Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


С дыбысы мен әрпі

16 мам 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «С, с» дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: «С, с» дыбысының айтылуы артикуляциясымен таныстыру, басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге сурет арқылы заттың атауын білуге үйрету; ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, кқрнекілік, жұмбақ шешу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қағаздан қиылған буындар, жаңа әріптің баспа және жазба үлгісі, жұмбақтар жинағы, әліпби.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Амандасу үлкенге -
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Балалар қонақтармен амандасады.
Біздің ұранымыз:
Біз көңілді балалармыз!
Ештеңеден қорықпаймыз.
Келген қонақтарды сыйлап,
Ортаға білімімізді саламыз!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?
- Дыбысты естиміз, айтамыз, ал әріпті көреміз, оқимыз, жазамыз.
- Дыбыстар сөздің қай жерінде кездеседі?
- Сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.
- Үй тапсырмасы бойынша «Ы» дыбысына сөз ойлап келдіңдер ме?
- Ыдыс, жұмыс, қыс, қыран, домбыра.
-
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Балаларға «С» дыбысынан басталатын сөздерге байланысты сөзжұмбақ жасыру.
- Дұрыс – ақ. Олай болса бүгінгі танысатын жаңа дыбыс – «С, с» дыбысы мен әрпі.
Мынау – С дыбысының баспа және жазба түрлері. «С, с» дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгі кедергі арқылы шуылдап шығады (хормен дауысты төмен және жоғары көтеріп айту). С дыбысы – дауыссыз дыбыс.
2. «Көкөністер жинау» ойыны. Шарты: педагог жұмбақтар жасырады. Балалар жұмбақтардың шешуі болған көкөністердің суретін не мульяжін себетке салады. Мысалы:
Жаздай інге тығылып, Жатқан қызыл түлкіні. Құйрығымен суырып, Әкелді әжем бір күні.

Шешуі: сәбіз.
Сәбіз сөзін буынға бөлгізу арқылы с дыбысы қай буында тұрғанын тапқызу.
3. Сергіту сәтін өткізу.
Бір, екі, үш Жинап алып күш. Қолға қалам аламыз, С дыбысын жазамыз.
4. Тіл ұстарту жаттығуы.
Са - са - са Ызыңдайды маса.
5. Дәптермен жұмыс.
Асық, сандық, күнбағыс сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы с дыбысының орнын ажыратады. Балалардың өздеріне с дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құрап, барлығы хормен қайталап оқиды.
6. Қорытынды
- Балалар, бүгінгі қандай дыбыспен таныстық?
- «С» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
- Балалар, сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар, жарайсыңдар. Сендер – Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтарысыңдар. Келешекте біздің Қазақстан еліміздің белгілі жұлдыздары болыңдар, сондықтан мен сендерге мынадай жұлдызша сыйлаймын.
18 792
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
С дыбысы мен әрпі
С дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: «С» дыбысының айтылуы артикуляциясымен таныстыру, басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге сурет арқылы заттың атауын білуге үйрету; ойлау қабілеттерін арттыру.
Ж әрпі мен дыбысы
Ж әрпі мен дыбысы
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Горьковский орта мектебі мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Токбаева Хапиза Сайрановна
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Атырау қаласы Жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мерғалиева Света Адилхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×