Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз таптары Қазақ тілі 3-сынып

09 қаңтар 2020, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Сөз таптары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сөз таптары туралы білім, білік, дағдыларын жетілдіру;
Дамытушылық: Оқушылардың қиялын шыңдау, байланыстыра сөйлеу тілін арттыру, сауатты жазуға баулу;
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
сабаққа даярлық.
Сәлемдесу
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше баламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме - деп,
Сәлемдесіп аламыз.
Мен қандаймын?
- Ақылдымын
- Әдептімін
- Ұқыптымын
- Сүйкімдімін
- Әдемімін
- Білімдімін
- Зерекпін
- Кішіпейілмін
- Қазақтың ұлымын
- Қазақтың қызымын
- Әжемнің шуағымын
- Отанның ұланымын
- Сабырлымын
- Мейірімдімін

Топтастыру:
Зат есім
Сын есім
Етістік
Сан есім

Білу
«Өткен тақырып көлемі бойынша ережелер сұрау»
1 - топ Сөз және оның құрамы. Түбір деген не? Қосымша деген не?
2 - топ Жұрнақ деген не?
Жалғау деген не?
3 - топ Түбір мен қосымшаның жазылуы
4 - топ Түбірлес сөздер және туынды сөздер

Түсіну
«Өз қиялыңнан ертегі құрастыру»
1 - топ Зат есім
2 - топ Етістік
3 - топ Сан есім
4 топ Сын есім

Талдау
1. Ертегілерді салыстыру
Ғаламдағы асқан өнер айналадағы көркем сұлулықты бейнелей алу шеберлігі. Мұндай өнер шеберлері әншілер, жазушылар болса, осындай хас шебер көсемі суретшілер болмақ.
Өткен заманда осындай сұлулықты бір суретші Зат есім атты бояумен келтірген екен. Оның суреттерінде зәулім үйлер, асқан таулар, оқу құралдар мен небір заттар бейнеленген екен. Алайда, сыншылар бұл суреттерді табиғатты толыққанды бейнелемей тұрғанын айтады. Өз шеберханасында көп ойланып, толғанған шебер өз суреттеріне жаңа бояуларды қатыстыруды шешеді. Ол бұрын соңды болмаған етістік бояуын пайдалануды шешеді. Енді оның суретіндегі заттар құбылысқа айналып, қозғалысты бейнеленетін болған. Манағы таудан өзен ағып, зәулім үйлер аспан тіреп, бұлттар ағып, күн шығып келе жатуы, жүгірген бала, күлген қыз бейнелері келеді. Көркем суреттер шығарылғаннан кейін оларда сыншылар да, халық та өмірді дұрыс әрі көркем бейнелейтініне тамсаныпты.
Баяғы өткен заманда Етістік деген әлемде әртүрлі заттар тіршілік етіпті. Заттардың не түсі, не пішіні болмай қызықсыз өмір сүріпті. Күндердің күнінде бұл елге өте алыс жерден Сын есім қария келіп елмен танысады екен. Сонда қария аң - таң болып, әр тұрғынмен танысып, сөйлеседі: - Сенің атын кім? - деді қария заттың атымен танысайын деп.
- Алма – деп жауап берді ештеңеге ұқсамайтын зат.
- Мұнда не істеп жүрсің? – деді қария іс - қимылын білейін деп.
- Күз келгендіктен біз пісеміз – деп жауап береді.
- Сын есімнің жаны қатты ашып, барлық заттарға қуаныш сыйлайын деп сөзін бастайды.
- Алма сен бұдан былай, қызыл, домалақ, дәмді алмасын – дегені сол еді алмамыз қып - қызыл, домалақ болды да қалды. Солай бір апта бойы қонаққа келген Сын есім қария қол үзбей жұмыс істейді екен. Бұл елде бақыт орнау үшін бізде өзіміздің қол ұшымызды беріп көрейік. - Шөп қандай болады? (жазыл, сары) - Аспан қандай болады? (көгілдір, үлкен)
- Қария қай жерден келді? (алыстан) - Жарайсыңдар балалар, енді ой түйіп көрейік.
Содан енді адамдар Суреттерді бояп, оған қимыл берген соң енді ондағы заттар санын санауды мақсат тұтып өз елінде Сан есім атты кішігірім патшалық құрыпты. Бұл патшалық өте әділ болыпты барлық нәрсені тең жасап бір зат екінші заттан артық кем болмауын көздепті. Осылайша төрт патшалық бірігіп үлкен Сөз таптары атты мемлекет құрыпты құрыпты. Және онда Зат есім, сын есім, тегістік және сан есімдер үйлесімді әрі тату өмір сүріпті. Және олар адамның өмірін одан әрі қызықты болуына бірігіп күш қосыпты.

