Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Хабарлы сөйлем

13 сәуір 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға хабарлы сөйлем туралы түсінік беріп, мәтін, сөйлем жайындағы білімдерін, байқағыштық қабілеттерін арттыру.
2. Сөздік қорларын, сөйлеу тілдерін дамыту.
3. Әдемі, таза, ұқыпты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, семантикалық карта.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды сабаққа дайындау.
1. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ - жауап арқылы білімін тексеру. 1 - 2 оқушыға үй жұмысын оқыту, ереже сұрау. Дәптерлерін жинау.
1. Ой шақыру.
Мәтін туралы білімдерін тексеру.
- Мәтін дегеніміз не?
- Мәтін бөліктері.
- Мәтіннің неше түрі бар?
2. Жаңа сабақ
2. Ой қозғау. Топтастыру.
Соның ішінде бүгін Хабарлы сөйлеммен танысамыз.
2. Мағынаны таныту.
Оқулықпен жұмыс: Оқулықтың 75 - бетін ашыңдар. 224 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Әр сөйлемде не туралы айтылған. Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аудар.
а) Ережені оқып таныстыру. ә) Ережелерді сөйлемдер арқылы дәлелдету.
Ереже: Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.
Дәптермен жұмыс: Күннің жады. Көркем жазу. «Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі». Кк көзілдірік, күрек.
225 - жаттығу. Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз. Мәтінге ат қой.
Бұлбұл.
Бұлбұл - кішкентай құс. Ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды. Бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды.
Бұлбұл туралы білетіндерін айту, еске түсіру.
Сергіту сәті.
(Сөйлемді аяқта ойыны). Адасқан сөздерден сөйлем құрау.
226 - жаттығу. Сөздерді оқып, әйелдердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек, ерлердің киімін бір бөлек топтастыр.
Әйелдер киімі. ------- Ерлер киімі:
Сәукеле ---------------- Жейде.
Орамал ----------------- Күпі
Жаулық. --------------- Құлақшын
Ішік. -------------------- Шекпен.
Қамзол.
Шәлі.

Топтық жұмыс: 227 - жаттығу.
1 - топ: Орамал сөйлем құрау, дыбыстық талдау.
2 - топ: Құлақшын сөйлем құрау, дыбыстық талдау.
227 - жаттығу. Берілген сөйлемдердің хабарлы сөйлем екенін дәлелде.
Менің досым Қырғызстанда тұрады. Мен оған өз елім туралы мақтанышпен жазамын. Ол жазда Алматыға келмекші. Досымды асыға күтіп жүрмін.

3. Ой толғаныс. Семантикалық картамен жұмыс.

Терме диктанты.
Хабарлы сөйлемді тауып жаз.
Ажар кітапханаға барды. Үйді кім салады? Алақай, ертең концертке барамыз.
Сыныпта өнерлі оқушылар бар ма? Бүгін қар қалың жауды.

Ойды шынықтыруға тапсырма. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастыру.
А) Әсел, айтады, ән, Отан туралы.
Ә) Болат, тартады, домбыра.
Б) Концерт, қоясыңдар, ма, сендер.
В) Қандай, керемет, даусы.
4.
5. Бекіту сұрақтары.

6. Тест жүргізу.
1) Сөйлемнің неше түрі бар?
А) 2. ә) 1. б) 3.
2) Дұрыс сөйлемді тап.
А) Оқиды Асхат сыныпта екінші.
ә) Асхат екінші сыныпта оқиды.
Б) Сыныпта оқиды бесінші Асхат.
3) Хабарлы сөйлемнің соңынан қандай белгі қойылады?
А) Нүкте Ә) Сұрақ белгісі. Б) Леп белгісі.
4) Сөйлем деген не?
А) Тиянақты ойды білдіреді.
Ә) Заттың қимылын білдіреді.
Б) Заттың түсін білдіреді.
5) Мәтін түрлері.
А) Басы, негізгі, соңы.
Ә) Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.
Б) Хабарлы, сұраулы, лепті.
6) Дауысты дыбыс неше түрге бөлінеді?
А) 3. Ә) 2. Б) 4.
7) Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?
А) 2. Ә) 3. Б) 4.
8) У дыбысы қандай дыбыс?
А) Дауысты Ә) Дауыссыз Б) Кейде дауысты, кейде дауыссыз.

1. Сабақты қорыту.
Өзіңді тексер.

Нені білем?
Сөйлем. Мәтін. Сөйлем түрлері
Нені үйрендім?
Хабарлы сөйлем
Нені үйренгім келеді?
Сұраулы, лепті сөйлемдер туралы.
34 550
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сыныпқа арналған ҚМЖ жинағы
Бастауыш сыныпқа арналған ҚМЖ жинағы
2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу 2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап,
Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді сақтаймын. Хабарлы сөйлем
Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді сақтаймын. Хабарлы сөйлем
күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Ашық сабақ Тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Жалпы мақсаты Хабарлы сөйлем туралы түсініктерін нақтылап, білімдерін арттыру. Күтілетін нәтижелер Сөйлем түрлерін ажырата алады.
Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Атырау облысы, Жылыой ауданы, №1 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Макуова Нуршат Аманкосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×