Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Авторлық бағдарлама «Бастауыш сыныптардағы геометрия»

14 сәуір 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Авторлық бағдарлама «Бастауыш сыныптардағы геометрия»

Түсінік хат
Бұл бағдарлама математика курсының бір бөлігі болып табылатын геометрия бойынша 1 - 4 сыныптардағы бұрынғы қолданыстағы, бірақ кеңейтілген және тереңдетілген геометриялық түсініктерді қарастырады. Сабақтарда баланың танымдылық деңгейіне бағытталған, қорытындысында қоршаған ортадағы объектілерді салыстыра, негізгі түсініктер мен терминдер, анықтамалар қарастырылады. Материал баланың танымдылық қабілетін арттыратын қызық ойын түрінде берілуі тиіс. Бастауыш сыныптарда геометрияны оқытудың басты міндеті – мектептің орта және жоғарғы буындарында геометрияны үйренудің базасын дайындау болып табылады.
Балаларды тек ұзындықпен, ауданмен және көлеммен ғана таныстырып қоймай, оларды тек сызғышпен ғана пайдалануға үйретпей, циркульмен де үйрету керек. Сонымен қатар, бұрыштарды салуға және өлшеуге транспортирді пайдалануды үйрету қажет. Оқу жылында аптасына мақсатты түрде 1 сағат өткізу жоспарланды.

Осы аталған курс бойынша өткізілетін сабақтар тек геометриялық материалдарды ғана емес, конструкторлы - тәжірибелік тапсырмалар негізіндегі тақырыптарды да қамтиды.
Сабақты өткізу әдістемесінде бастауыш сынып оқушыларының мүмкіншіліктері мен жас ерекшеліктері есепке алынды. Материалдың бөлімдері ертегі, әңгіме, жұмбақ, ойын, мұғалім және оқушы немесе оқушы және мұғалім түріндегі диалог сияқты танымдық формада берілген.
Оқушылардың жаңа геометриялық, яғни, нүкте, сызық, тік сызық, қисық сызық, жабық және т. б. формалармен таныстырғанда балалардың осы жасына сай келетін түсінікті өлең шумағы қолданылады. Тақтада соған лайықты айтылған «Нүкте, нүкте, үтір, бейнесімен бейнеленген, суреттелген сол геометриялық фигуралар қайтадан анықталады. Бұған көптеген мысалдар келтіруге болады. Арнайы курсты 2 сыныптан бастаған жөн.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 279
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш білім беру деңгейінің 1 - 4 - сыныптары үшін «Математика» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
Бастауыш білім беру деңгейінің 1 - 4 - сыныптары үшін «Математика» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
Бастауыш сыныптардағы (1 - 4 - сыныптар) математика пәні – «Математика» білім саласындағы кіріктірілген оқу пәні.
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Геометрия 7 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Геометрия 7 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар, Геометрия 7 сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар (алгебра және геометрия 9 сынып)
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар (алгебра және геометрия 9 сынып)
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Алгебра 9 сынып Геометрия 9 сынып
Логика әлемі. Бастауыш сыныпта математика пәніне қосымша жүргізілетін арнайы курс бағдарламасы (1 – 4 сыныптардағы арнайы курска арналған бағдарлама)
Логика әлемі. Бастауыш сыныпта математика пәніне қосымша жүргізілетін арнайы курс бағдарламасы (1 – 4 сыныптардағы арнайы курска арналған бағдарлама)
Бастауыш сыныпта математика пәніне қосымша жүргізілетін арнайы курс бағдарламасы (1 – 4 сыныптардағы арнайы курска арналған бағдарлама)
Факультатив жоспары
Факультатив жоспары
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №19 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Құттымұратова Гүлнар Әмитқызы
Жаратылыстану-математика бағытынан күнтізбелік жоспар
Жаратылыстану-математика бағытынан күнтізбелік жоспар
10-сынып Алгебра және анализ бастамалары. Жаратылыстану-математика бағытынан күнтізбелік жоспар Аптасына 3 сағат Геометрия Аптасына 2 сағат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×