Білімділер поралы

Хабарлы сөйлем

Тақырыбы: « Хабарлы сөйлем»
Мақсаты: 1. Хабарлы сөйлемдер туралы түсінік беру. Мәтіндегі сөйлемдерді ажырата білуге үйрету.
2. Сауаттылыққа қалыптастыру. Тіл байлықтарын дамыту, сөздік қорларын молайту.
3. Туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Көрнекілігі: Астана қаласының көрнекі жерлері бейнеленген слайдтар

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, бүгін біз сендермен Астана қаласына саяхатқа барамыз. Қажетті заттарымызды алып, орнымызға жайғасайық.
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.
Саяхатқа автобуспен барамыз. Әр қатардан бір оқушы келіп, өз қатарындағы оқушыларға автобус билетін алу керек. Билетті тек сұраққа дұрыс жауап берсек қана ала аламыз.
І қатар.
Сөйлем дегеніміз не?
ІІ қатар.
Сөйлем неден құралады?
ІІІ қатар.
Берілген сөздерден сөйлем құра.
Күні, демалыс, бардық, мұзайдынға
ІІІ. Жаңа сабақ.

- Барлығымыз Астанаға келіп жеттік. Саяхатымызды әйгілі Бәйтеректен бастайық.
Бәйтерек
Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да ерекше. Биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады.

- Бірінші сөйлемде не туралы айтылған?
- Екінші сөйлемде не туралы айтылған?
- Сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылған?

Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте(.) қойылады: Оқушылар мұражайға барды.

- Ғажайып Мұхитаралға да келіп жеттік.
Бұл әлемдегі мұхиттан 3000 километрден астам қашықтықта жатқан бірден - бір Мұхитарал. Мұхитаралдың сыйымдылығы 3, 8 миллин литр суды құрайды. Оның салтанатты ашылуы 2006 жылдың 18 қазаны күні болып өткен.
224 - жаттығу.
Итбалық туралы мәтінді оқу. Әр сөйлемде не туралы айтылған? Сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылған?
225 - жаттығу.
Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жазу. Мәтінге ат қою.

Ханшатыр
Хан Шатыр, әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры болып табылады және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады. Хан Шатыр ОССО – бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын - сауық және сауда - саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл - орталық болып саналады.

Мұнда сендерді қызықты тапсырмалар күтіп тұр.
Ойлан, тап!
Берілген сөйлемдегі ерекше сөздерді тап.
Азиза шалаш туралы аса қызық әңгіме айтты.
(Азиза, шалаш, аса, қызық - солдан да, оңнан да оқысаң бір мағына береді)
Берілген сөздердің соңғы буындарын алып, сөйлем құра.
Кеден, асау, халық, телевизор, бай, жаңалық
(Денсаулық - зор байлық.)

Осы жерден базарлыққа қазақтың ұлттық киімдерін қарастырайық.
226 - жаттығу.
Сөздерді оқып, әйелдердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек, ерлердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек топтастыр.
Сәукеле, орамал, жейде, жаулық, күпі, құлақшын, ішік, қамзол, шәлі, шекпен.
(Арнайы интерактивті тақтада топтастыру.)
227 - жаттығу.
Алдыңғы жаттығудағы қарамен жазылған сөздерді қатыстырып сөйлем құра.(Орамал, құлақшын, қамзол)

Балалар, Астана - еліміздің мәдени, саяси орталығы. Мұнда Елбасының Резиденциясы орналасқан.
Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20 — 40 см болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1 - қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м.

Егер осы жерден Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлын кездестіре қалсаңдар, ол кісіге қандай тілек айтар едіңдер, не сұрар едіңдер?(Оқушылардың пікірлерін тыңдау)

Біздің еліміз көптеген алыс - жақын шетелдермен экономикалық, мәдени, саяси қарым - қатынастар жасайды. Сондықтан Астанадағы Бейбітшілік және Келісім сарайының маңызы зор.

Бейбітшілік және Келісім сарайы
Бейбітшілік пен келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астана қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан. Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м; ауданы 25, 5 мың м².

228 - жаттығу.
Берілген сөйлемдердің хабарлы сөйлем екенін дәлелде. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
- Балалар, біздің үйімізге қайтатын уақытымызда болыпты. Теміржол вокзалына барып, поездағы орнымызға орналасайық.
Төгеді Есіл төңірегіне өмірлі ән,
Өз Астанаң өз қолыңмен соғылған.
Енді, қазақ, бір - біріңді аяла!
Түбі бірге түп қазыққа шоғырлан!- деген Күләш Ахметованың өлең жолдарымен бүгінгі сабағымызды аяқтайық.
Материал рейтингісі:
  • 100
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адамдық диханшысы
  • Асель28
    Жазған: Асель28
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 78
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 78
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика