Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбекқорлық пен еріншектік

28 сәуір 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік
Мақсаты: Оқушылардың «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру;
- еңбекке қызығушылықтарын арттыру;
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, үнтаспа, ақ қағаздар, оқулық, дәптер.
Шаттық шеңбері:
Балалар шеңбер құрып тұрады. «Болайықшы осындай» әнін бәрі бірге айтады.
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.

Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым – ай...

Әңгімелесу
Оқушылардың еңбекқорлық пен еріншектік туралы түсініктерін білу мақсатында әңгімелесу сұрақтары:
- Еңбектену адамға не үшін қажет?
- Еңбекқорлық адамды тағы қандай қасиеттерге баулиды?
- Өзіңді еңбекқормын деп санайсың ба?

Түйіндеу
Еңбекқор адам айналасына да сыйлы, беделді болады. Еңбекқорлық адамды шыдамдылыққа, табандылыққа, ұқыптылыққа, мақсат қоюға, адамдармен дұрыс қарым - қатынас жасай білуге және шығармашылыққа жетелейді.
Мәтінмен жұмыс
В. А. Сухомлинскийдің «Еңбексүйгіш пен Еріншек» ертегісін оқып беру. Балалардың түсініктерін байқау үшін сұрақтар қою:
- Еңбексүйгіш пен еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерін айтып беріңдер.
- «Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Еңбексүйгіштің бойындағы жақсы қасиеттерді атап беріңдер?
Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді:
- Еңбекті сүйетін адам көп еңбектенеді. Өз еңбегінің арқасында ұрпағына, халқына мұра қалдырады. Ал еріншек жалқаулығының нәтижесіңде өз күнін әрең көреді.
Сергіту сәті
Қырға шықсаң өрлеп, (Қолдарын кезек – кезек жоғары көтереді)
Мұның аты – Еңбек. (Екі қолын жаяды)
Кесте тіксең, зерлеп, (Оң қолын ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді)
Мұның аты – Еңбек. (Екі қолын жаяды)
Сабағыңды жөндеп (Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды)
Әзірленсең – Еңбек. (Екі қолын жаяды)
Қиындықтың бәрін (Құшағын ашады)
Еңбек қана жеңбек. (Екі қолын жаяды.)

Тапсырма
«Адал еңбек» дегенді қалай түсінесіңдер?
«Еңбектің жемісі» дегенді қалай түсінесіңдер?
Түйіндеу
Адал еңбек адамды табысқа, бақытқа, қуанышқа жеткізеді.
Адам еңбектің дәмін өзі тер төккенде ғана жақсы сезінеді.
Жасаған еңбегің еш кетпей, пайдалы болғаны өзіңе ғана емес, айналаңдағы адамдарға да, қоғамға да пайдалы, жемісті болады.
Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады.

Дәйексөз
«Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап»
Абай.
Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш – қуатын, ақыл - ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең, мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.
Еңбектің пайдасы:
тәрбиелейді,
жігерлендіреді,
күш береді,
қуантады,
бақытты етеді,
өмір сүруге үйретеді,
үнемшіл болуға үйретеді,
ширатады,
шынықтырады.

Жаңа ақпарат
Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөлінеді.
Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.
Топпен жұмыс
1 - топқа. Берілген кестеге еріншек пен еңбекқорға тән белгілерді бөліп жазыңдар.
2 - топқа. Еңбек туралы мақал – мәтел жазыңдар.

Қорытындылау
Адам бойындағы ең бір жағымсыз қылық – еріншектік, ондай адамның іске мойны жар бермейді. Осыған байланысты Абай атамыз 38 – қарасөзінде «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екінші - еріншектік, үшінші – залымдық – деген екен.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір – біріне жақсылық тілеп, ізгі тілек айтады.
37 715
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңбекқорлық пен еріншектік
Еңбекқорлық пен еріншектік
Оқушыларға еңбекқорлық, тазалық, адалдық, қайырымдылық туралы түсінігін кеңейте отырып, ақиқатқа көз жеткізіп, дұрыс әрекет жасау.
Еңбекқорлық пен еріншектік
Еңбекқорлық пен еріншектік
Адам бойындағы жақсы - жаман қасиеттерді танып, баға беруді үйрену. Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: ертегі мазмұны талдау арқылы, мазмұнын әсерлі жеткізе білу дағдыларын дамыту. Оқушылардың шығармашылық қуатын шыңдау.
Еңбекқорлық пен еріншектік
Еңбекқорлық пен еріншектік
Еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну, іскерліктерін дамыту
Еңбекқорлық пен еріншектік
Еңбекқорлық пен еріншектік
Тақырып: Еңбекқорлық пен еріншектік Құндылық: ақиқат, дұрыс әрекет Қасиеттер: Еңбекқорлық, тазалық, адалдық, қайырымдылық. Сабақ мақсаты: Оқушыларға еңбекқорлық, тазалық, адалдық, қайырымдылық туралы түсінігін кеңейте отырып, ақиқитқа көз жеткізіп,
Тұтқыш жасау (слайд)
Тұтқыш жасау (слайд)
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосы №5 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Елубаева А.Қ.
Еңбек - бәрін жеңбек
Еңбек - бәрін жеңбек
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Бірлік ауылы Құмжарған орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қожанова Күнсұлу Есенғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×