Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Г дыбысы мен әрпі

16 мам 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сыныбы: 1

Сабақтың тақырыбы: Гг дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Гг дыбысы мен әріп таныстыру, дұрыс оқуға, дыбыстауға жаттықтыру.
Гг дыбысы бар сөздерді дұрыс оқыту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету.
Гг дыбысын сөз ішінен табуға, г дыбысы арқылы сөздер табу, оқу, жазуға үйрету.
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, есте сақтауын, шығармашылық қабілетін, жазу дағдыларын дамыту.
Б) Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа. сауатты жазуға, адамгершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Сыйластыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап
Пән аралық байланыс: Еңбек, музыка, дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріп, суреттер, жеке суреттер, буындар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:(тренинг)
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
Балалар, үйге не берілді?
«Кім кінәлі» өлеңін жатқа айту.
А) Ойын « Жапырақ теру»
- Қазір қай мезгіл?
- Күз мезгілі
- Күзде жапырақтар қалай өзгереді?
- Күзде жапырақтар сарғаяды, жерге түседі.
- Олай болса, біз сендермен орманға жапырақ теруге барамыз. Әр жапырақ ортасындағы сұрақтарға жауап беру.
1. Дауысты дыбыстарды ата?
2. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
3. Дыбыс деген не?
4. Әріп деген не?
5. Ү қандай дыбыс?
Ә) «Кім тапқыр?» (ойын)
Тақтаға екі оқушы шығып үйрек, күшік - сөздерін жазып, дауысты, дауыссыз дыбыстардың астын сызу.(қызыл, көк бормен) үйрек, күшік.
Б) Өткен дыбыстарды жатқа айту.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту
Жұмбақ шешу.
1) Жұпар исі еді,
Жайнап бақта өседі (гүл )
2) Газда бар, ауада жоқ.
Гүлде бар, жуада жоқ - бұл қандай әріп? (Гг)
Балалар, біз жаңа Гг әрпімен танысамыз
Тақтамен жұмыс
Гг - дыбысы мен әрпімен танысу
Гг - дауыссыз, ұяң дыбыс
Гг - баспа, жазба түрімен таныстыру
Суреттегі заттардың атауын атап, орнын анықтау, г дыбысының дауыссыз екенін аңғарту. Көк ұяшыққа енгізу
Суретпен жұмыс
(гүл, дәрігер, жүгері)
Оқулықпен жұмыс
«Гүл» сөзіне дыбыстық талдау жасау
Г - дауыссыз, ұяң
Ү - дауысты, жіңішке
Л - дауыссыз үнді
Сөйлем құрастыру
А) Сөздерді оқу, мағынасын ашу
Ә) Кеспе әріптермен жазу
Б) «Көгершін» өлеңін мәнерлеп оқу, мағынасын ашу
Көгершін не? (құс)
Көгершін - бейбітшілік құсы
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Көгершінге ұқсайық.
Көгершін боп ұшып ап,
Кәне, қанат қағайық.
Орнымызды табайық
Әдемі етіп жазайық.
А) Тақтамен жұмыс
Ә) Ауда салу
Баспа, жазба түрін ажыратып түсіндіру
Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық
Тізбектеп оқу
Сабақты бекіту
«Кім шапшаң?» (ойын)
Гг дыбысы бар сөздер ойлап табу

(Ойын) «Қатемді тап»
Қате жазылған сөздерді мұғалім тақтаға іледі?
Сеғіз, мерғен, ғұл
(сегіз, мерген, гүл)
Балалар, тақтаға шығып, түзеп жазады
Топтастыру
Гг әрпі дыбысы - шұғыл, тіл арқылы, дауыссыз, ұяң, ортасында, басында.
Бағалау:
Үйге тапсырма: Гг әрпін оқу, жазу.
7 886
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпін таныту. Ю дыбысынан енген сөздерді буындап тұтас оқуға машықтандыру. Сауатты, көркем жазуға төселдіру, мәтінді түсініп оқуға үйрету.
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Шотаева Ақырыс Қойбағаровна
Я дыбысы мен әрпі
Я дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құрбанова Жанат Төлегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×