Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Автопортрет

18 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Бейнелеу өнері 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Автопортрет
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың адам бейнелерін орындаған жұмыстарының композициялық құрылымын, бояуларының сәйкестігі мен әсемдігін табу жолдарын түсіндіру, білімін, біліктілігін арттыру, нақты практикалық жұмыстардан алған білімдерін тереңдету.
ә) Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін тереңдетіп, ой - қиялдарын, өз бетімен шешім қабылдау, белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Өзіндік және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін дарытуға, эстетикалық әсемдікті тани білуге үйрету.
Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: Көркемсуретті альбомдар, портрет шығармалары бейнеленген фотосуреттер, қарапайым қарындаш түрлері, өшіргіш, акварель, гуашь, су, қылқалам, сондай - ақ бейнелеу өнеріне қосымша оқулықтар, т. б

Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Білесің бе, бұл портреттердің бәріне ортақ не нәрсе бар? Оларда суретшілер өздерін бейнелеген. Мұндай портреттерді автопортрет деп атайды. Автопортрет өнері арқылы біздер ұлы қылқалам шеберлері Рафаэль, Рембрандт, Ван Гог, Суриков, Брюллов, т. б. сырт келбеті туралы мағлұмат ала аламыз. Ең қызығы, автопортретте суретші өзіне деген көзқарасын білдіреді. Көрермендеріне: «Қараңдар, мен қандаймын!» деп тұрғандай. Рафаэль мен Ван Гогтың автопортретін салыстыр. Олардың портретіне қарап бұл суретшілер жайлы не айтар едің? Портреттегі бет әлпеттерінің сипаты, түстер гаммасы мен бояуды жағу тәсіліне назар аудар.
Суретші әйелдер өздерін осылай бейнелеген. Сенің ойыңша, олар бір дәуірде өмір сүрген бе? Жауабыңды түсіндір.

Балалар автопортрет салады
Өз автопортретіңді салып көр. Түстің, сызықтың, композицияның көмегімен достарың мен туыстарыңа өзің туралы әңгімелеп бер. Елестету арқылы портрет салып көрдің, енді есте сақтау арқылы портрет салып көр. Өзіңнің айнадағы бейнеңе мұқият қара. Фотосуреттеріңді де қарап шық. Сенің автопортретіңе қандай түстер гаммасы лайық деп ойлайсың, қандай материалдарды пайдаланған дұрыс?
Автопортретіңді салмас бұрын мына сұрақтарға жауап бер:
1. Портретіңде өзің жайлы не айтқың келеді? Сен қандайсың?
2. Мінез - құлқың, әдеттерің ше?
3. Көбіне қандай көңіл күйде боласың?
4. Бос уақытыңда немен шұғылданғанды ұнатасың?
5. Суретшілер әдетте өздерін қандай да бір жұмыс үстінде бейнелейді. Сен өзіңді қандай жұмыс үстінде бейнелеген болар едің?
(Портреттерді көрсетіп әңгімелеу)
Мына портреттер оның қай түріне жатады? Өзіңе көбірек ұнаған портретті таңдап ал да, біліміңді пайдаланып, оны суретте.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 054
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Бейнелеу өнерінің жанрларының бірі - натюрморт жайлы оқушыларды жүйелі таныстыру, және оның түрлерімен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің жанрларының бірі - натюрморт жайлы оқушыларды жүйелі таныстыру, және оның түрлерімен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Қима және оларды орындау
Қима және оларды орындау
Алдыңғы тарауда көріністер деп аталатын кескіндермен таныстық. Негізгі, қосымша және жергілікті көріністер туралы түсінік алдық. Сызбаны орындағанда көріністер саны ең аз болуы, бірақ нәрсенің пішінін осы сызба бойынша анықтауға жеткілікті болуы
Күрделі тіліктер. Өткенді қайталау (сызудан күнделікті сабақ жоспары)
Күрделі тіліктер. Өткенді қайталау (сызудан күнделікті сабақ жоспары)
Нәрсенің тіліктерін орындап, сызбаға орналастыруға үйрету, өз беттерімен ізденіп жұмыс жасауға дағдыландыру, өздерінше ой қорыта білуге, таным мүмкіндігін анықтап, сауатты, сызбаларды көркем түсіре білуге үйрету.
Тіліктер туралы жалпы түсінік (сызудан күнделікті сабақ жоспары)
Тіліктер туралы жалпы түсінік (сызудан күнделікті сабақ жоспары)
Нәрсенің ішкі көрінбейтін беттерінің нұсқаларын сызбада үзілме сызықпен жүргізіп көрсетуге болады. Бірақ мұндай үзілме сызықтар сызбаны оқуды қиындатып жібереді.
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Ақтөбе облысы, Алға ауданы Үшқұдық мектеп – бақшасының бастауыш класс мұғалімі Нажимова Асель Ниязгалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×