Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есім

08 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 2класс
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: Сан есім туралы түсінік беру және сан есімнің заттың санын, ретін білдіретінін ұғындыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Сан есімнің сөз табы екенін түсіндіре отырып, сан есімге сұрақ қоя білуге үйрету.
2. Ауызекі және жазба тілін дамыту, сөздік қорларын, ойлауын, таным қабілеттерін арттыру.
3. Адамгершілік қасиеттерге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: тірек - сызба, сюжетті суреттер, кеспе қағаз, интерактивті тақта, слайд
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, өз бетімен жұмыс, бірін - бірі бағалау, көрнекі, талдау, салыстыру.
Түрі: аралас

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
1. Психологиялық дайындық.
- Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі құлағың не үшін керек?
- Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін.
- Екі аяғың ше?
- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.
2. Сабақтың мақсатын хабарлау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен материалды «Иә, жоқ» ойыны арқылы пысықтау.
Ойынның мақсаты: Тез ойлауға, шапшаңдыққа баулу.
Ойынның шарты: Өтілген сөз таптарына байланысты сұрақтар қою. Егер сұрақ дұрыс болса, «иә» деп, дұрыс емес болса «жоқ» деп жылдам жауап беру керек. Мысалы, сын есімнің сұрақтары Қандай? Қай? (иә), «Ұқыпты» сөзі етістікке жатады (жоқ) т. б. сұрақтар қойылады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Дәптермен жұмыс.
1. Көркем жазу
2. Орфографиялық - сөздік жұмысы.
Интерактивті тақтамен жұмыс. Тақтада берілген сөздерді екі бағанға топтап жазыңдар.
Бұғы, ғарышкер, тоғыз, екінші, кітаптар, он бес, таяқ, елу бесінші, үйшік, төртеу.
- Неліктен олай топтадыңдар?
- Әр сөзге сұрақ қоямыз.
- Екінші бағандағы сөздерге қандай сұрақтар қойылды? ( Қанша? Неше? Нешінші? Нешеу?)
Бұл сөздер заттың несін білдіріп тұр? Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сөз таптарының бірі «Сан есім». Сан есім дегеніміз не?
Қорытынды шығару. (оқушылардың ереже шығарып, қорытындылауы)
Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады.
Екі, үшінші сөздеріне ауызша сөйлемдер құрау, сұрақтар қою.
Тірек - сызбамен жұмыс (ауызша)

Сөз таптары
Зат есім
Етістік
Сын есім

Тірек - сызбамен жұмыс (жазбаша). Сызба бойынша сөйлем құрап, сан есімнің зат есіммен байланысын көрсету.

Сөз таптары
Зат есім
Етістік
Сын есім
Сан есім

Оқулықпен жұмыс. Ережені түсініп, мәнерлеп оқу.
477 - жаттығу (ауызша). Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқып, берілген сұрақтарға жауап беру, талдау.
Сергіту сәті
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға бірікті.
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ.

448 - жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа жазу. Сан есімдердің астын сызып, қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау. Шешуі: домбыра. Домбыра туралы әңгімелеу.
Ойын: «Ойнап отыр, ойлап отыр»
Ойынның мақсаты: Баланың таным қабілетін, зейінін дамыту, шапшаң ойлауға үйрету.
Кеспе қағаздармен жұмыс. Әр оқушы алдына қағаздар тарату, кеспе қағазда берілген сөздердің ішінен артық сөзді жылдам тауып қай сөз табына жататындығын анықтау.

449 - жаттығу. (өз бетімен) Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.
Шешуі: Жүз екі

ІV. Қорытындылау. Тест арқылы бірін - бірі бағалау.
1. Заттың санын білдіретін сөз табы –
А) зат есім
Ә) сын есім
Б) сан есім
2. Сан есімнің сұрақтарын белгіле.
А) Қандай? Қай?
Ә) Қанша? Неше? Нешінші?
Б) Не істеді? Қайтті?
3. Нешінші сұрағына жауап беретін сөзді тап.
А) бесінші
Ә) бес
Б) бесеу
4. Сан есімді тап.
А) сана, оқы
Ә) жиырма, үш жүз
Б) биыл, былтыр
5. Сөйлемнен сан есімді тап. Олжас бірінші орын алды.
А) Олжас
Ә) бірінші
Б) орын
В) алды.

V. Үйге тапсырма
VІ. Сабақты бекіту.
VІІ. Бағалау
28 751
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Сан есім
Сан есім
Сан есім туралы түсінік беру, сан есім заттың санын, ретін білдіретін сөздер екенін түсіндіру, бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру.
Сан есім
Сан есім
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Елмуратова Маржан
Сан есімді қайталау
Сан есімді қайталау
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна
Сан есім
Сан есім
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна
Адамның дене мүшелері
Адамның дене мүшелері
Шылаудың жазылу ережелерімен таныстыру, сөйлем мен сөз тіркестерін құрату. Шылау туралы білімдерін толықтыру, ойын жинақтай білуге дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×