзен қалыбында.

2. Сұрақ - жауап:
• Су қайда кездеседі?
• Өзеннің ерекшеліктері қандай?
• Өзендер мен көлдер не үшін пайдаланылады?
• Жергілікті жерде қандай сулар бар?

ә) Түсіндіру (карта бойынша жұмыс)
• 1. Өркениеттің дамуындағы өзендердің рөлі: Қалалар, елді мекендер өзен жағасына салынады.
• Өнеркәсіп орындары да өзен маңына таяу салынады. Өйткені олар көп мөлшерде тұщы суды қажет етеді.
• Үлкен өзендер - аса маңызды қатынас жолы.
• Өзендерде ірі - ірі стансалар салынып, су күшінен электр қуаты өндіріледі.

2. Қазақстанның өзендері.
Олардың бастылары: Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Сырдария, Іле, Нұра, Сарысу, Торғай, т. б.

3. Көл суының қасиеттері:
• Тіршілік үшін маңызы жөнінен көлдер де өзендерден кем түспейді. Олардың ішінде теңіз деп аталатын үлкендері де бар. Каспий - көлдердің ең үлкені.
• Көлдер ойысты жерлердің суға толуынан пайда болған. Көл суларының аумағы, тереңдігі, қасиеттері алуан түрлі. Көлдерге өзендер құйып, буланған суының орнын толтырып отырады. Тұйық емес көлдерден өзендер ағып шығады. Ағынсыз көлдің суы тұзды болып келеді. Каспий көлдердің ең үлкені. Ауданы 371 000 шаршы км.
• Арал теңізі бұрын аумағы жөнінен дүние жүзіндегі көлдердің арасында 3 - орын алатын. Бұл күнде оның суы азайып кетті.
Дүние жүзіндегі ең таза, ең терең көл - Байкал. Тереңдігі - 1637 м. Оған 336 өзендер мен бұлақтар құйылып жатыр. Ал Байкалдан Ангара өзені ағып шығады. Аспанның көз жасынан жаралған сексен көлі бар - Көкшетау. Тәңірдің мейірімі түскен жер бетіндегі бір нүктесі. Мұнда адам өзінің ғарышпен байланысын сезініп, тылсым бір күйге түседі.
б) Оқулықпен жұмыс
Мәтінді бөлімдерге бөліп оқы
в) Топтық жұмыс.
І топ «Су - тіршілік көзі» тақырыбына шағын шығарма жазу
ІІ топ Су туралы мақал - мәтелдер, тыйым сөздер жазу
ІІІ топ Физикалық картамен жұмыс
Қазақстанда кездесетін үлкен өзендер мен көлдерді көрсету
ғ) Білім бекіту
• 1. Қазақстанның өзендері мен көлдері және олардың адам өміріндегі маңызын айтып бер.
• 2. Арал теңізіне, Каспий теңізіне және Балқаш көліне құятын қандай өзендерді білесің?
• 3. Жергілікті жерде қандай сулар бар? Оларды қандай мақсатқа пайдаланады?

VI Қорытындылау
1. Адам өмірі мен табиғаттағы судың маңыздылығы (топтастыр)
2. Сауалнама
3. Біз бүгін не үйрендік?
• VII Үйге тапсырма:
• 1. Мәтінді түсініп оқу.
• 2. Жергілікті жердегі өзен, көлдер туралы деректер жинастыру.
• VIIІ Бағалау
13 782
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Үнемшілдікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға ауаны, суды ластамауға шақыру. Қазақстандағы ірі көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу
Өзен мен көл
Өзен мен көл
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы, №2 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Медетбаева Алтынкуль Мыктыбаевна
Өзен және көл
Өзен және көл
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Ы. Алтынсарин атындағы № 204 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі Сулейменова Гульмира
Өзен және көл. Суды қорғау
Өзен және көл. Суды қорғау
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кайбулаева Таниза Сайлауовна
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Б. Нысанбаев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі: Мәшімбай Күнзипа
Табиғаттағы су айналымы
Табиғаттағы су айналымы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Медеуова Шалқы Бақытжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×