Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төрт түлігім - ырысым

04 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлігім - ырысым

«Ана сүті мен жылқы сүті - біздің тарихымыздың басы» (Ғафу Қайырбеков)
«Қазақ тарихы - жылқы тарихы да, жылқы тарихы - қазақ тарихы» (Қажытай Ілиясұлы)

Мақсаты: Төрт түлік туралы білім беру, төрт түлік малдың тіршілік табиғатымен, қадір - қасиетімен таныстыру. Қазақ халқы малмен айналысатынын түсіндіру. Оқушылардың ой - өрісін, тілін дамыту, малды күтуге, қадірлеуге, оны өсіруге, ата кәсіпке айналдыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Төрт түліктің суреттері, слайдтар, ойын түрлері.

Жүрісі: 1. Тақпақтар айту.
2. Төрт түлікке сипаттама.
3. Жұмбақ шешу.
4. Сайыс.
5. Постер қорғау

1 - жүргізуші: Қой деген - момын жануар,
Айта берсең таусылмас.
Қасиеті тағы бар.
2 - жүргізуші: Өскенде түйе боласың,
Қазір әлі ботасың.

1 - жүргізуші: Торпақтарым томпиған,
Көздері мөлдір монтиған.
1. Топқа бөлу.
2. Топқа ат қою.
1-топ: Қой.
2-топ: Түйе.
3-топ: Сиыр.
4-топ: Жылқы.

1-топ. Қой - төрт түліктің ішіндегі ең маманы. Сондықтан болар қазақ атамыз өсек - аян, қулық - сұмдығы жоқ бір қалыпты, сабырлы адамды «қой аузынан шөп алмайтын момын» деп тегін айтпаған екен. Қой малы сонау ежелден халқымыздың несібелі малы болып есептелген. Балалар ауырып қалған кезде осы қойдың құйрық майымен сылап, ішіп жатады.

2-топ. Түйе - төрт түліктің төресі. Түйенің тигізер пайдасы аз емес. Түйенің сүті - шұбат. Ол әрі сусын, әрі тамақ. Шұбаттың емдік қасиеті күшті. Ішсе сүт, жесе ет, майы да мол. Түйенің сапалы жүні бар.

3-топ. Сиыр - Зеңгі баба тұқымы. Ол адамға серік, әрі ақылды, әрі момын жануар. Біздің ішіп - жейтін тағамдарымыздың барлығы осы - сиыр малының өнімі. Мысалы: құрт, ірімшік, айран, май, қатық.

4-топ. Жылқы - жер жүзінің бәріне тараған түлік. Жылқы малы өте төзімді. Ол қыста сары аязда далада жайыла береді, өйткені жылқы малы суыққа тоңбайды. Еті де, сүті де өзгеше. Қазы - қарта, жал - жая жылқыдан алынады.

1-топ. Құрт.
Құрт деген ол арғы атасы ақтан болар,
Жарнамасын айта берсең дастан болар,
Аузыңа салып алып,
Ұртыңды бұлтыңдатып,
Ойланып жатсаң бұл,
Денсаулыққа пайдасы бар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 833
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Түйе – түлік төресі. Жылқы – түлік патшасы.
Төрт - түлік
Төрт - түлік
М. Әбенова атындағы жалпы орта мектеп Орындаған: 1 сынып оқушысы Қасымова Несібелі Ануарбекқызы. Ғылыми жетекшісі: Алмурзаева Баян Куралбаевна
Төрт түліктің кеңесі
Төрт түліктің кеңесі
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қызылту орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Гүлім Нақыпқызы
Төрт түлік
Төрт түлік
Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы
Төрт түлігім – ырысым
Төрт түлігім – ырысым
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Ақнұр Наренбаева
Төрт түлік мал
Төрт түлік мал
ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылы Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Джандаралова Жанар Ахметқанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×