Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтай аясында

10 қараша 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Алтай аясында (И. Байзақов)

Мақсаты: Алтай жерінің сұлу табиғатын оқушыларға ақын өлеңі арқылы таныта отырып, оларға эстетикалық тәрбие беру және мәнерлеп оқуға машықтандыру.
Білімділігі: Иса Байзақов туралы "Алтай өңірі, табиғатты аялауға, жануарларды қамқорлыққа алып, орынсыз тиіспеуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Балаларға табиғатқа ұқыпты қарауға, жануарларға қамқорлық жасауға, мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Алтай тауының суреті, сызба үлгілер, сөзжұмбақ.

Жүрісі.
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылар назарын сабаққа аудару. ІІ. Психологиялық дайындық.
Үлкенге де "сіз"
Кішіге де "сіз"
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен "біз" ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
С. Сейфуллин "Ақсақ киік"
Өлең мазмұнын сұрау. 2 - 4 оқушыдан

Сұрақтарға жауап беру.
1. Бетбақдаланы неге шөл дала деп атайды? 2. Киік қандай жерді мекендейді? 3. Өлең неліктен "Ақсақ киік" деп аталады? 4. Біздің елімізде неліктен киікті қорғау талап етіледі?

IV. Сөзжұмбақ.
1. Жыл мезгілі 3. Төрт түліктің бірі
2. Жеміс ағашы 4. Өз атын шақыратын құс

V. Жаңа сабақ.
Күннің жады
Иса Байзақов
"Алтай аясында"

VI. Сергіту сәті.
Табиғатпен сәлемдесу (хормен)
Табиғат біздің анамыз, Біз келбетті көріктіміз, Табиғатқа баламыз Біз әдепті мейірімдіміз. Иіліп сәлем беремін, Біз ақылды дарындымыз, Біз әдепті баламыз. Біз зейінді, зерекпіз.
Өлең мазмұнын қара сөзбен әңгімелеу. Алтай - өте биік, әдемі тау. Алтай биіктігі сонша ең басына бұлттан басқа ештеңе жете алмайды. Тау қиясындағы бұғы, марал мекен етеді. Аңғар - шатқалдарында аю, қабан кездеседі. Оңтүстігінде құлан шөл даласында елігі мен ешкісі өріп жүрсе, қойнауынан алтын, күміс өндіріледі. Тау шыңдарына оратылған бұлттар жібектей үлбіреп, торғындай шұбатылады да, көңілді көтеріп, шаттандырды.

VІІ. Өлеңді оқушыларға тізбектей оқыту.

VІІІ. Сөздік жұмыстары
Аясында - бауырында
Қиясында - биігінде
Өршіл - биікке құмар
Алқабында - айналасында
Орғып - секіріп
Сайын - кең, кең жазық

ІХ. Шығармашылық тапсырма:
1қатар Әңгіме
2қатар Сурет
3қатар Өлең шығару
6 минут уақыт беріледі
1. Сұрақ - жауап жұмыстары жүргізіледі. 1. Ақын таудың ең биік төбесін неге теңейді? (Ақ бас атан түйеге) 2. Опалаған бұлтты кімге және неге теңейді? (Жібек орамалға) 3. Ақша қарды неге теңейді? (Ақ күміске)
Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.
Оқушыларға іштей оқыту.

Х. Сызба - үлгіні көрсету.
Алтай көрінісінің әсері көңілге күй оралады сұлудай торғын күйген бұлт
жібектей бұлт.
Алтай тауының әсемдігі бұлт жете алмаған бұлттан өзге қона алмаған
айға шағылып.
Алтай ұшар басы ақша қары ақ күмістей бұғы. марал, киік алқабында аю - қабан.
Алтайдың аңдары қиясында өршіл киік оңтүстік даласында құлан шөл далада елігі мен ешкісі.
Алтайдың кен байлығы алтын, күміс, мырыш, қорғасын.
Қосымша кендері титан, магний.
ХІ. Сабақты қорыту.
ХІІ. Үйге тапсырма
Өлеңді мәнерлеп оқып, жоғарыдағы сызба бойынша мазмұнын әңгімелеп беруге әзірленіп келу.
ХІІІ. Бағалау.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Ы. Алтсынарин орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Хибасова Күмісай
7 411
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
Алтай. Иса Байзақов
Алтай. Иса Байзақов
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, №10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурахметова Қарлығаш Кадырхановна
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
Бастауыш сынып мұғалімі Жолшибекова Индира Тұрғанбекқызы
Иса Байзақов «Алтай аясында»
Иса Байзақов «Алтай аясында»
Атырау облысы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Гүлмаржан Қадірліқызы
Иса Байзақов «Алтай»
Иса Байзақов «Алтай»
Бастауыш сынып мұғалімі: Гулшат Акимова
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
ШҚО, Семей қаласы Қ.Рысқұлбеков атындағы № 33 мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ошибаева Ғалия Бекеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×