Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын балта

29 мам 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Алтын балта» \ана тілі\
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: оқушылар ертегіні түсініп оқиды, мазмұнын ашады,
Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу тілі дамиды,
Тәрбиелік: оқушылар өз Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиеленеді, бойларына адамгершілік қасиеттерді сіңіреді;
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ;
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, концептуалды кесте

Сабақтың барысы:
1. Қызығушылықты ояту;
- Балалар, мына суреттерге қарап, бүгінгі сабақ не туралы болады деп ойлайсыңдар, болжап көрейік?
Суреттерге қарап, 1 - 2 сөйлем құрастырайық.
/Орманшы отын жарды. Оның балтасының басы ұшып, суға түсіп кетті.
Диірменші балта берді. Алтын балтадан ақшалар түсіп жатыр. /
Сонымен, балалар сабақ не туралы болады деп ойлайсыңдар?
Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы “Алтын балта”

2. Мағынаны ашу;
2. 1. мәтінді оқу, талдау
- Балалар мәтін кейіпкерлерін атаңдаршы. Мәтінді қаншалықты түсінгендерімізді байқау үшін, мына кестені толтырайық,
1. Балтаның иесі кім?
2. Балта кімнің қолына түседі?
3. Судан балтаны алуға көмектескен кім?
4. диірменші қандай балталарды ұсынады?
5. Кедей қандай балтаны алады?
6. Бай қандай балтаны алады?
7. Диірменші кедейге қандай балта сыйлайды?
8. Диірменші байға қандай балтаны сыйға ұсынады?
9. Балалар, қалай ойлайсыңдар, диірменші неге олай жасады?
10. Олай болса ертегі бізді қандай адам болуға шақырады?

Ертегі кейіпкерлері
Балтаның иесі
Балта кімнің қолына тиеді?
Балтаны алуға көмектескен кім?
Балта
Сыйға тартқан
Неге?
Ал - тын Кү - міс Қа - ра Ал - тын Қара Ақкө - ңіл Дүниеқо - ңыз
Кедей
Диірмен шал
Бай

2. 2. Мәтінді балаларға оқыту
- ертегіден жасыл түспен ерекшеленген тұсты теріп оқы. Бұл сөздер қай кейіпкерге қатысты? Сипаттап айт
- қара түспен ерекшеленген сөздер қай кейіпкерге қатысты? Сипаттап айт.
- Балалар, осы ертегіден көңілімізге не түйдік?

2. 3. Балалар, қолдарыңыздағы дөңгелектеріңізді алып, мәтіндегі кейіпкерлердің бейнесін салыңдар. Не себептен солай жасағандарыңызды түсіндіріңдер.
- Балалар, осы ертегіден көңілімізге не түйдік?
2. 3. Балалар, қолдарыңыздағы дөңгелектеріңізді алып, мәтіндегі кейіпкерлердің бейнесін салыңдар. Күннің сәулелеріне кейіпкеріңіздің мінез - құлқын жазыңдар, Не себептен солай жасағандарыңызды түсіндіріңдер.
- Балалар, қай кейіпкерге ұқсағыңыз келеді?
- Балалар, мінезі жайдары, ақ жарқын адамды да күнге балайды, қалай ойлайсыңдар, не себептен?
Дұрыс айтасыңдар, ондай адам күн сияқты айналасына жылу таратады, кез - келген жағдайда көмекке келеді.
Ой - толғаныс
5 жолды өлең
Күн
шуақты, жылы
нұрландырады, қыздырады
Күн күркіресе, көк дүркірер.
Планета.

Бағалау
Үй тапсырмасы: ертегіні мазмұндау
3 358
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Алтын балта» ертегісі
«Алтын балта» ертегісі
«Алға мектеп – бақшасы» ММ бастауыш сынып мұғалімі Бесайдарова Гулзат Бакбергеновна
Құмырсқаның қанағаты
Құмырсқаның қанағаты
Атырау қаласы, Жұлдыз ықшам ауданы , Б.Нысанбаев атындағы орта мектебі нің бастауыш сынып мұғалімі Бисешева Талапты Құсайынқызы
Алтын балта
Алтын балта
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Сауысқан мен Көкек
Сауысқан мен Көкек
Сабақтың тақырыбы: Сауысқан мен Көкек
Алтын балта
Алтын балта
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, № 13 орта мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Науризова Оразхан Абдирахмановна
Ертегі айта білеміз бе?
Ертегі айта білеміз бе?
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сыныбы І санатты мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна Тақырыбы: Ертегі айта білеміз бе?
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×