Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Достығымыз жарассын!

12 мам 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт – дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, оқушылардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, оқушылардың жаңа қырларын ашу.
Мұғалім:
- Сәлеметсіздер ме, ұстаздар, оқушылар мен құрметті ата - аналар қауымы.
Бүгінгі біздің «Достығымыз жарассын!»- деп аталатын сайысымызға қош келдіңіздер!
Жаса елім, жаса достық бірлікпен,
Көштен қалма, қалма және тірліктен.
Елім менің – Қазақстан Отаным,
Алға жаса, жаса мәңгі,
Тек достықпен, өзгеде ел - халықпен - деп бүгінгі сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, қазақ халқының осын - ша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтар - дың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде. Әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату - тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді.
Бүгінгі топтармен бірге ұйымдастырып отырған сайысымызда, әр топтар шама – шар - қына қарай төрт топқа бөлініп, төрт түрлі ұлттың өнерімен, халқымен, салтымен, ұлт - тық киім үлгісімен, ұлттық тағамымен өнер көрсете отырып, сайысқа түспекші.
1 - топ: «Қазақтар»
2 - топ: «Орыстар»
3 - топ: «Татарлар»
4 – топ «Өзбектер»
Жүргізуші:
Қара қылды қақ жарған,
Әділ сынды дәл айтқан.
Бағаларын береді,
Көрсеткен жақсы өнерге, - дей келе әділ - қазылар алқасын сайлап алайық.
Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
1 кезең. Әр ұлт өзін өзі тілінде таныстыру.
2 кезең. Әр ұлт өз ұлттық киімін көрсеті.
3 кезең. Әр ұлттың салт - дәстүрі.
4 кезең. Әр ұлт өкілінің ұлттық тағамы.
5 кезең. Әр ұлттың өз өнерін көрсетуі.
Бүгінгі сайыстың 1 - ші кезеңінде ортадағы халықтар өздерін таныстырып өтсін.
Алғашқы топ: Мінезі бар салмақты,
Алғашқы топ «Қазақты»
Қарсы аламыз бәріміз,
«Қазақ» деген халықты.
Ортада «Қазақтар» тобы өздерін таныстырады.
Жүргізуші: Көршімізді сыйлаймыз,
Қонақ келсе қимаймыз,
Қасымызға алып - ап,
100 күндетіп тойлаймыз,- дей келе ортағы «Орыстар» тобының таныстыруын тыңдайық.
Жүргізуші:
Тағамы оның әртүрлі,
Татар халқы ортада.
Үнемі олар билейді,
Мың бұралып ортада, деп ортаға «Татарлар» тобын шақырамыз.
Жүргізуші: Көшіп - қонып жүретін,
Ала дорба асынып,
Киноларға түсіріп,
Шаршамайтын өмірден
Ортада «Өзбектер» тобы өздерінің таныстыру өлең шумақтарымен.
Топтарымызға рахметімізді айта отырып, әділ - қазыларына сөз кезегін береміз.
Мұғалім: «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалында. Бұл сөз - дің қаншалықты дұрыстығын өмір көрсетіп отыр.
Мынадай бір аңыз бар:
Бір қарт өзінің ұлдарына бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әурелеп, былай әурелеп шыбықты сындыра алмайды. Сонда қарт буманы шешіп, шыбықтарды бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады.
Сонда ақсақал қария: «Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің әлі келмейді, ал жеке - жеке өз беттеріңмен жүрсеңдер, әр қайысыңды біртіндеп құртады» - дейді.
Әрине, мұның барлығы шындық. Бірлігі жарасқан елдің болашағы жарқын болады.
Сонымен кезекті «Өнерлі біздің халқымыз» атты сайысқа береміз.
Ортада «Қазақтар» тобы: «Қара Жорға» биімен.
«Орыстар» тобы: Келесі: орыс ханымдарының билеріне кезек берсек.
Ал, енді ортада «Өзбектер» тобы өздерінің ерекше өнерімен.
«Татарлар» тобы: «Татар жыры».
Ал, халқымыздың өнеріне тәнті болдық. Бағасын әділ - қазыларымыз бере отырсын.
Жүргізуші:
Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар,
Мейірлері жарасқан.
Дос жүректер біріккен,- дей келе келесі кезең ұлттық киім үлгісін көрсету.
Жүргізуші: Әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Салт - дәстүрлер ұрпақтан - ұрпаққа бе - ріліп отырады. Әр халықтың өзінің ұлттық ертегісі, бесік жыры бар. Бірақ олардың бәрі - де бір атаның баласындай бақыт, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін өмір сүреді. Бұл мақсат бәрінің басын біріктіреді.
Сонымен ортада әр халықтың салт – дәстүрінен үзінді.
Қазақ халқы « Тоқым қағар» салтымен ортада.
Орыстар бүгін «Келін түсіру»» салтын алып келген.
Татарлар назарларыңызға «Тайквандо» спорттық биін көрсетеді.
Өзбектер « Қыз ұзату» салтын ортаға паш етеді.
Енді әділ қазылар алқасы өз бағаларын көрсете отырсын.
Мұғалім:
Қанша ұлт болсын,
Қанша салт болсын,
Ынтымағы жарасқан
Мәдениетті ел болсын,- дей келе сайысқа түсуші қонақтарымызға кезекті берсек. Олар бізге өздерінің ұлттық тағамдарымен таныстырса.
Сонымен, кезекті әділ - қазылардың шешіміне берсек.
Мұғалім:
Жеңімпаздарды құттықтай отыра мына өлең жолдарын сіздерге арнаймыз:
Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар,
Қазағымның елін, жерін қорғайтын
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
Міне, осындай егеменді еліміз,
Кең жазира, ұлан - байтақ еліміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз - дей келе барлықтарыңызға рахметімді айтамын.
Оқушылар өз өнерлерін көрсеткені үшін, және қатысқан ата – аналар мен мұғалімдері -
мізге алғысым шексіз.
Хормен: Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1 мамыр құтты болсын!
Енді барлығымыз ортаға шығып «Аман болшы халқым» биін бірге билейік.
Келесі кездескенше, сау болыңыздар!!!
27 498
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Достығымыз жарасқан
Достығымыз жарасқан
1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Достығымыз жарасқан
Достығымыз жарасқан
1 - мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі туралы, достық туралы түсінігін жетілдіру, басқа ұлттармен қарым - қатынасын нығайту. Ынтымақтастыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Ортақ біздің жеріміз
Ортақ біздің жеріміз
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Бірлік ауылы, №5 "Айгөлек" балабақша МКҚК тәрбиешісі Бисенова Жансая Ғлажадинқызы
1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні, Достық мерекесі
1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні, Достық мерекесі
1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Бейбіт болсын болашақ
Бейбіт болсын болашақ
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақшасы»ММ бастауыш сынып мұғалімі Жуманиязова Жулдыз Дуйсенгалиевна
Жаса, Қазақстан
Жаса, Қазақстан
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі. Ешбаева Кенжегүл Өтелбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×