Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сезім мүшелері. Көз – көру мүшесі

03 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері. Көз – көру мүшесі.
Жалпы мақсаттары: Оқушыларға сезім мүшелері туралы түсінік беру. Көздің қоршаған ортаны танып - білудегі орны, маңызымен таныстыру.
Міндеттері: Көз – көру мүшесінің негізгі қызметі екенін анықтау. Көзді дұрыс күте білудің ережесін білу.
Оқыту нәтижесі: Көз – көру мүшесінің негізгі қызметі екенін анықтайды. Көзді дұрыс күте білудің ережесін біледі.
Көрнекіліктері: Суреттер, слайдтар, кестелер

I. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық
Балаларды шаттық шеңберіне жинау, денсаулық туралы бір - біріне тілек айтқызу.
II. Топқа бөлу.
Ортада сезім мүшелерінің суреттері жатады. Оқушылар бір – бірден суреттерді таңдап алып, сол сезім мүшелерінің суреттері бойынша топқа бөлінеді. Топ басшылары сайланып, оларға бағалау шкаласы бар карточкалар ұсынылады.
Суреттер сөйлейді
Әр топ өздерінің қолындағы суреттер туралы пікірлерін айтады.
Формативті бағалау. Қол шапалақтау.

1. Білу
Біз көреміз, естиміз, түрлі иістерді, дәмді, ыстық пен суықты сезе аламыз. Осы бір ғажайып қабілет
тер бізге бес сезім мүшелері арқылы беріледі.
Олар: көз – көру мүшесі, құлақ – есту мүшесі, тіл – дәм сезу мүшесі, мұрын – иіс сезу мүшесі, тері – ыстық пен суықты сезу мүшесі. Осы бес сезім мүшесі арқылы біз өзімізді, қоршаған әлемді танып білеміз.
Жұмбақ
Екі ағайынды,
Екеуі де бір үйде,
Бірін - бірі көрмейді.(Көз)
Ендеше, бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз:
Сезім мүшелері. Көз – көру мүшесі
Миға шабуыл. Көз туралы не білеміз?
Формативті бағалау

2. Түсіну
Электронды оқулықтан көз туралы мағлұмат
беріледі.
Көз – көру мүшесі, адамның негізгі көмекшісі. Ол айналадағы заттың барлығын көруге, түрін, түсін, пішінін ажырата білуге көмектеседі. Егер көзді зерттеп қарайтын болсақ, оның ортасында нұрлы қабықшасы бар екенін көреміз. Нұрлы қабықшаның ортасында қарашық орналасқан. Ол көзге жарық өтетін терезеше тәрізді. Жарық көз бұршағы арқылы өтіп, бейне көздің торлы қабықшасына түседі. Бұдан кейін көру жүйесі оны миға жеткізеді. Содан барып, біз бейнені көреміз. Көзді шаршаудан, зақымданудан сақтау керек.

3. Қолдану
Оқулықпен жұмыс. Көзді күте білудің ережесін оқып, мағынасын түсіндіреді.
Көз дәрігерімен кездесу.
Сынып оқушысы көз дәрігері болып, сыныпқа келеді. Балалар дәрігерге сұрақтар қояды.

III. Сауықтыру сәті.
Көзді қайта қысып, қайта аш.(5 рет )
Көзді айналдыра қозғалт.(Жоғары - төмен, солға - оңға) (10 рет)
4. Талдау.
Топпен жұмыс. Әр топ мақал - мәтел суырады.
Мағынасын түсіндіреді.
1. Бала көңілдің гүлі, көздің нұры.
2. Көз – қорқақ
Қол – батыр
3. Көз – нұрдың ұясы,
Көңіл – сырдың ұясы.
4. Көзің ауырса, қолыңды тый.
Ішің ауырса, аузыңды тый.
5. Көз жеткізер,
Көз жеткізбегенді
Сөз жеткізер.
Формативті бағалау

5. Жинақтау
Сабақты жинақтау мақсатында сұрақтарға жауап алу. Әр топқа сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға жауап алу арқылы сабақты қорытындылау.
1 топ. Көздің атқаратын қызметі
2 топ. Көзді қалай күту керек.
3 топ. Қандай түс көзге пайдалы?
4 топ. Көзді шынықтыру үшін не істеу керек?
5 топ. Оқушының көзіне зиян келтіретін әрекеттерді ата.
6. Бағалау, үйге тапсырма беру.
10 526
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адамның сезім мүшелері. Көз. Тері.
Адамның сезім мүшелері. Көз. Тері.
Тері – адамның ішкі ағзасын қорғап тұратын мүше. Ол арқылы ыстық - суықты сеземіз. Жұмсақ пен қаттыны ажырата аламыз.
Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі. Көру анализаторлары
Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі. Көру анализаторлары
Көру мүшелерінің маңызын білу; Көру мүшелерінің гигиенасын сақтау.
Құлақ есту мүшесі
Құлақ есту мүшесі
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бисембаева Күнсұлу Ерсайынқызы
Сезім мүшелері
Сезім мүшелері
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы Приозерный негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шамилова Сарагүл Ибрайвна
Сезім мүшелері
Сезім мүшелері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Сарина Мереке Амантайқызы
Сезім мүшелері. Көз - көру мүшесі
Сезім мүшелері. Көз - көру мүшесі
Сезім мүшелері туралы түсінік беру. Көздің қоршаған ортаны танып - білудегі орны, маңызымен таныстыру. Көру гигиенасы, көз жаттығуларын жасау, көзді сақтай білуді үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×