Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


8 санын қосу және азайту

06 мам 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
1 ә сыныбында математикадан өткізілетін ашық сабақ жоспары
Сабақтың аты: 8 санын қосу және азайту
Сілтеме: Математика 1 сынып, әдістемелік құралдар, слайдтар, сабақ жоспары
Санды қосу және азайту амалдарымен есептер шығарту арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру. Білімдерін тереңдету, жүйелеу, математикалық тілде сөйлеу шеберліктерін арттыру. Пәнге деген қызығушылығын туғызу. Сенімділікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа,
ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Міндеттер:
Оқушының алған білімін жүйелеу, тақырып бойынша ой қорытындылау жасау. Күнделікті өмірде қолдана білу, мәндерін ажырата білу.
Мұғалім үшін оқу нәтижелері:
Оқуға бағыт - бағдар беру. Топта жұмыс жасату арқылы тақырыпты меңгеріп, есептеу дағдыларын игеруге жол ашу. Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін орнату.
Сабақтың түрі, әдіс - тәсілдері Жұптық жұмыс, диалогтық оқыту, СТО, топпен жұмыс, сұрақ - жауап, түсіну, талдау, қолдану, қорыту.
Сабақ көрнекілігі
Видеопроектор, слайдтар, фотоаппарат, түрлі - түсті карточкалар, топтық жұмыстар жазылған бетшелер, фломастер, стикер, маркерлер.

Күтілетін нәтиже
Оқушылар амалдардың орындалу тәртібін біледі.
Ережелерді есептер шығаруда қолдана біледі.
Өздерін және сыныптастарын бағалай біледі.
Сыни ойлау арқылы есептеудің тәсілдерін меңгереді.

Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу тренингі;
2. Сергіту жаттығуы;
3. 5 ке дейін санай отырып топқа бөлу;(5 минут)
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Ой қозғау: Көпір тапсырмалары
(5 минут) Әр топтан оқушылар жауап береді
1. Білу теориясы ( топтық жұмыс)
2. Семантикалық картаны толтыру (5 минут)
АКТ қолдану арқылы тапсырма беру Әр топ деңгейлік тапсырмаларын орындайды
2. Түсіну теориясы (5 минут)
Неге? неліктен? себебі? не үшін? деген жетелеуші сұрақтар қою арқылы оқушыларды с. т. о.- ға жетелеу Оқушылар алған білімдерін ортаға салады.
3. Талдау теориясы ( 5минут)
Оқушылардың теориялық түсініктері тексеріледі
8 санын қосу және алу амалдары туралы ойларын ортаға салады, топтастыру стратегиясын орындайды
1. Қолдану теориясы ( оқулықпен жұмыс орындалады)(5 минут)
Слайдтан тапсырмалар
Көрсетіледі. Дәптермен жұмыс; №1, 3, 4 есептер
5. Жинақтау теориясы (венн диаграммасы), ( 7 минут)
1. 10 ға дейінгі сандардан жұп, тақ сандарды айырып, ортақ жағдаятты анықтайды.
2.«Сиқырлы фигуралар» Әр топ тапсырманы орындап, қағазға түсіріп дәлелдейді.
Геометриялық фигуралардан әр түрлі заттар пішінін құрастыру.
6. Баға беру практикасы (5минут)
Сен қалай ойлайсың, 8 саны қандай сан?
деген ой қозғау сұрағы арқылы
оқушыға жетелеуші сұрақ қояды Шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқушылар тапсырма орындайды

Бағалау
Түрлі түсті жүрекше стикерлер арқылы бағалау; Стикер саны арқылы әр топқа орын беру және жеке оқушыны бағалау;
Үйге тапсырма беру (2минут)
Қайталау және «Ойлан, тап» есебін шығарып келу Күнделікке баға қойғызып,
тапсырма жазады.
Рефлексия (3минут)
Білім беруді және оқытуды бағалау
мақсатында өзін - өзі бағалауға бейімдеу.
Кемпірқосақ түстерін пайдалану; Жасыл - сабақ қатты ұнады, бәрін түсіндім;; Сары - ұнады, бірақ түсінбегендерім бар; Қызыл - ұнамады, түсінбедім;
Әркім өзіне лайықты стикерлерді кемпірқосақ бетіне орналастырады.
3 841
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Логарифмдері бар өрнектерді түрлендіру
Логарифмдері бар өрнектерді түрлендіру
Логарифмнің ұғымы мен логарифмдердің қасиеттерін есептерді шығаруда қолдана білуге дағдыландыру.
Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу мен азайту ұғымын біледі, түснеді және есеп шығаруда пайдалана отырып топпен жұмыс істеуге дағдыланады
Рационал сандарға амалдар қолдану
Рационал сандарға амалдар қолдану
Рационал сандарға амалдарды қолдануды түпкілікті түсіндіріп, бекіту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық,
Нақты санның п - ші дәрежелі түбірі және оның қасиеттері тақырыбына есептер шығару
Нақты санның п - ші дәрежелі түбірі және оның қасиеттері тақырыбына есептер шығару
Нақты сандардан алынған түбірлер мен оның қасиеттері туралы білімдерін тереңдету және жүйелеу, осы қасиеттерді есеп шығаруда қолдана білуге үйрету, есептеу дағдыларын арттыру, математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Өрнектер а+9 а - 9 а - 0 а+0
Өрнектер а+9 а - 9 а - 0 а+0
СҚО, Шал ақын ауданы, Жаңажол орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Габдуллина Гаухар Кажгалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×