Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттық ойыным - ұлттық мақтанышым

08 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Ұлттық ойыным - ұлттық мақтанышым.
Мақсаты: Қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрпын жоғалтпай, бала бойына сіңіре білгізу, өз ұлтына деген сүйіспеншілік қалыптастырып, құрметтей білуге тәрбиелеу. Ұлттық ойын түрлерімен таныстыру, ойынының маңызын білу, шартын ұғынып ойнауға үйрету.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, ұлттық ойын түрлерінен көрнекі суреттер, слайдтар.

І жүргізуші:
- Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! Мектебімізде болып жатырған «Мектептердегі ұлттық психологияны дамытудың тиімді жолдары»атты семинарда бастауыш сынып бірлестігі 2 - сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлттық ойыным - ұлттық мақтанышым»тақырыбында өткізілетін ұлттық ойындардан көріністерді тамашалауға шақырамыз.
Мақсаты: Қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет ғұрпын жоғалтпай, құрметтей білуге тәрбиелеу. Ұлттық ойын түрлерімен таныстыру, ойынының маңызын білу, шартын ұғынып ойнауға үйрету.
Әнұран
(музыкалық үзіліс, балалар сахна сыртына шығады)

ІІ жүргізуші:
- Туған жері - түп қазығы айбыны,
Туған тілі - сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт - санасы тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.

І жүргізуші:
- Қазақтың халық педагогикасында ойын да көп орын алады. Халық болашақ ұрпағын шыныққап, ойлы, сергек етіп тәрбиелеу үшін ойынның алуан түрін шығарған. Оларды спорттық ойындар, миды шынықтыратын, яғни ой жүйесін дамытатын ойындар, еңбекке, өнерге баулитын ойындар деп бірнеше топқа бөлуге болады.

ІІ жүргізуші:
- Спорттық ойындардың түрлері өте көп, солардың ішінен көкпар, аударыспақ, алтыбақан, тоғыз құмалақ, ақсерек - көксерек, қашпа доп, қақпа доп сияқты.
(музыкалық үзіліс)

І жүргізуші:
- Қазір сіздердің алдарыңызда ұлттық ойындар сайысын бастаймыз. Алғашқы көрсетілетін ойынның түрі «Бәйге»ойыны. 2б – сынып оқушысы Жұбанов Серіхан ойынының шартымен таныстырып өтеді.
Ойын басталады, музыка ойналып тұрады.
(Ал, қане, алға бас! Алға! Алға! Аттың басын жібер! Тарт»Қалыспа! бас қамшыны бас!)
ІІ жүргізуші:
- Бәйге - сайыс қыздырар делебеңді,
Кеудесіне ойнаған көрерменнің.
Алыстан шаң ойнатқан ат көрінді,
Жетер екен қай тұлпар мәреге енді.
*Оқушылар:- Жарайсыңдар, Уа, бәрекелді алғашқы келген үш аттың бәйгесін береміз. 3 - орынға кілем, 2 - орынға машина, 1 - орынға үйдің кілті.
- Жеңістерің құтты болсын! Жарайсыңдар! Бапкерлер де атты жақсы баптаған екен.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 063
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет - бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Ата салтым – асыл мұрам
Ата салтым – асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы "Сам орта мектебі" ММ Бастауыш сынып мұғалімі Койшыбаева Баян Кипчаковна
Қыз өссе - елдің көркі
Қыз өссе - елдің көркі
ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылы, Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Джандаралова Жанар Ахметқанқызы
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
Атырау қаласы №2 орта мектебінің даярлық тобы мұғалімі Құдайбергенова Ақырыс Нұрдаулетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×