Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік 3 сынып

26 сәуір 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға етістік туралы берілген білімді ойын, дидактикалық материалдар бойынша еске түсіру, талдау, тиянақтау;
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын еркін, ашық жеткізе білу дағдыларын, тілін, әр мәселеге сыни көз қарасын, шығармашылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, жылдам ойлауға
тәрбиелеу. Сауатты, көркем жазуға үйрету.
Сабақтың типі: Білімді тиянақтау
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақта қолданылатын
әдіс - тәсілдер: талдау, салыстыра - ажырату, сұрақ - жауап, ойын,
сәйкестендіру, топтастыру, деңгейлік тапсырмалар
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға етістік туралы берілген білімді ойын,
дидактикалық материалдар бойынша еске түсіру, талдау,
тиянақтау;
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын еркін, ашық жеткізе білу
дағдыларын, тілін, әр мәселеге сыни көз қарасын,
шығармашылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, жылдам ойлауға
тәрбиелеу. Сауатты, көркем жазуға үйрету.
Сабақтың типі: Білімді тиянақтау
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақта қолданылатын
әдіс - тәсілдер:
талдау, салыстыра - ажырату, сұрақ - жауап, ойын,
сәйкестендіру, топтастыру, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекі
құралдары:
суреттер, карточкалар, белгілер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Қазақ тілім – өз тілім – ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім! - деп қазақ тілі сабағын бастаймыз.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды тәрбиелі тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығаруымыз керек.
- Балалар, бүгін көңіл - күйлерің қандай?
- Сабағымызды бастамас бұрын сөзжұмбақты шешіп, жасырынып тұрған сөзді ашайық
1. Ең ардақты адам (ана)
2. Ешкі төлі (лақ)
3. Т. Әубәкіров кім? (ғарышкер)
4. Ер қанаты? (ат)
- Қандай сөз шықты?
- Ендеше бір - бірімізге сәттілік тілеп, сабағымызды жақсы көңіл - күйімен бастайық.
II. «Тез ойла, сөз ойла» ойыны
Не? Кім?
Қой қоздайды. Дәрігер емдейді.
Бие құлындады. Мұғалім оқытады.
Ешкі лақтайды. Ұшқыш ұшады.
Түйе боталайды. Тігінші тігеді.
Сиыр бұзаулайды. Жазушы жазады.
М: Бұл қай сөз табы?
Заттың атын білдіретін сөз табын зат есім деп атаймыз. Ал осы зат есімдер қандай сөз табы арқылы жасалып тұр?
О: Етістік. Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіріп, не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап береді. Олай болатын болса балалар бүгін біздер осы етістік тақырыбын одан ары жалғастырамыз. Бүгінгі біздің сабағымыздың ұраны:
Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз,
Бәрін білуге ұмтыламыз! Ендеше осы ұранды ұстана отырып, сабағымызды жалғастырамыз
III. Білімді тиянақтау Топтастыру әдісімен

дара күрделі
Етістік
не істеді? қайтті?
не қылды?
іс - әрекет қимыл

Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу. Өлеңді түсініп оқы. Дара және күрделі етістіктерді тап.
Балбұлақтар ағады.
Баурайынан таулардың
Балбұлақтар ағады.
Балбұлақтан қанғанның
Бойы сергіп қалады.
Еркін жазу стратегиясы бойынша өлең құрастыру «Ұйқасын тап»
Сабақтан мен______________
Жаман бала_______________
Жақсылармен_____________
Айтқан серттен_____________
Үлкендерді________________
Айтқандарын______________
Көмектесем_______________
Көріңдер, мен_____________
Осы өлеңнен көкейлеріңе не түйдіңдер?
(Үлкенге көмектесу, әдепті болу)
2 - жаттығу. Дара етістікті күрделі етістіктерге айналдырып жаз.
Әжем маған жылы шұлық тоқып берді. Нұрым мен Сырым құстарға үйшік жасап берді. Жиналыс басталып кетті ме? Жездем қуанып қалды ма? Балалар мұзайдынында коньки теуіп жүр. Тиін қарағайдың бүрімен қорек етеді. Солтүстіктен суық жел соғып тұр.

Сергіту сәті
Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын.
Шығармашылық диктант
Оқушылар сабақта диктант..................
Алма қызық кітап...................
Берік достарымен футбол.........
3 - жаттығу. Жаңылтпашты жатқа оқы.
«Серперді» шертермен
Шерте үйрендім.
Шертермен «Серперді»
Ерте үйрендім.
Сөз табын талдау ойыны.
Зат есімге - сары, сын есімге - қызғылт, етістікке - қызыл түсті көтереді.(Оқушылардың шапшаңдылығын дамытады.)
1. Өзен, тау, қалам, ән, бала, киім
2. Тұрды, жазды, сызды, күлді, жауды
3. Биік, әдемі, үлкен, ақылды, таза
4. Ойланып отыр, ұшып келе бастады, сайрап отыр
IV. Бекіту
Оқушылардың білімін бекіту мақсатында деңгейлік тапсырмаларды орындату:
І деңгей
1. Етістіктердің астын сыз:
- Доп, жазды, алды, дәптер, таза, әдемі, жуды, ұшты, барды.
2. Етістікке сұрақ қой?
Аспан, ту, пісірді, қар, жазды, білгір, бірінші, апарды
І І деңгей
1. Дара етістіктерді күрделі етістікке айналдырып жаз:
Ойнады -
Жазды -
Оқыды -
2. Зат есімнің астын бір рет, етістіктің астын екі рет сыз:
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
ІІІ деңгей.
1. Дара, күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп жаз:
Жайнады, бақылап тұр, жалғады, тартып отыр, шашты, ұшты, қонып жатыр, оқып отыр, шауып жатыр, секектеді, билеп жүр, тегістеді, сыртылдайды, шауып барады.

V. Қорытындылау
Етістік дегеніміз не?
Қандай сұрақтарға жауап береді?
Етістіктер нешеге бөлінеді?
Дара етістік дегеніміз не? Мысал
Күрделі етістік дегеніміз не? Мысал
Сөйлемде етістік қандай сөйлем мүшесін атқарады?
VI. Үйге тапсырма беру
5 - жаттығу, 41 бет. Дара етістіктер мен күрделі етістіктері бар сөйлемдерді бөлек топтап жаз.
VII. Бағалау
36 125
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Осы шақ, нақ осы шақ
Осы шақ, нақ осы шақ
Ойлау, есте сақтау, өз ойын еркін жеткізе білу, шығармашылық қабілетін дамыту. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркем жазу дағдыларын жетілдіру.
Етістік
Етістік
Етістік туралы берілген білімді ойын, дидактикалық материалдар арқылы еске түсіру, талдау, бекіту.
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік. Өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтай отырып, етістік туралы берілген білімді әр түрлі материалдар - ойындар бойынша еске түсіру, талдау.
Себеп бағыныңқылы сабақтас
Себеп бағыныңқылы сабақтас
Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолы мен ерекшелігінен алған білімдерін сабақ барысында берілген тапсырмаларды орындау арқылы көрсете білу. Өтілген материалдарды қайталай отырып, оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, бекіту,
Етістік
Етістік
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Бестобе кентінің №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Салменова Жұмабике Амантайқызы
Етістік
Етістік
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кадирова Гүлбану
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×