Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем сәні

23 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Көктем сәні
Жалпы мақсаты
• Оқушыларға ертегі мазмұнын айту арқылы, көктем сәні, көктем белгілерін анықтату.
• Ертегіні оқи отырып, ой - өрісін, тілін, сөздік қорларын дамыту.
• Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Табыс критерийлері
1. Болжай отырып, ертегінің мазмұнымен танысады.
2. Ертегіні оқи отырып, өз болжамдарымен салыстыра алады. Өз тұжырымына пікір жазу арқылы түсіндіріп бере алады. Дүниетанымын кеңейтіп, тілін дамытады.
3. Табиғат жайлы білімдерін қолданып, шығармашылықпен жұмыс істейді, қорытынды жасайды.

Негізгі идеялар Ертегінің мазмұнымен таныстыра отырып, көктемгі табиғат сұлулығының сырын ашу.
Қолданылатын модуль түрлері
1. Білім беруде АКТ - ны пайдалану.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау.
4. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
1. Кіріспе бөлім
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың құрал - жабдықтарын түгендеу;
Назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Қызығушылықтарын ояту.
• Мына жұмбақты шеш.
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. Бұл не? (күн)
Сандықтан күннің суретін алу.
Осы көктем күніндей бір - бірімізге жылуымызды, нұрымызды, мейірімімізді шашып жақсы көңіл - күй сыйлай білейік.
Ендеше, балалар тақтадағы слайдқа назар аударайық.
Ерте – ерте ертеде атақты Жыл атасының Қыс, Күз атты екі ұлы және Көктем, Жаз атты екі қызы болыпты.
Балалары өсіп, ер жеткен соң оларды жиып алып, Жыл атасы былай депті:
Балаларым, сендер үлкен азамат болдыңдар, ақылдарың толды. Енді барып халыққа қызмет етіңдер.
Төрт мезгілді үш – үштен бөліп алып, кезекпен үш айдан өз міндеттеріңді атқарыңдар,- депті. Бірақ бір ескертерім; Әрқашан халық үшін, адам үшін жұмыс істейтіндеріңді ұмытпаңдар, - деді. Осыдан бастап, үш айдан тұратын төрт жыл мезгілі пайда болыпты.
Сұрақтарға жауап алу
1. Жыл мезгілдерін ата?
2. Жыл мезгілдерін айлар арқылы табайық?
3. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін атаңдар?
Әр мезгілдің ай аттарын атау.
ІІІ. Топқа бөлу.
Әркім қай мезгілде туылды, сол бойынша топқа отыру.
Топ басшысына бағалау парағын беру.
ІҮ. Үй тапсырмасын сұрау
І. Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңдерін жатқа сұрау. Әр топ бір - біріне өткен сабақ бойынша сұрақтар қояды. «Жазғытұрым» өлеңіндегі көктем белгілерін атау. (жылы жел, су ағады, құстар қайтып келеді, көк шығады, тайды күзейді, ешкіні қырқады, егін егеді, мал төлдейді.)
Үй тапсырмасын қорытындылау.
- Балалар, ендеше тірі табиғаттың бәрі де, көктемді асыға күтіп, көңілді қарсы алып, сезініп, түсінеді екен; 2. Негізгі бөлім
Ү. Жаңа сабақ
Ертегі туралы мағлұмат беру
Ертегі дегенді қалай түсінесіңдер?
1) жануарлар туралы ертегілер;
2) қиял - ғажайып ертегілер, батырлар туралы ертегілер;
3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;
Сөзжұмбақ шешу
1. Жыл мезгілі.
2. Жауын түрі.
3. Өз атын өзі шақыратын құс.
4. Жыл құсы.
5. Алғашқы көктем гүлі.
6. Көктем айы.
7. Көктемде соғатын жел.
8. Көктем айы.
9. Көктемде болатын мереке.
10. Көктемде ағаштар не істейді?
- Олай болса, бүгін біз сендермен аңдардың көктемді қалай сезінетіндігі туралы «Көктем сәні» ертегісімен танысамыз.
Мәтінмен жұмыс
1) рөлге бөліп оқиды
2) әр топқа тапсырма беріледі
1 - топ.
Өздеріңе ұнаған аңдардың суретін салу.
2 - топ.
Көктем туралы эссе жазу.
3 - топ.
Аңдарды мимикамен көрсету.
Сергіту сәті:
Тірек сызбамен жұмыс (алған білімдерін жинақтау)
3. Қорытынды бөлім
 Ертегінің қай түрімен таныстық?
 Аңдардың айтқандарының бәрі де дұрыс, ал олардың айтпағандары бар шығар?
 Ендеше, көзімізді бір сәтке жұмып, көз алдымызға жақын арада келетін көктемді елестетейік.
 Ағаштардың бүршік жаруы, жеміс ағаштарының гүлдеуі, құстардың жылы жақтан ұшып келуі, мейрамдардың келуі 8 - наурыз, 22 - наурыз, малдардың төлдеуі, көктемгі жер жырту, адамдар еңбегі.
Үйге тапсырма Көктем сәні. оқу, әңгімелеу.
Кері байланыс • Оқушылар өздерінің нені білгенін, нені үйренгенін кестеге толтырады.
• Стикерлерге жазып тақтаға іледі.
Қорытынды Өздерін өзі дескрипторлар арқылы бағалайды.
13 951
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Көктем сәні халық ауыз ертегісі
Көктем сәні халық ауыз ертегісі
Ертегінің мазмұнын түсініп, мағынасын ашуға, еркін сөйлей білуге үйрету. Сөздік қорын, логикалық ойын, актерлық қабілетін дамыту. Табиғатты қорғауға, әсемдікті қадірлеуге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Көктем сәні (ертегі)
Көктем сәні (ертегі)
Балаларға ертегіні түсіндіре отырып, балаларды көктем мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.
"Құстар айтысы" үнді ертегісі
"Құстар айтысы" үнді ертегісі
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, "М. Ломоносов атындағы орта мектеп" КММ бастауыш сынып мұғалімі Абраимова Н. С.
Көктем сәні. (Ертегі)
Көктем сәні. (Ертегі)
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бибінұр Құлмұханбетқызы Сеиітова
Көктем сәні (Ертегі)
Көктем сәні (Ертегі)
Сабақтың тақырыбы: Көктем сәні (Ертегі) Сабақтың мақсаты: Білімділік. Ертегіні оқи отырып, табиғаттағы аң - құстардың тыныс - тіршілігімен, түрлерімен таныстыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×