Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Егеменді ел қорғаны - Қарулы Күштер

21 сәуір 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Егеменді ел қорғаны - Қарулы Күштер.
Сабақтың мақсаты:
1) Балаларда Қазақстандағы Қарулы күштер туралы түсінік қалыптастыру, Әрбір азаматтың Отан алдындағы борышы және міндетін өтеу парыз екенін түсіндіру. ҚР - сының Қарулы Күшінің тарихи кезеңдерін білу.
2) Қарулы күштердің мемлекетімізді сыртқы жаудан қорғау үшін қажет екенін түсіндіру;
3) Отанын, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу. Отанымыздың Қарулы Күштерін мақтаныш ету, патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: психологиялық дайындық, оқулық бойынша әңгіме, эссе, топтық жұмыс, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Қарулы күштер туралы, фотосуреттер, слайдтар, оқулық, парақтар, кесте, т. б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Қоңырау біздің сиқырлы,
Сыңғырлап тағы ән салды.
Шақырды түріп ұйқыңды,
Шеңберге тұр, – деп баршаңды!
Топқа бөлу. Төсбелгілері арқылы топқа бөлу.
1 - топ; Құрлық әскері
2 - топ: Әуе әскері
3 - топ: Теңіз әскері
Сұрақтар арқылы топ басшысын сайлау.
Ой қозғау:
Сұраққа тіке жауап:
1. Қазақтың қазақтығын танытқан не?
2. Тіл туралы заң қашан қабылданды?
3. Ресми тілге қай тіл жатады?
4. Тілдер мерекесін қай күні тойлаймыз?
5. ҚР мемлекеттік тілі қай тіл?
Топтастыру:
- Ана тілі арнап жақсы сөздер айтайықшы.
Егеменді ел қорғаны - Қарулы Күштер.

ІІ. Жаңа сабақ
- Осы еліміздің егемендік алып, тіліміздің сақталып қалуына үлес қосқан батырларымызды білеміз бе?
- Қабанбай, Бөгенбай, Әлия, Мәншүк, Бауыржан, Қайрат, Ләззат, Сәбира т. б.
Жылдар сөйлейді:
Егеменді ел қорғаны - Қарулы Күштер.

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Егеменді ел қорғаны - Қарулы Күштер.
- Дұрыс айтасыңдар балалар, біздің ел болуымызға, тәуелсіздігімізді алуымызға үлес қосқан батырлар бар екен. Бұл батырлар еліміздің тыныштығын, бейбітшілігін қорған. Қазіргі таңда да, еліміздің тыныштығын қорғайтын батыр ағаларымыз бар. Оларды әскер немесе қарулы күштер деп айтады.
- Қарулы күштер дегеніміз не?
- Қарулы күштер неге керек?
Кеңестер Одағы тарағаннан кейін қысқа мерзімде 1992 жылдың 7мамырында ҚР ҚК құрылды..
Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.
- ҚР Қарулы Күштерінің басты мақсаты – елдің егемендігін, аумағының тұтастығын, экономикасын, мемлекеттік институттары мен азаматтарын соғыс қатерінен қорғау, жаугершілік немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын алу. ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күш¬тері құрылуының 20 жылдығы қарсаңында, Үкіметтің 7 мамыр – Отан қорғаушы күнін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі деп белгілеуді көздейтін заң жобасын енгізуі туралы бұйрыққа қол қойды.
Сергіту сәті: «Сарбаздар» әні
Бөлікке бөлінген мәтіндерді оқушыларға таратып беру. Оқу 2 мин
Постерге салу.
1 - топ: Қазақтың қарулы күштері
2 - топ: Қазақ хандығының тұсындағы батырлар.
3 - топ: Ұлы Отан соғысы кезіндегі батырлар.
«Ой толғау»
1 - топ: Мен бас қолбасшы болсам.... (Эссе жазу)
2 - топ: Өлең құрастыру.
3 - топ: Мақал - мәтел айту.
Оқулықпен жұмыс: Мәтінді тізбектей оқу.
Суретпен жұмыс:
- Суреттегі ескерткіш кімдерге арналып қойылған деп ойлайсыңдар?
- Әлия, Мәншүк дегеніміз кімдер?
- Олар қай соғыста ерлік көрсеткен?
- Біз осы батырларға қай кезде гүл қоямыз? Неге?
ІІІ. Қорытындылау
Сұрақ - жауап: - Иә (қолдарын шапалақтау)
- жоқ( аяқтарын тарсылдату)
1. ҚР Қарулы Күштердің Жоғарғы Қолбасшысы Елбасымыз.
2. Қарулы күштер мерекесін 9 мамырда тойлаймыз.
3. Президенттің тікелей өз қамқорлығындағы әскер тобы қыран деп аталады.
4. Ұлы Отан соғысында Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова сынды батырларымыз ерлік көрсеткен.
5. Қазақстанның қарулы күштеріне құрлық әскері, әуе әскері, әскери теңіз әскері, Ұлан әскері жатады.
Бағалау: Топ басшысы арқылы топ мүшелерін бағалау.
Үйге тапсырма:
1. Мәтінді түсініп оқу.
2. «Отанды қорғау - басты парызың» ой толғау.
29 081
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні!
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні!
Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.
Мықты әскер – мықты Қазақстан
Мықты әскер – мықты Қазақстан
Қазақстанның Қарулы күштері жайлы білімді қалыптастырып, білімі мен біліктілігі жоғары, талап – талғамы терең, өз Отанын қорғай білуге, мемлекет басқару құқығын дұрыс пайдалануына үйрету
Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері, Конституция ҚР негізгі заңы. Қоғам және мемлекеттегі Қарулы Күштер
Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері, Конституция ҚР негізгі заңы. Қоғам және мемлекеттегі Қарулы Күштер
Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері, Конституция ҚР негізгі заңы. Қоғам және мемлекеттегі Қарулы Күштер
Жас ұландар - мақтанышы елімнің!
Жас ұландар - мақтанышы елімнің!
Оқушыларға сарбаздар, Отан қорғаушылар жайында әңгімелеп беру. Дүниетанымдарын кеңейту. Ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыстануға баулу
Ұлы бабалар тағылымы
Ұлы бабалар тағылымы
“Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін” деп Қасым Аманжолов жырлағандай, Қазақстанның алыптығы сондай, оның аумағына Франция, Италия, Грекия, Швеция, Норвегия мен Финляндия бәрі бірдей сыйып кете алады. Осындай байтақ, бай
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жауынгерлік дәстүрлері
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жауынгерлік дәстүрлері
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, “№1 мектеп – гимназиясы”КММ АӘД пәні оқытушы – ұйымдастырушысы Қанатбай Мақсат Қанатбайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×