Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана - Қазақстан Республикасының елордасы

18 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Астана - Қазақстан Республикасының елордасы
Сабақтың мақсаты: Республиканың бас қаласы - Астана жайында ұғым беріп, қаланың көрікті жерлеріне саяхат жасау және ол жерлермен таныстыру.
Тәрбиелілігі: Өз Отанына деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу;
Дамытушылығы: Қаланың күн сайын көркеюі жайындағы ұғымдарын дамыту.
Білімділігі: Астананың әдемілігі, көркемдігі. Адам қолымен жасалған жетістіктері. Адам еңбегі, оның қала ішіндегі көрінісі жайлы түсінік беру.
Базалық білім: Бас қала Астанаға назар аударатын жерлер: Мәдениет сарайлары, Опера және балет театры, Әуежай, Үкімет үйі, Парламент ғимараты, Еуразия университеті.
Тірек білім: Отан, Қазақстан мемлекеті
Көрнекіліктері: суреттер, слайдтар, бейнебаян, оқулық, дәптер.

Сабақтың жүру барысы:
I. Қызығушылықты ояту
Психологиялық дайындық
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз!
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң қонақтар!

II. Өтілген материалдарды еске түсіру
Қазақтың ұлттық мәдениеті тақырыбы бойынша пысықтау сұрақтары беріледі.
1. Сен қандай ертегілер оқыдың?
2. Туған жер, еңбек туралы қандай мақалдарды жазып келдіңдер?
3. Алдар Көсе туралы ертегіні есіңе түсіріп айтып бер.
Қорыта айтқанда, Аңыздар, мақал мәтелдер, ертегілер қазақ халқының мәдениетінің көрінісі.

III. Мағынаны тану.
Логикалық ойлау қабілетін жетілдіру әңгіме
- Мен қазір бір қала туралы айтымын. Ойланыңдар ол қай қала екенін табыңдар.
Біздің Отанымыздың әр адам «менің қалам» деп атайтын бір қала бар. Барлық жолдар келіп сол қалада тоғысады. Сумен де, ауамен де, жермен де мұражайларын «Медеу» мұз айдынын көруге асығады.
Бұл Қазақстанның ең ірі әрі басты қаласы.
Бұл қай қала? Әрине, Алматы қаласы. 1929 жылы Алматы астанаға айналады. 1998 жылы Астана деген атау берілді.

IY. Жаңа сабақты меңгерту
16 сәуір
Астана Қазақстан Республикасының елордасы
Оқулықпен жұмыс
1. Мәтінмен таныстыру, мазмұнын түсіндіру (слайд арқылы суреттермен түсіндіру)
2. Іштей оқу
3. Тізбектеп оқу

YI. Топтық жұмыс
1 - топ Астанадан қандай ұлт өкілдері тұрады?
2 - топ Астанада қандай мәдениет және білім мекемелері бар?
3 - топ Бәйтеректің суретін салыңдар ол туралы не білесіңдер?
4 - топ Астананың көрікті жерлерін топтап жаз.
«Астана - Бәйтерек» монументі – Астананың нағыз символы, оның танымал карточкасы. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, керемет үлкен шардан тұрады. Биіктігі 105м. Салмағы 1000т асып, 500қ тіріледі. 97 м құрайтын көрініс кешені қаланың бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол Астананың Алматыдан Астанаға ауысуын білдіреді.
YII. Сергіту сәті
Құстар, құстар келеді
Жерді шуға бөлінді.
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.
YIII. Бейнебаян тамашалау «Астанаға саяхат»
Астанаға саяхат бейнебаян тамашалау. Астананың көріктері жерлерімен таныстыру

IX. «Қабырғаға қарап оқу»
Астана туралы сурет беріледі. Сол сурет бойынша әңгіме жазылады.
X. «Автордың орындығы»
Оқушылар жазған әңгімесін автордың орындығына отырып оқиды

XI. Бекіту, қорыту
- Балалар, айтыңдаршы мемлекетіміз Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)
- Елбасымыз, еліміздің президенті кім? (Н. Ә Назарбаев)
- Еліміздің астанасы қай қала? (Астана)
- Біз қай ұлтпыз? (қазақпыз)
- Отан, Қазақстан, Туған өлкем, Астана жайлы Әдебиеттік оқудан жаттадық па?
- Кімдер айтады?
Қорытындылау
Бағалау
Үйге тапсырма Оқып келу, әңгімелеу. Астана жайлы материал жинау
11 169
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана қаласы туралы түсініктерін кеңейту, Астана өлеңнің мазмұнын түсініп тыңдау үйрету.
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
Астана қаласы. Нәтиже сабақ 4 сынып
Астана қаласы. Нәтиже сабақ 4 сынып
Астана қаласы тақырыбы бойынша өз ойларын жеткізуге үйрету; білімдерін пысықтау, алған білімдерін тиянақтау.
Астана – бас қала
Астана – бас қала
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Емелбаева Айнагуль Сунгатовна
Елорда - Астана
Елорда - Астана
Ақтөбе орта мектебі Мектепалды даярлық класс тәрбиешісі Куканбаева Светлана Алимовна
Астана
Астана
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×