Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әке тәлімі

23 мам 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: Әке тәлімі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың отбасы туралы түсініктері кеңейеді, өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге үйренеді;
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорлары молаяды, логикалық ойлаулары дамиды.
Тәрбиелік: Адамгершілік қасиетке, отбасындағы қарым - қатынасты бағалауға тәрбиеленеді
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жылылық шеңбері: Әр оқушы өзінің аты қай әріптен басталса, сол сөзден басталатын асыл сөзді қосады. М: мен ақылды Жаңылсынмын, мен сабырлы Еламанмын т. б.

Топқа бөлу:
1. Дәмді ирис
2. Қатты карамель
3. Тәтті шоколад
Тілек айту: бүгінгі сабақтан тәтті сезімде шығады деген ойдамын.
Музыка қою.

Қызығушылықты ояту:
«Ойлан, тап» ойыны
«Ойлан, тап» ойыны: бір оқушыға «отбасы» деп жазылған стикерді маңдайына жапсырып қоямын. Қалған балалар сол сөзді айтпай, ыммен көрсетеді. Ал стикер жапсырылған бала сол сөзді тауып алу керек.
Топтық жұмыс өз беттерінше:
Топ басшысын сайлау
Топ басшысының партасының астына стикер жапсырып қою. Кім стикерді табады, сол топ басшысы болады. Топ басшысының міндеті тобындағы әр оқушыны бақылап, әр тапсырманы + - белгілерімен белгілеу. Кім көп + алса жақсы баға алады, - алса жаман баға алады. Сабақты ең бірінші топ басшысы бағалайды, содан кейін мен бағалаймын. Ал балалар, тайм пикер сайлап алайық, тайм пикердің міндеті бізге уақыт белгілеп, уақытты үнемдеуге үйретеді.

І. Миға шабуыл
1 - тапсырма
Постермен жұмыс
1 - топ Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? Топтастыру стратегиясы Мақсаты
2 - топ Отбасындағы «бала тәрбиесі» дегенді қалай түсінесіңдер?
3 - топ Қыз бала мен ұл баланың тәрбиесін салыстыр.
Топ басшылары топтарыңды белгілеп отырыңдар.

ІІ. Мағынаны тану:
- Ендеше біз бүгін сендермен Алтай Аманжоловтың «Әке тәлімі» мәтінімен танысамыз.
Автор туралы қысқаша мәлімет беру.
Алтай Аманжолов - ірі тілші, түрік тілдерінің білгір маманы. Түрік тілінде 200 - ден астам еңбектері бар.
2 - тапсырма Мәтінге «Болжау» стратегиясы бойынша талдау жасап көрейік.
- Қалай ойлайсыңдар, әңгіме не туралы болуы мүмкін?
- Олай ойлауыңа не себеп болып тұр?
3 - тапсырма Үш бөлікке бөлінген мәтінді оқиық. Мәтінді бөліктерге бөліп оқу
1 - топ 1 - 3 азат жолды оқиды
2 - топ 4 - 8 азат жолды оқиды.
3 - топ 9 - 13 азат жолды оқиды.
Топпен талдайды
Топ басшылары қалған топтарға түсіндіреді
1 - 2, 2 - 3, 3 - 1
Топ басшылары бір - бірін естіген жоқ. Сондықтан тобы топ басшысына түсіндіреді.
Өздерің топтарыңда шешіңдер, кім ортаға шығып айтатынын. Әр топтан екі бала шығып, бір - бірін қостап тұруға болады.
1 - бөліктен қандай сабақ алдық? ой түйіндеу
2 - бөліктен қандай сабақ алдық?
3 - бөліктен қандай сабақ алдық?

Ойын:«Саған - маған»
- Өз тілін нашар білген баланы әкесі қалай үйретті?
- Балалар өз ана тілін білмеу себептерін атап бер.
- Алтайдың әкесінен қандай үлгі алар едің?
- Алтайдың әкесі тағы қандай жақсы қасиеттерге тәрбиеледі?
4 - тасырма
« Тапқыр болсаң тауып көр»
1 - топ
Әке -.........................
Ана -........................
Бала -.......................
( жағасындағы құрақ, бауырындағы бұлақ, асқар тау)
2 - топ
Әдепті бала -...................
Әдепсіз бала -.................
(ата - анасын мақтатар, ата - анасын қақсатар)
3 - топ
Атаңа.....................
Алдыңа....................
( сол келер, не қылсаң )
Сергіту сәті
Бас бармағым - атам, үйдің данасы.
Балан үйрек - әжем, отау панасы.
Ортан терек - әкем, ошақ санасы.
Шылдыр шүмек шешем - шаңырақ ажары,
Кішкентай бөбек - мен, бәрінің базары
5 - тапсырма
Ой толғаныс
1 - топ «Әке» сөзіне 5 жолды өлең құрастырады.
2 - топ «Мен әкемді мақтан тұтамын» өйткені.......... тақырыбына эссе жазады
3 - топ Әкенің отбасындағы рөлі (асырайды, қамқор, күшті болуға үйретеді, тәрбиелейді)
Рефлексия
Сабақ туралы ойлары
Үй тапсырмасы:
5 549
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің отбасым
Менің отбасым
Балаларға отбасы мүшелері туралы түсінік беру. Отбасындағы өзара сыйластық қарым - қатынас дағдыларын дамыту. Үлкенге ізет көрсетіп, кішіге қамқор бола білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ж. Кәрменов. Әке тәлiмi
Ж. Кәрменов. Әке тәлiмi
Оқушылардың отбасы туралы түсініктері кеңейеді, өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге үйренеді; Оқушылардың сөздік қорлары молаяды, логикалық ойлаулары дамиды.
Ж. Кәрменов. Әке тәлімі
Ж. Кәрменов. Әке тәлімі
Оқушылардың отбасы туралы түсініктері кеңейеді, өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге үйренеді. Білу, түсіну, қолдану, жинақтау.
Әке тәлімі
Әке тәлімі
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бейсембаева Жанна Куатовна
Қазақша сөйлейміз
Қазақша сөйлейміз
СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласының №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рамазанова Сырға Қайырбекқызы
"Ынтымақты отбасы" сайысы
"Ынтымақты отбасы" сайысы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира Джеткергеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×