Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қоңыр қозы. Тұрсын Жұртбай

04 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қоңыр қозы. Тұрсын Жұртбай
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларды Тұрсын Жұртбайдың «Қоңыр қозы» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Балаларға Мұхтардың балалық шағы туралы мәліметпен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату. Топтасып жұмыс жасауға баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс.
Көрнекілік: Суреттер. «Жазушылар» топтамасы.

Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
б) Оқушыларды топтастыру. (Түрлі формадағы суретшелер арқылы)
Психологиялық ахуал: Оқушылар жұптаса тұрып, бір - біріне шапаттау арқылы сәттілік тілейді. Ол үшін қолды айқастыра отырып, оң жаққа және сол жаққа шапаттайды.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Әңгімені бөлімдері бойынша (топ бойынша сұрақтар беріліп, дайындық жұмыстарына уақыт беріледі) түсінік айтуға дайындалу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
«Жазушылар» топтамасы. М. Әуезов..(тыңдау)
Интерактивті тақта арқылы оқушылардың әңгімелерін тыңдау.
Топ бойынша ассосоция жасау.
Әр топ ой түйінін өзге топ алдында қорғайды.
М. Әуезов – кім?
Ол - жазушы, драматург, Абайды әлемге танытушы. Мұхтардың атасы Әуез Абайдың замандасы болған.

Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Сабақ тақырыбын ребус арқылы табу.
Қоян Ою Аң Ыдыс Радио Қоңыз орақ Зырылдауық Ырғақ
М: - Бүгін біз Мұхтардың бала кезіндегі бір сәтпен танысамыз.

Оқулықпен жұмыс.
Әңгімені бөліктерге бөліп, өзіндік топпен жұмыс жасата отырып, әңгіменің мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқушыларға оқыту. 1 - топ 1 - абзац
2 - топ. 2 - абзац
3 - топ 3 - абзац
4 - топ 4 - абзац
Топтық тапсырмалар
Әр топ өз мәтін бөліктері бойынша тапсырмаларды тізбектеп орындайды.
1. Мазмұндау
2. Тізбектей оқу Кезектесе отырып
3. Суреттеу
Оқушыларға тізбектей оқыту, мазмұнын сұрау.

Сергіту сәті.
Би терапиясы (интерактивті тақтадан)
Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
1 - топ сұрағы
- Бала Мұхтарды атасы неліктен «қоңыр қозым» деп атады?
Мұхтар ауылының көктемгі көрінісін суреттеген жолдарды тауып оқы.
2 - топ сұрағы
- Атасы Мұхтарды қайда апармақшы болды?
Абай ауылының көрінісін суреттеген жерді тауып оқы.
3 - топ сұрағы
Мұхтар ойынға неге араласпады?
Мұхтарды қызықтыратын нәрселерді тауып оқы.
4 - топ сұрағы
Оның назары неге ауды?
Ұлттық ойындарды ата. Мәтінде кездескен кейіпкерлерді ата.
Дәптермен жұмыс.
Мына сөз тіркестерін дәптерге жаз: күн шуағы, жасыл кілем, жасыл құрақ т. б.
Қорытындылау.
Ортақ топ жасау арқылы суретпен жұмыс жүргізу. Сұрақ - жауап әдісімен.
Венн диаграммасы бойынша екі ауылды салыстыру.
І – Мұхтар аулының көрінісі.
ІІ – Абай аулында

Бағалау
Бірін - бірі бағалау. Мұғалім тарапынан әр оқушының білімі мен белсенділігін кестелік бағалау.
Кері байланыс. Рефлексия.
Ұнады, ұнамады. Мен үшін жаңалық болды.
Үйге тапсырма: Әңгімені бөлімдері бойынша түсінік айтуға дайындалу
8 964
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Оқушыларды тұңғыш ғарышкер туралы мәліметпен таныстыру. О. Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңімен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Жаңбыр. Б. Майлин.
Жаңбыр. Б. Майлин.
Оқушыларды «Жаңбыр» өлеңі мен «Бұлбұлдың әні» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері мен сұлулығы жайлы әңгімелеу.
Атай. Ә. Дүйсенбиев.
Атай. Ә. Дүйсенбиев.
Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Бесік жыры.
Бесік жыры.
Оқушыларды М. Жұмабаевтың еңбегімен, шығармашылығымен таныстыру. Мәтінінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Тұңғыш ғарышкер. Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер. Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер туралы мәліметпен таныстыру. О. Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңімен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×