Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, құтты әліппем!

30 наурыз 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Қош бол, құтты әліппем!»
Сабақтың мақсаты: оқушылардың алған білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік, дағдыларын көрсету; тілін дамыту, сөздік қорын молайту; байланыстыра сөйлеу мәдениетін дамыту; ұқыптылыққа, жинақылыққа үлкендерді сыйлауға, сөздерін тыңдай білуге тәрбиелеу. Ойын арқылы ұйымшылдыққа, бауырмашылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, ойынға қажетті заттар.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, келген қонақтар! Бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды белі бесіктен шықпастан бастап жақсылыққа баулу, бойына ізгілік нұрын себу бүгінгі біздердің - ұстаздардың және ата - аналардың міндеті. Соның бір көрінісі - бүгінгі «Қош бол, құтты әліппем» ертеңгілігін көріп тамашалаңыздар.
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл - ойларын
Қуанышқа ортақпын
Құты болсын тойларын

Кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан бүгінгі шәкірттеріміз, ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық.
Күй ойналады.
1. Әдепті де, тәртіпті Еркежан
2 – оқушы: Мың бұралған бишіміз Жанерке
3 – оқушы: Біз қызықпыз, қызықпыз.
Сәл еркелеу бұзықпыз. Бекзат
4 - 0. Ерке, бірақ ақылды Сымбат
6 - 0. Үлкендерді құрмет, кішіге ізетті бола білетін Ернар
7 - 0. Көп оқитын
Оқығанын көңіліне тоқитын Томирис
8. Балалалығы бітпеген,
Ойынқұмар Аяулым
10. Елімізді өркендететін
Ана тілін көркемдететін Елік
11. Тиянақты, ұқыпты Әділжан

12. Тахмина қызың кең маңдай,
Әдемі екен ол қандай.
13. Сабырлы да салмақты
Әр ісіне ол нақты Амиржан
14. Сәулелі де сымбатты,
Сөйлегені тым тәтті. Ағжан
15. Сүйкімді қыз Гүлсін ай.
16. Жақсылықты жақтайтын,
Бәрін біліп жаттайтын Ерасыл
17. Жанып тұрған шырақтай
Сылдырлаған бұлақтай Айдынгүл
18. Көркем сөздің шебері Назерке

(музыка ойналады, ортаға оқушылар келеді)
1 - оқушы:
Армысыздар мұғалімдер, әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар

2 - оқушы: Міне, біз бүгін барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі – Әліппені бітіріп отырмыз.
3 - оқушы: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан сүйікті «Әліппемізді» бітірдік.
4 - оқушы: - Мен енді өзім - ақ оқып, жаза аламын. Ертегі, әңгімелерді өз бетіммен оқитын болдым.
5 - оқушы: Біздер көп нәрсе үйрендік: (барлығы қосылып) – кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
1 806
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тексеру 4 айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлерімен жан - жақты білімдерін ата - аналарға көрсету.
Қош бол, сүйікті Әліппем
Қош бол, сүйікті Әліппем
Ата - аналарға баланың 4 айда қандай білім игергенін іс - жүзінде көрсету. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға ана - тілін сүйіп қастерлеуге тәбиелеу
Қош бол, құтты әліппем!
Қош бол, құтты әліппем!
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Қ. Сәтбаев атындағы ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі: Кожагалиева Айнур Набигалиевна
Ақ жол ашқан Әліппе
Ақ жол ашқан Әліппе
«Ақ жол ашқан Әліппе!»
Қош бол, құтты Әліппем!
Қош бол, құтты Әліппем!
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №15 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Салтенова Нұргүл Сақтағанқызы
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш класс мұғалімі Бураханова Айгүл Абдулхаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×