Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбаев "Желсіз түнде жарық ай"

03 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай. «Желсіз түнде жарық ай»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абай Құнанбаевтың өмір жолынан мағлұмат беру. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.
Дамытушылық: Оқушының ой - өрісін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұлы ақынның кемеңгерлігін дәріптеу адамгершілікке, өз елін, туған жерін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Абай Құнанбаевтың суреттері, сөзжұмбақ, сынау сұрақтар.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқулықтарымен мен дәптерлерін түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Арыстан мен қазы» мазмұны. Арыстанға мінездеме беру, қозыға мінездеме беру.
3. Жаңа сабақ.
Мұғалім: Балалар, мына сөзжұмбақты шешсек бүгін кім туралы өтетінімізді білетін боласыңдар

1. Дүниедегі ең асыл да қымбат адам кім?
2. Сиырдың төлі не деп аталады?
3. Тұңғыш мектеп ашып, балаларды білім алуға шақырған адам кім?
4. Қозының енесін ата.
Мұғалім: Олай болса балалар, Абай туралы жалпы білетіндерімізді еске түсірейік.
Мұғалім: 1. Абай – кім?
1. Ол нешінші жылдары өмір сүрген?
2. Оның тұңғыш өлеңдер жинағы нешінші жылы шықты?
3. Абайдың анасының аты кім?
4. Әжесінің аты кім?
Оқушы: 1. Қазақтың ұлы ақыны.
2. 1845 - 1904
3. Оның тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы шықты.
4. Абайдың анасының - Ұлжан.
5. Әжесінің аты – Зере.
Абай туралы сурет көрсете отырып, қысқаша мәлімет беріп, дәптерлеріне жазғызу.

Туған кездегі есімі: Ибраһим Құнанбайұлы
Қызметі: ақын, ағартушы, философ, композитор, саяси қайраткер
Туған күні: 10 тамыз 1845
Туған жері: Қарқаралы, Семей облысы
Ұлты: қазақ
Қайтыс болған күні: 6 шілде 1904 (58 жас)
Қайтыс болған жері: Семей облысы
Әкесі: Өскенбайұлы Құнанбай
Анасы: Ұлжан

«Желсіз түнде жарық ай» өлеңімен таныстыру.
(Өлеңді мәнерлеп оқыту, түсіндіру, оқушыларға оқытып жарыстыру.)
Мұғалім: Балалар үш қатар болып жарысайық. Бұл адамдар қандай екені туралы сызба арқылы жазамыз.(тақтамен жұмыс)
Шығармашылықпен жұмыс.
1 - қатар. «Жақсыдан үйрен»
талапты, білімді, ақылды, адал, терең ойлы,
қайырымды, еңбекқор, талатты
2 - қатар. «Жаманнан жирен»
Еріншек, білімсіз ұятсыз, арсыз, мақтаншақ, рахымсыз, өтірікші, надан
3 - қатар. «Бала Абай»
Сазгер, ойшыл, ақын, кемеңгер, аудармашы

4. Сергіту сәті.
Қорытынды. Балалар біз кім туралы білдік? Абайдың қандай өлеңімен таныстық? Абай ата кім болған? Не үйренгенімізді тексеріп көрейік.
(Тесттік сұрақтарды пайдаланып, сабақта қорытындылау. Бір - біріне тексерту.)
1. Қазақтың ұлы ақыны кім?
а) Ыбырай; ә) Абай; б) Шоқан.
2. «Абай жолы» роман - эпопеясын кім жазды?
а) М. Әуезов, ә) Ш. Мұртаза; б) Ж. Жабаев.
3. Абайдың әжесінің аты кім?
а) Ұлжан; ә) Зере; б) Тоғжан.
4. «Орын таппай баптанба» деп келетін өлең жолдары қай өлеңнен алынған?
а) Күз; ә) Ғылым таппай мақтанба; б) Желсіз түнде жарық ай.
5. Абайдың туған жерін белгілеңіз.
а) Қарағанды; ә) Алматы; б) Семей.
Үй тапсырмасы. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін жаттап келу.
Бағалау: Жақсы қатысқан балаларға баға қою
10 525
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай және оның әндері
Абай және оның әндері
Абайдың қалдырған мұрасын жалғастыратын, саналы, өнерлі, білімді азаматты тәрбиелеу. Абай әндері арқылы эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру.
А. Құнанбаевтың табиғат лирикасы
А. Құнанбаевтың табиғат лирикасы
Абай Құнанбаевтың табиғатқа байланысты өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін меңгерту. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру.
Абай шығармаларына иллюстрация
Абай шығармаларына иллюстрация
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат селосы, Ш. Т. Еркінов орта мектебінің сызу, бейнелеу өнері пәні мұғалімі Қожағали Жеңісбек Қожағалиұлы
Құлақтан кіріп бойды алар, әсем  ән мен тәтті күй...
Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй...
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Шерубай Нұра негізгі мектебі бастауыш сынып мұғалімі Аманбек Дауренгул
Абай әндері
Абай әндері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясының музыка пәні мұғалімі Қазиева Назгүл Жеңісқызы
Абай Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай...»
Абай Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай...»
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×