Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


К дыбысы мен әрпі

11 мам 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: К дыбысы мен әрпі.
Мақсаты: Оқушыларға Кк дыбысы әрпін меңгерту.
Техникалық құралдарды қолдану, оның тиімділігін іс жүзінде көрсету.
Тез, шапшаң оқу дағдыларын арттыру.
Ойын арқылы тапсырманы тиянақты орындауға дағдыландыру, жазу жұмыстары арқылы талғампаздыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, талдау.
Көрнекілігі: Кеспе әріп, слайдтар, үлестірмелі карточкалар.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасын тексеру.
Психологиялық дайындық:
Тыныштықты сақтау.
Бір - бірімізді тыңдау.
Ойымызды толық айту.
Балалар, өткен сабақты қайталап, еске түсірейік.
Дыбыс деген не? (Естиміз, айтамыз)
Дыбыс нешеге бөлінеді? (Дыбыс екіге бөлінеді)
Қандай? (дауысты, дауыссыз)
Дауысты дыбыстар қалай айтылады (созылып)
Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады (қысқа)
Әріп деген не? (жазамыз, көреміз)
Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
Е – дыбысы.
Е дыбысы қандай дыбыс (дауысты)
Қандай дауысты (жіңішке)
Қалай айтылады (созылып)
Сөздің қай жерінде кездеседі? (барлық буынында)
Оқулықпен жұмыс
Бағандағы сөзді тізбектей оқыту.
Сөйлемді оқыту.

«Кім шапшаң» ойыны.
«Е» дыбысы басында, ортасында, аяғында кездесетін сөзді айтқызып, тақтада орындау.
Буынға, бөлу, дыбыстық талдау жасау.

Жаңа сабақ.
Жұмбақ
Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастайды,
Бұл қай кезде болады? (күз)
- Қазір қай мезгіл?
- Күздің нешінші айы?
«Күз» сөзінде бірінші қай дыбыс естіледі? (К)
«К» - қатаң дауыссыз.
Слайд.
Кеме, кит.
Кеме – өте ерте заманнан пайдаланылып келеді.
Жүк кемелері бір жерден, екінші жерге жүк тасиды.
Ал жолаушылар кемесі адам тасиды. Олардың ішінде, спорт зал, бассейн, кітапхана бәрі болады.
Кит – балықтың үлкені. Басқа балықтардай желбезекпен емес, өкпемен дем алады.
Көбелек – күнде өздерің көріп жүрсіңдер.
Көбелек сөзін буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.
Қ – К дыбысының ұқсастығын, айырмашылығын атау.

Ойын «Сыр сандық»
Бағандағы сөздерді оқу.
«Кеме» мәтінін оқып түсіндіру.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Ауада жазу.
Дәптерге жазу.
Слайд.
Кемел ойыншық жасады.(сөйлем, үш сөз, бас әріп, нүкте)
Бағандағы сөздерді оқыту.
«Кеме» мәтінін оқыту.

Сабақты бекіту:
Ребус шешу
Үйрек
Бесік
Ойын: «Жоғалған буындар»
Ке же ке ке
Бе се ме
Бүгін қандай дыбыспен таныстық (К)
Дауысты ма, дауыссыз ба? (дауыссыз)
Сөздің қай буынында кездеседі (барлық буынында)
К – ден келетін сөздерді айтқызу.
Мадақтау.
17 166
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Я дыбысы мен әрпі
Я дыбысы мен әрпі
Я дыбысы - дауысты дыбыс. Сөздің көбіне басы мен ортасын - да кездеседі. Орыс тілінен енген яхта сөзінде сөз басында кездеседі.
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Буын туралы түсініктерін кеңейту, қол қимылын жаттықтыру.
К дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылы Т.Амандосов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нургул Жалгасова Кулмановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×