Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есім 458 - 462 жаттығу

20 мам 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сын есім 458 - 462 жаттығу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сын есім туралы толық теориялық білім бере отырып, сөйлем ішінен сын есімді тауып, сұрақ қоюға, сұраққа ынта -ықыластарын аудару.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөз таптары туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелігі: Кішіпейілділікке, жылдамдыққа, мәнерлі сөйлеуге, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, ереже, алма.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, сөзжұмбақ, топтастыру.
Түрі: Жаңа білім беру.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық

ІІ. Жаңа сабақ
1. Сөзжұмбақ шешу
1. Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрағына жауап беретін сөз табы.
2. Сөздің түбірге жалғанған бөлігі
3. Зат есімнің сұрағы?
4. «Келе жатыр» сөзі етістіктің қай түріне жатады?
5. Заттың, сапаның, қимылдың, санның атауы не?
6. «Оқушы» сөзіне сұрақ қояйық.
7. Зат есімнің адамдарға қойылатын көпше түрінің сұрағы
Етістік
Қосымша
Не?
Күрделі
Сөз
Кім?
Кімдер?
- Балалар ерекше сызықтан қандай сөз шықты?
- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сын есім».
1. Қызығушылығын ояту.
2. – Балалар мынау не?
3. – Алма
4. – Иісі қандай?
5. – Жұпар иісті, жағымды.
6. – Үлкен
7. – Түсі қандай?
8. – Қызыл
Яғни, біз бір заттың сындық ерекшеліктерін атадық.
2. Оқулықпен жұмыс.
458 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап беретінін айту. Ол сөздер нені білдіреді?
Мынау - сары қарындаш,
Мұнымен күнді бояймын.
Мынау - қоңыр қарындаш,
Мұнымен құмды бояймын.
Мынау - жасыл қарындаш,
Мұнымен гүлді бояймын.
Мынау - көк қарындаш,
Мұнымен суды бояймын.
Ереже!
- Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз.
- Сын есімдерге қандай? қай? деген сұрақтар қойылады.: көк, әдемі, тәтті. жақсы, үлкен.

«Менің бағытым» ойыны.
тәтті -------------- жер
тегіс ------------- адам
суық ------------- қант
сұр --------------- қоян
ақылды --------- су

459 - жаттығу. Мақалды жатқа жаз.(Өзіндік жұмыс)
Сын есімдерді тауып, оның қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету. Мақалдың мағынасын түсіндіру.

Жақсы адам - елдің ырысы,
Жақсы жер - жанның тынысы.

«Бұл не? Бұл кім?» ойыны.
Сипатталған заттарды тап.
1. Ақ, тәтті, қатты, ұсақ - бұл не? (құмшекер)
2. Домалақ, жұмсақ, үрленген - бұл не? (шар)
3. Ащы, қызыл, жасыл - бұл не? (бұрыш)
4. Тәтті, нәрлі, қызыл, сары, көк - бұл не? (алма)

460 - жаттығу. Жуас, қалың, тегіс сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.

Атам ауылдан жуас атқа мініп келді. Апам маған қалың дәптер сатып әперді. Жолаушылар тегіс жолмен жүріп отырды.

461 - жаттығу. Бағандағы сөйлемдерді салыстыру. Сын есімнің не үшін қажет екенін дәлелдеу.

Оның құлағы, құйрығы жүні бар
Оның ұзын құлағы, қысқа құйрығы және. және жылы жүні бар. Жазда жүні сұр, ал қыста ақ болады.
ІҮ. Бекіту кезеңі: «Жасырынған сын есімді тап» ойыны
... сиыр
... көйлек
... тамақ

Ү. Сабақты қорытындылау.
«Адасқан буындар» ойыны.
Сақжұм, зылқы, асуж, дідәм, гедөңлек, кімсүйді.
ҮІ. Балаларды бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма: 462 - жаттығу.
8 695
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Етістік
Етістік
Заттардың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді ЕТІСТІК дейміз. Етістіктің сұрақтары: Не істеді? Қайтті? Не қылды?
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Сауатты жазуға төселдіру, көркем жазуға тәрбиелеу. Ұжымдық жұмысқа үлес қосу үстінде өз бетінше ойлау, іздену әрекетіне баулу.
Қазақ тілінен дидактикалық материалдар. Сен қазақ тілінен қалайсың?
Қазақ тілінен дидактикалық материалдар. Сен қазақ тілінен қалайсың?
• Мәтін - өзара мағыналық байланыста айтылатын екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтіннің тақырыбы болады. • Мәтіндегі негізгі ой – автордың айтайын деген басты пікірі. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып бір - бірімен тығыз байланыста болады.
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Ақтөбе қаласындағы №51 гимназияның бастауыш класс мұғалімі Сыдыкова Биба
Зат есім
Зат есім
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аралқұм елді мекені, №61 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Гульмира Олжабаевна
Зат есім
Зат есім
Зат есім туралы түсінік беру, оларға қойылатын сұрақтармен таныстыру, зат есімдерді ажыратуға үйрету. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушының ой - өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру. Сауатты, көркем жазуға, өзара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×