Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат тамашалары

21 сәуір 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Табиғат тамашалары» сайыс
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту
Табиғат және оның тірі бөліктері жайында ұғымдарын дамыту
Табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар
Сабақтың құрылымы мен мазмұны:

Сайыстың барысы:
Психологиялық дайындық
- Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Көк аспан!
Амансың ба, Жер ана!
Амансыз ба, Қадірлі қонақтар!
Амансың ба, Сен!
Амансың ба, Мен!

- Балалар, мына сөзжұмбақты шешейік.
1. Кішкене құс
2. Тәтті жеміс
3. Ұрған сайын семіреді
4. Адамның досы
5. Бізді қоршаған аспан әлемі
6. Сулы жеміс
7. Орман құсы
- Демек, бүгінгі сабағымыз табиғат туралы екен. Табиғат дегеніміз не?
- Табиғат - ол су. Суды тіршілік көзі дейді. Сусыз жер бетіндегі тіршілікті елестету мүмкін емес.
- Табиғат - ол топырақ. Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады.
- Табиғат - ол өсімдік. Өсімдік - бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл - жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда - тамақ, шөлдегенде - сусын, ыстықта - көлеңке, суықта - пана, ауырғанда - дәрі, ренжігенде - қуантатын табиғаттың сұлу көркі. Өсімдік – таза ауа, еліміздің дәулеті - жасыл желек, орман.
- Табиғат - ол Жануарлар әлемі. Жүгірген аң, ұшқан құс, дала ажары - ақбөкен, әні мен сәні - бұлбұл, су аруы - аққу табиғатымыздың сәні емес пе?
- Ендеше, табиғат туралы жұмбақтар шешейік. Жұмбақта алғырлық танытқан балаларды сайысқа қатыстырайық.
Жиегiне шатырдың
Судан шеге қатырдым. (Сүңгi)
Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп жатады. (Мұз)
Қоймасын қыс ақтарып,
Жердi жапты ақ мамық. (Қар)
Жаңбыр жуды жерiмдi,
Көкте өрмек керiлдi. (Кемпiрқосақ)
Түсi бар көрiнбейтiн,
Бiр тұтас бөлiнбейтiн.
Тынысы ол тiршiлiктiң,
Ешқашан жерiнбейтiн. (Ауа)
Жыл мезгiлi шуақты,
Жердiң бетi нұрланған.
Сайды қуып су ақты,
Гүлдер өстi ырғалған. (Көктем)
Орақ болып туады,
Табақ болып тынады. (Ай)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 968
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Экология және біз
Экология және біз
Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір - біріне байланыстылығы, оның ішінде бііз және табиғат байланыстылығын білуге үйрету;
Табиғат – тал бесігім. Эссе
Табиғат – тал бесігім. Эссе
Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған.
Табиғат құбылыстары
Табиғат құбылыстары
Табиғат, қоршаған дүние, табиғат құбылыстары, адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру Әсемдікке баули отырып, экологиялық тәрбие беру
Табиғат кешені
Табиғат кешені
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, Б. Бегалиев атындағы орта мектептің география пәнінің мұғалімі: Баймурзаева Бибігүл Ержанқызы
Табиғатты аялау
Табиғатты аялау
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Шағалалы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Заводхан Роза
Табиғатты аялау
Табиғатты аялау
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Наурызбаева Гульназ Чапетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×