Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


10 көлеміндегі сандарға 6 ны қосу, азайту

12 мам 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: 10 көлеміндегі сандарға 6 ны қосу, азайту..
Мақсаты: Оқушыларға 10 көлеміндегі сандарды 6 – ға қосуды, одан азайту жолдарын еске түсіртіп, берілген тапсырмаларды пысықтауға жаттығулар орындату.
Дамытушылғы: Оқушылардың ой - өрістерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, есептеу дағдылары арқылы білімдік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: Тапқырлыққа, жылдамдыққа, бірлікке, зеректілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлері слайд, парақшалар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындау.
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Оқысақ жолықтыра қоймайтұғын
Ғылымдар патшасы боп дараланып,
Математика - қызықты тоймайтұғын.

- Балалар, бүгінгі сабағымыз кендегіден ерекше болмақ. Бізге көп қонақтар
келіпті. Қонақтарымыз біздің математика пәнін қалай меңгеріп жатқанымызды. Яғни қосу, азайту амалдарын теңдеуді шешуді, екі амалмен шығатын есептеуді қалай орындайтындарымызды көріп біледі.
Сондықтан бүгінгі сабақта бар білімімізді көрсетіп, бәріміз дұрыс нақты жауап беруге тырысамыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
Бәріміз орындадық па? Аралап тексеріп шығамын. Үш қатардан бір - бір оқушыдан оқытамын.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыз - өткенді қайталап пысықтау, яғни білімді тиянақтау.
Сабағымыздың мақсаты: іс көлеміндегі сандарды 6 - ға қосып, сандардан 6 - ны азайтуға берілген тапсырмаларды тиянақты орындау.
- Балалар жылдың неше мерзімі бар?
- Жылдың 4 мерзімі бар.
- Осы жылдың 4 мерзімін кім атап береді?
- Көктем, жаз, күз, қыс.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс.
- Ендеше «Қыс» мерзіміне байланысты сөйлем құрайық. (Қыс келді)
- Жақсы балалар, осы «қыс» мезгілінде болған бір оқиға (ертегі айтып берейін)
- Қыстың бір шуақты күні өріске жайылып келу үшін, таңертең қорадан
шығып кеткен құлын, бота, бұзау, қозы өзеннен орманға өтеді. Кешке қайтпақшы болады. Бірақ олар аяқ басқан сайын өзендегі мұз сықырлап, шытынап жарыла бастайды. Қорқып кеткен төрт түліктің төлдері бірі маңырап, бірі боздап, мөңіреп, кісінейді. Осы кезде олардың дауысын естіген қасқыр орманнан шығады. Бұл кезде Арман деген бала малдарын іздеп шыққан еді. Балаға жолыққан қасқыр менің тапсырмамды орындасақ малдарыңның қайда жайылып жүргенін айтамын дейді. Ал балалар Арманға көмектесейік.
Қасқырдың тапсырмасы:
- Қыс болғандықтан бұлттар күннің көзін жауып алды. Сол күннің көзін
ашуға көмектес депті. Арманға күннің көзін ашуға бәріміз көмектесейік.
Бұлттың артындағы тапсырманы орындау.
Оқулықтағы № 1 тапсырма: әр қатардан бір оқушы шығып тапсырманы орындайды.
6+6=(6+4)+2=12
7+6=(7+3)+3=13
6+7=(6+4)+3=13
12 - 6=(12 - 2)- 4=6
13 - 6=(13 - 3)- 3=7
13 - 7=(13 - 3)- 4=6

Қасқыр риза болып, малдардың өзен жақта жайылып жүргенін айтады. Бала өзенге барып бірінші қозыны құтқармақ болады. Қозыны құтқару үшін артындағы есепті шығарайық. Қане, кім көмекке келеді?
Оқулықтағы № 2 тапсырма. Теңдеуді шеш?

x+6=13
x=13 - 6
x=7
7+6=13

13 - x=6
x=13 -
x=7
13 - 7=6

x - 6=7
6 6x=6+7
x=13
13 - 6=7
x+6=14
x=14 - 6
x=8
8+6=14

14 - x=6
x=14 - 6
x=8
14 - 8=6

x - 6=8
x=8+6
x=14
14 - 6=8

- Бәрекелді балалар, Арманға қозысын өзеннен шығарып алуға
көмектесейік.
- Арман енді бұзауын құтқаруы керек. Ол үшін оқулықтағы № 3
тапсырманы шығаруымыз керек. Өрнекті жаз және оның мәнін тап:
6+a
a=70, 73, 9
a - 6
a=76, 79, 15

6+70=76
76 - 6=70
6+73=79
79 - 6=73
6+9=15
15 - 6=9

- Бұл тапсырманы да жақсы орындап Арманмен бірге бұзауды құтқардық.
- Енді келесі кезекте құлын тұр екен. Құлынды құтқару үшін артындағы есепті шығару керек. Оқулықтағы №4 тапсырма.
Есептің шартын құру.

Бірінші орамда – 30
Шешуі: 30+(30+8)=68(м)
Екінші орамда -? 8 м артық
Жауабы: Екі орамда 68 м мата бар?

Бір орамда – 30м
Шешуі: 30+8=38 м (м)
Екінші орамда -? 8 м артық
Жауабы: Екінші орамда 38 м мата

Есептер салыстырылып, ұқсастығы, айырмашылығы айтылады.
Осылай Арманға құлынды құтқаруға көмектестік.
- Енді мұздан шығарып алатынымыз лақ екен.
- Ешкі әрқашан қандай болып жүреді?
- Көңілді секеңдеп жүгіріп
- Ендеше лақты құтқару үшін «Сергіту сәтін»жасайық
Сергіту сәті.
Секең-секең ей, лақ,
Жүрмін саған кейіп - ақ,
Тыным тапсаң, болмай ма,
Секеңдемей бір уақыт.
- Лақты да мұздан шығардық. Енді ботаға көмектесуіміз керек. Ол үшін
оқулықтағы № 5 тапсырманы орындауымыз керек.
Есептің шартын құру.
Бірінші күні – 28 м
Шешуі: 28+(28 - 8)=48м (м)
Екінші күні –? 8 м кем
Жауабы: екі күнде 48 м мата жұмсалды.

Бірінші күні – 28 м
Шешуі: 28 - 8=20 м (м)
Екінші күні -? 8 м кем
Жауабы: екінші күні 20 м, м мата жұмсалды.

- Осылайша, біздің сыныптың оқушылары Арманға малдарын құтқарып
алуға көмектесті. Арман бізге рахметін айтты.
ІY. Қорытындылау, бекіту.
- Балалар, бүгінгі сабақта кез келген санға қандай санды қосып, азайтып үйрендік?
- Жақсы 6 саны екен.
- Балалар, бүгінгі сабаққа бәріңде жақсы қатыстыңдар.
Y. Бағалау.
YI. Үйге тапсырма. №7
2 105
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тура және тура емес теңдіктер
Тура және тура емес теңдіктер
20 көлеміндегі сандарды ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту/ондықтарды ауызша қосу және азайту амалдарын орындайды.
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Математика 5 сынып Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту ережесін есеп шығару барысында қолдану
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Дарьинск жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің математика пәні мұғалімі Абишев Жумабек Абдраманович
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Манғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Акоразова Бактыгул
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×