Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есім

06 мам 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сын есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін еске түсіру, тереңдету, бекіту.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілетін, сауатты әрі көркем жазу дағдысын жетілдіру, дамыту.
Тәрбиелігі: Тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тілді құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер, сызбалар.
Әдісі: СТО стратегиялары, топпен жұмыс, шығармашылық тапсырма.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, әдебиет

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
Психологиялық дайындық
Өнер алды - қызыл тіл
Анаңдай оны құрметте!
Қажымай, талмай үйрен, біл,
Асылын сөздің өрнекте.
Ана тіл - асыл қазына,
Байлығың - білсең ол сенің.
Жеткізер өмір жазына,
Сонымен өсер өркенің,
1) «Топтастыру» (слайд) стратегиясы бойынша мағынаны тану.

2) Көркем жазу минуты.
Сергіту сәті

Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Көркем етіп жазайық.

 Өнерлі бала елдің көркі,
Үкілі қамыс жердің көркі.

3) 1 - жаттығу
Көп нүктенің орнына сұраққа жауап болатын сын есімді қойып, мақалдарды толықтырып жаз. Мақалдың мазмұнын түсіндір.
4 ) “Менің бағытым” ойыны
1. тәтті ------ жар
2. тік -------- адам
3. тегіс ------ қант
4. суық ------ қоян
5. сұр -------- су
6. ақылды --- жер
5) 2 - жаттығу
Өлеңді оқып, туынды сын есімдерді табу. Туынды сын есімдер қалай жасалатынын еске түсіру.
Шопан атаға
Ай мүйізі шоқпардай,
Шүйделері тоқпақтай,
Тегене құйрық қошқарлы,
Малды берсең қойды бер!
Ұлды берсең, бойлы бер,
Жұртқа ақыл салғандай
Ақылы артық ойлы бер!...
6) сиқырлы фигуралар ойыны. Әр игураның ртында әрптер болады.
а т щ і ы к с қ ұ р Осы әріптерден сөздер құрастырыңдар.

7) 3 – жаттығу.
Төмендегі зат есімдерге сол зат есімдердің бірінші дыбысынан басталатын сын есімде тауып тіркеп жаз.
өрен
күй
еңбек
көше
су
күн
талап
Сергіту сәті
8)
9) «Кім жылдам?» ойыны
Төмендегі сын есімдерді жылдың төрт мезгілінің суретінің астына қатыстырып жазу:
Суық, ыстық, ызғар, боранды, батпақты, жаңбырлы, дымқыл, салқын, шуақты, жылы.
Қыс...
Көктем...
Жаз...
Күз...

Қорытынды
10) Семантикалық карта
--------------- Зат есім ---- Сын есім ---- Сан есім ---- Етістік
ақылды
табиғат
жинады
мың

Бағалау
Үй тапсырмасы:
6 569
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Сауатты жазуға төселдіру, көркем жазуға тәрбиелеу. Ұжымдық жұмысқа үлес қосу үстінде өз бетінше ойлау, іздену әрекетіне баулу.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін тереңдету. Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілетін сөздің қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Сын есім
Сын есім
ОҚО, Түркістан ауданы, «Қос Қорған» жалпы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Жаппаров Шарипжан Рахимович
Зат есім
Зат есім
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ынтымақ негізгі жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұржанова Қызғалдақ
Бастауыш сынып күнделікті сабақ жоспары
Бастауыш сынып күнделікті сабақ жоспары
Бекболатовна Қазақ тілі Негізгі және туынды зат есім Математика Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу тәсілі Әдебиеттік оқу «Ақыл мен Бақыт» (Түрікмен ертегісі) В. Росин «Бұғышақ пен оның серігі». (Ертегі).
Синонимдер
Синонимдер
Жангелдин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекенова Индира Қонысбекқызы Сыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: Синонимдер Сабақтың мақсаты: Білімділік - мәндес сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып анықтамасын оқушылардың өздері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×