Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Намыс дода (сайыс сабақ)

24 мам 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмыстары.
Білімділік мақсаты: Өткен сабақты пысықтау барысында бастауыш қызметін ұғындыру, бастауыш мүшесіне жаттығу жұмыстарын орындату.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, алғырлыққа, шапшаңдыққа баулу.
Дамытушылық мақсаты: Өз бетімен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру, ақылын, ойын дамыту, зейінін тұрақтату.
Сабақтың түрі: сайыс - сабақ.
Сабақтың типі: қайталау сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, еңбекке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, жетондар.

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру бөлімі
- Құрметті қонақтар, сайыс мүшелері!
Кең байтақ Қазақстан жерінің бір түкпірінде орналасқан берекелі Бейнеудің Бейнеу гимазиясында өткелі отырған «Намыс дода - 2007» сайыс сабағына қош келдіңіздер! Алдарыңызда «Намыс дода» сайыс - сабағына қатысушы жеңістен үміткерлер – ел болашағы деп таныңыздар.
Сайысты жүргізуші мен Тастайбекова Гүлназ Самиголлақызы. Көпшілігіңізге мәлім бүгінгі сайыс – сабағымыз ерекше болмақ. Олай дейтінім, осы жарыстың өтуіне ат салысып, алыстан ат терлетіп келген қонақтарымыз да арамызда.
Сондықтан да: Намысы қозбайтұғын қазақ бар ма,
Әділдік пен ақиқат тұрған шақта,
- дей отырып, сайыс сабағымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін:
1 - бөлім Үй жұмысын тексеру. (154)
2 - бөлім Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу(155)
3 - бөлім Кітаппен жұмыс. Бастауыш мүшесін табу.(156)
4 - бөлім « Кім шапшаң» ойыны
5 - бөлім «Шабытты шәкірт» шығармашылық жұмыстар байқауы.(159)
6 - бөлім Қорыту
7 - бөлім Бағалау
Сайысымызды бастамас бұрын әріпті жұмбақты шешу арқылы топ аттарын тауып алайық:
Ана да жоқ.
Әке де бар.
Әже де жоқ
Көкеде бар.
(К)
Жүз де бар,
Мың да жоқ.
Түз де бар,
Сыртта жоқ.
(Ү)
Қазы да бар
Қарта да жоқ.
Жаз да бар,
Жал да жоқ.
(З)
К – дегенім күштілер ғой керекті,
Ү – дегенім үздіктер ғой үлгілі,
З – дегенім зерделілер зеректі.
Әр жұмысты орындап болған оқушыға тур соңында топқа ортақ жетон беріліп отырылады. «Бірлік болмай, тірлік болмас», « Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деп намысқа тырысып жұмыстанайық.
1 бөлім. Үй жұмысын тексеру.
Үйге тапсырма 154 - жаттығу. Бастауышты табу
1- сөйлемнен 1 топ (үй)
2- сөйлемнен 2 топ (жұрт)
3 - сөйлемнен 3 топ ( ерулік)
Әр сөз айтқанға жетон беремін.
Толықтыруға бастауыш ережесін қосып айту.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 585
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тарихтан сайыс сабақ
Тарихтан сайыс сабақ
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы, Е. Ш. Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі Т. А. Дюсегалиева
Ана тілім - байлығым
Ана тілім - байлығым
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тажибаева Жанат Каналбаевна
Туған тілім өркенде!
Туған тілім өркенде!
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы № 13 бастауыш мектеп мұғалімі Маржан Жидебаева
Спорттық сайыс-дода.
Спорттық сайыс-дода.
ШҚО, Аягөз қаласы, №3 жалпы орта білім беретін мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Оразбекова Гулжамал Букеевна
Намыс дода
Намыс дода
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы "№6 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ-нің жанындағы интернат тәрбиешісі Қалдыбаев Қажығали Әділғажыұлы
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×