Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Телефон – байланыс құралы

04 ақпан 2020, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Телефон – байланыс құрал
Сабақтың мақсаты: Оқушылар телефонның шығу тарихымен таныстыра отырып, телефон арқылы сөйлеу мәдениетін үйрету.
Өткен тақырыптарды қайталау арқылы оқушыларға сөзжұмбақ шешкізіп, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Жаңа сөздер арқылы сөздік қорын кеңейтуге ықпал ету.
Оқушыларды мәдениеттілікке, әдептілікке, қайырымдылыққа баулу.
Сабақтың түрі: ауызша журнал.
Сабақтың әдістері: сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау - жинақтау, көрнекілік.
Көрнекіліктер: телефон тәрізді журнал, Тапқышбектің суреті, сөзжұмбақ, сөздер, телефонның суреті.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу.
"Әдемі амандасады - үй жануары" амандасу жаттығуларын жүргізу.
II. Жаңа сабақ:
Кіріспе сөз: - Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Себебі, сабағымызға қонақтар және көптен бері бізге келмей жүрген Тапқышбек пен Білгішгүл қонаққа келіп отыр. Біз үйге келген қонаққа не дейміз: «Қош келдіңіздер!» дейміз.
Тапқышбек пен Білгішгүл бізге тапсырмалар алып келіпті тапсырма «Сөзжұмбақ». Кәне, бәріміз зер салайық. Сөзжұмбақтағы сөзді шешу үшін біздер мынадай сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруіміз керек.

Сөзжұмбақ:
1. Күніменен көше кезіп зырлайды.
Жолаушыға қызмет етіп, тынбайды. (Абтобус)
2. Анам менен әкемнің,
Анасы бізге кім болар? (Әже)
3. Бағдаршамның қандай көзі жанғанда машина тоқтайды. (Қызыл)
4. Бұл үйге көзсіз боп,
Басыңды сұғасың.
Бұл үйден білімді болып шығасың. (Мектеп)
5. Судан шашақ шомылады,
Су тоқтаса басылады. (Фонтан)
6. Кім көп болса жау алмайды? (Дос)
7. Ол ардақты асыл ас,
Аттамас оны кәрі – жас.
Ас дастархан үстінде,
Қол жумай оны ұстамас. (Нан)
1. А В Т О Б У С
2. Ә Ж Е
3. Қ Ы З Ы Л
4. М Е К Т Е П
5. Ф О Н Т А Н
6. Д О С
7. Н А Н
Олай болса, бүгін сабақта біз не туралы пікірлесеміз?
Телефон туралы.
«Телефон – байланыс құралы»
Алғашқы телефонды ойлап тапқан американдық ғалым А.Т.Белл. Ол құрылғыны 1876 жылы ойлап тапқан. Содан бастап адамдар оны байланыс құралы ретінде пайдаланылады.
Бірақ біз оны еріккеннен біреумен ойнау үшін немесе қорқыту үшін пайдаланбауымыз керек. Телефонды бұзақылық жасау үшін қолданған бірнеше бала туралы менің қолымдағы газетте жазылған.
• Егер үйде жалғыз қалып өрт шықса, телефонның қандай нөмірін тересің? (01)
• Бұзақылар, ұрылар мазаңды алса ше? (02)
• Бөпең немесе апаң ауырып қалса ше? (03)
• Егер үйде газдың иісі шығып тұрса ше? (04)
«Кел, сөйлесейік!» - дейді.
Ең алғаш телефон соққанда, телефон соғып тұрған адам не істеу керек? (Амандасу керек)
Соңынан ше? (қоштасып кету)
- Ал біз сөйлесе аламыз ба? Қане сөйлесіп көрейікші.
- Дәрігермен.
- Өрт сөндірушімін
- Апаймен. (Балаларды рөлге ендіріп сөйлету, сөйлеткендерін талдау. Қандай қате кетті?)
Телефондар әлеміне саяхат.
Телефонның әр түрімен таныстырып кету
• Қазір көп пайдаланып жүргеніміз – ұялы телефон.
Оның зиянын айтып кету және де оны 15 жастан кейін ғана пайдалануға болатынын түсіндіріп кету.(Телефон түрлері туралы мәліметтер қосуға болады.)
Алтын ақыл:
1. 20 минуттан артық сөйлеуі жөн емес. Бәлкім әлдекімге тығыз шаруамен телефон соғу керек шығар.
2. Егер сен нөмірді дұрыс термесең, кешірім сұра.
3. Сұхбатты бірінші болып телефон соққан адам аяқтауы тиіс.
4. Таң атпай немесе түнге қарай ерекше бір жағдай болмаса, телефон шалған дұрыс емес.

III. Сергіту сәті:
Телефон
Әй, телефон, телефон,
Мамаң келіп бұраса.
Кім керегін сұраса,
Тез шақырып келесің,
Айтқанына көнесің,
Әй, телефон, телефон,
Ал мен келіп бұрасам,
Кім керегін сұрасам,
Тыңдамайсың бірін де,
Гуілдейсің, мұның не?

IV. Қорытынды:
• Балалар, телефон туралы жұмбақ, тақпақ білесіңдер ме? (оқушыларға сөз беру)
• "Біздің үй телефоны" тақырыбына постер қорғату
V. Үйге тапсырма:
• Сөйлесіп үйрену
• Сөйлесу диалогын құрастыру

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,
Т. Жүргенов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Нурманова Жадыра Файзоллакызы
32 532
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғаламтор ұғымы
Ғаламтор ұғымы
Ғаламтор ұғымы кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік торап.
Ғаламтор ұғымы
Ғаламтор ұғымы
Ғаламтор ұғымы кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік торап.
Ұялы телефон. Зат есімнің көптелуі
Ұялы телефон. Зат есімнің көптелуі
Сабақтың мақсаты: а) Білімдік: Зат есімнің түрленуі туралы жалпы түсінік беру. Зат есімнің көптелуін, оның ерекшеліктерін меңгерту. Ұялы телефонның адам өміріне пайдасы мен зиянын білу;
Ұялы телефон мен компакт дискінің айтысы
Ұялы телефон мен компакт дискінің айтысы
Алматы облысы, Райымбек ауданы, «Көмірші орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің физика - информатика пәндері оқытушысы Сайсанбекова Дания Абдикаймовна
Билайн орталығында (сюжетті-рөлдік ойын)
Билайн орталығында (сюжетті-рөлдік ойын)
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Ағайдарова Гүлден Мейрамғалиқызы
Білімді тиянақтау
Білімді тиянақтау
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аманғалиева Бибінұр Ерсайынқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×