2. Оқулықпен жұмыс
1 - жаттығу.
1. Заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз.
2. Заттың қимыл, іс - әрекетін білдіретін сөз табын етістік дейміз.
3. Заттың сапасын, түр - түсін білдіретін сөз табын сын есім дейміз.
4. Заттың санын, ретін білдіретін сөз табын сан есім дейміз.

2 - жаттығу. Әр сөз табы туралы білетініңді айт.
Нені білдіреді? Қандай сұрақтарға жауап береді?
Зат есім
Етістік
Сын есім
Сан есім
1 - топ Зат есім – Етістік
2 - топ Сын есім – Сан есім
3 - топ Етістік – Сын есім
4 - топ Сан есім – Зат есім

Қолдану
Дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу.
3 - жаттығу сөздерді оқу, сұрақтар қойып мағыналарына қарай кестеге орналастыру:
Зат есім (жұлдыз, ата, ақын, адам, құс)
Етістік (оқыды, жуынды, жүзді)
Сын есім (көк, үлкен, биік, жасыл)
Сан есім (екі, жеті, отыз)

5 - жаттығу. Жаңылтпашты оқып жатқа айт. Сөздердің қай сөз табына жататынын анықта.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?
Етістік – оқиды
Сан есім – жатқа айтады
Сын есім – түсіндіреді
Зат есім – сөз таптарын анықтайды.

6 - жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтіннен борсық туралы не білетініңді айтып бер.
Зат есім – оқиды
Сын есім – әңгімелейді
Сан есім – мәтінге ат қояды
Етістік – мәтін түрін анықтайды

Жинақтау
Қорытындылау
1. 7 - жаттығу. Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендір.
Зат есім - аққу, емен, оқулық, ауа
Етістік - биледі, өсті, тазалады, ұшты
Сын есім - әдепті, қызық, қоңыр, қышқыл
Сан есім - жеті, тоғыз, жиырма, елу, мың

2. Суретпен жұмыс.
Зат есім – заттың атын табу
Етістік – қимылын анықтау
Сан есім – заттардың санын анықтау
Сын есім – суретке жан бітіріп бояу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:
6 - жаттығу, борсық туралы берілген мәтінді оқу, бастапқы бөлігін көшіріп жазу.

ІХ. Оқушыларды бағалау
Оқушылар өздерінің білімдерін сәйкестендіру парақшалары бойынша бағалап, топтар бір - біріне жақсы тілектер айтады.
КЕРІ БАЙЛАНЫС
Маған сабақ ұнады
Мен сабақты түсінбедім

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кенті
Д. Қонаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Акылбекова Карлыгаш Изтаевна
79 633
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Сөз таптары. Зат есім.
Сөз таптары. Зат есім.
Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
Сөз таптары
Сөз таптары
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі. Бастауыш сынып мұғалімі Базарова Ақмарал Қайыржанқызы
Мен қазақтың қызымын
Мен қазақтың қызымын
Мен - қазақтың қызымын! Мен - қазақтың қызымын, байлығымын. Ата - анама күш беретін айбынымын. Ойласам тәуелсіз елім қазағымды, Ұмытылар бойымдағы қайғы - мұңым.
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×