Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Он алтыншы желтоқсан

19 сәуір 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Он алтыншы желтоқсан
Мақсаты: Он алтыншы желтоқсан жайлы мағлұмат беру. Ұлттық рәміздерге тоқталу, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау.
Тәрбиелілігі: Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жеткен күндерін көрсету, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту.
Дамытушылығы: Оқушылардың алған білімдерін сүйене отырып, алған білімдерін одан әрі дамыту бағытында түрлі сұрақтар беру арқылы ой өрісін дамыту
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Көрнекілік, әңгімелеу
Көрнекілігі: Тәуелсіздік монументі, рәміздері, ел басының суреттері т. б

Сабақтың жүру барысы
І. Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын сұрау
1. Әңгіме неліктен «Аппақ бала» атанды?
2. Жуынып, таза жүрудің денсаулыққа қандай пайдасы бар?
3. Сымбатты болу үшін не істеу керек?

ІІ. Мағынаны тану
- Қазір қай ай?
- Желтоқсан айы
- Ия, балалар осы желтоқсан айында қандай мерекелер бар?
Он алтыншы желтоқсанның Тәуелсіздік мерекесі. Тәуелсіздік деген не?

Кіріспе сөз
1986 жылы желтоқсанның 16 – күні таңертеңгілікте Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің 5 Пленумы болды. Пленумды СОКП орталық комитетінің хатшысы Разумовский жүргізді. Пленум не бәрі 18минутқа созылды. Д. Қонаевтың орнына Разумовскийдің ұсынысы бойынша, бұған дейін СОКП- ның Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Республикаға мүлдем бейтаныс адам Колбин тағайындалады.
1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттың санасы, намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгілейді.
Біздің жастар 1986жылы Желтоқсан айында Алматыда ереуілге шықты. Көтеріліске шыққан жастар көбінесе, студенттер еді. Жасақшылар жастарды ұрып соғып азаптады.
Біздің жастар тәуелсіздік жолында маңызды қадам жасады. Олар сол жолда құрбан болды. Олар кімдер еді? Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат (суреттерін көрсету) Армандары толығымен іске асты. Олардың істері бізге өнеге. Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін алды. Өкініштісі құрбан болған боздақтардың осы күнге жетпеуі.
ІІІ. Оқулықпен жұмыс
а) Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы
ә) Оқушыларға іштей оқыту
б) Дауыстап, мәнерлеп оқыту

IY. Сұрақтарға жауап алу
а) Өлең не туралы айтылған? Тәуелсіздік туралы.
ә) Эвристикалық деңгейдегі сұрақтар мен тапсырмалар
Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесің?
Ақын өлең арқылы сендерге қандай өсиет айтқан?
Естісін ел үніңді
Дүние түгел естісін,
Тәуелсіздік туынды
Биік көтер, жас ұлан! (Т. Молдағалиев)

Y. Шығармашылық жұмыс
Тәуелсіздік мерекесі туралы сурет сал.
Балалар, біз бұл Тәуелсіздік күніне алда тойлауға әзірленіп жатырмыз. Ол күні демалыс берілді. Қалада (ауылда) күшті мерекелік шаралар өтеді.
Тәуелсіздікке жиырма үш жыл болды.

YI. Суреттермен жұмыс
1. Тәуелсіздіктің белгісі (Алтын белгі, барыс)
2. Буклет ел рәміздері
3. 1991жылдан бері Қазақстанның жеткен жетістіктері.

YII Ой толғаныс Бүгін нені үйрендік?
- Сонымен, Тәуелсіздік деген не?
Тәуелсіздіктің бастауы - Желтоқсан оқиғасы болды. Тәуелсіздіктің - құдіретті,
Ардақты ұғым. Ата - баба ерлігі - халық мұрасы, оның тарихы, мақтанышы.

YIII. Сабақты бекіту
Тербетіп тұрса болды жер бесігім,
Дәулеттің тілеймін көл көсірін.
Көз тимей, кірбің түспей қабағыңа
Жалғыз ақ құтты болғай енді осы күні!
IX Бағалау. Сабақты Әнұранмен аяқтау.
5 473
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т. Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Т. Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Батырдың биік тұлғасын суреттеу арқылы ұлтын сүйетін, елінің болашағына, өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды азамат тәрбиелеу.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – бақыт жолы» ертеңгілік сценарииі
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – бақыт жолы» ертеңгілік сценарииі
Қазақстанның даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана - сезімін ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру.
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен»
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен»
Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін тереңдету, жаңа білім мазмұнын меңгерту.
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Сатпаев қаласындағы №4 мектеп - лицейінде бастауыш сынып мұғалімі Байжан Халқа Қалжігітқызы
Желтоқсан жаңғырығы – Тәуелсіздік!
Желтоқсан жаңғырығы – Тәуелсіздік!
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы № 13 бастауыш мектеп мұғалімі Маржан Жидебаева
Желтоқсан боздақтары
Желтоқсан боздақтары
Желтоқсан туралы өлең
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×