Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Сусын ішу тәртібі» Ибн Сина

29 мам 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Сусын ішу тәртібі» Ибн Сина

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ибн Сина туралы мәлімет бере отырып, өлең мазмұнынын ашу, негізгі ойды табу;
Дамытушылық: өлеңді талдау, іздендіру, ой - пікірін жеткізу, дәлелдеу арқылы танымдық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: суды пайдаланудың адам өмірі үшін маңыздылығы арқылы денсаулықтарын сақтай білуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың әдістері: әңгімелеу, талдау, дәлелдеу, салыстыру, іздендіру;
Сабақтың формасы: топтық
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, Абу Али Ибн Сина суреті, жұмыс алгоритмі, тапсырмалар жазылған карточкалар, көңіл - күй кестесі т. б.

Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту.
Психологиялық тренинг: Арайлап таң атты.
Күн шуағын таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы күн қонақтар,
Қайырлы күн достарым,
Қайырлы күн мұғалім!

• Операциялық этап:
• Мұғалімнің сөзі:
- Балалар, көңіл - күйлерің қалай? Алдарыңда әр біріңнің көңіл күйлеріңді белгілеу үшін кесте берілген. Сол кестеге сабақ соңында көңіл - күйлеріңді белгілеулеріңе болады.
Көк түс - нашар;
Сары түс - орташа;
Жасыл түс - жақсы;
Қызыл түс - өте жақсы;
Сабақ топтық формада өтеді.
Әр топтың басшысы болады. Топтарға ат қойып, ұрандарын айтқызу.
Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар, баршаңызды интербелсенді тақтаға назар аударуларыңызды сұраймын.
1. Интербелсенді тақтада жазылған өлеңді оқып шығып, не туралы екенін сұрау.
2. Интербелсенді тақтадан дыбыс естіледі. Ненің дыбысы екенін сұрау.
Оқушылар ойын тыңдау.
- Ендеше, бүгін әдебиеттік оқу сабағында осы басталған ойды жалғастырамыз.

«Ой қозғау»
Су

Оқушылар пікірі тыңдалады.
- Ойларыңды толықтыру ретінде мына сөздерге назар аударуларыңызды сұраймын./интербелсенді тақтадан 4 топқа арналған ұяшықтағы сөздер көрсетіледі/
- Енді, біз осы ойлардың қаншалықты дұрыс екенін дәлелдеп көрейік.
Ойды дәлелдеу:
Әр топқа ұяшыққа жазылған тапсырмалар таратылады:
1 топ: Су - тіршілік көзі.
2 топ: Су – сусын.
3 топ: Суды қорғау - міндет.
4топ: Су – алуан түрлі.
/Әр топтың тапсырмасы орындалғанда ұяшық біртіндеп ашылып,
Ибн Сина суреті пайда болады.
• Оқушылар назары суретке аударылып, кім екені сұралады.
• Ибн Сина туралы білетін, мәлімет жинақтаған оқушыларға сөз беру.
• Ибн Сина туралы қосымша мәлімет беріп өту.
Мұғалім сөзі:
- Ибн Сина ұлы дәрігер болғандықтан суды зерттеп, оны пайдалану жолын «Сусын ішу тәртібі» атты өлеңінде кеңінен түсіндіріп береді.
- Осы жаңа тақырып бойынша алдарыңа қандай мақсат қояр едіңдер?
Оқушылардың алға қойған мақсаттарын тыңдау
- Олай болса, мақсатқа жетудің алғашқы қадамы ретінде ұлы дәрігер Ибн Синаның «Сусын ішу тәртібі» өлеңін тыңдап көрейік.
Жаңа тақырыппен жұмыс алгоритмі:
1. «Түртіп алу» әдісі арқылы шығармамен танысу;
2. Сөздік жұмысы
3. Шығарманың мазмұнын ашу;
4. Теориялық және шығармашылық тапсырмаларды орындау;
5. Рефлексия
• Интербелсенді тақтадан өлеңді тыңдату.
Оқушылар «Түртіп алу» әдісін қолданады.
V - білемін
- - білмеймін
? – мені таң қалдырды
+ - мен үшін жаңалық
• Сөздік жұмысы:
Сөз..........
Түсініктеме..............

1 топ: «Дерт табу»
2 топ: « Су сіміру»
3 топ: «Халге түсу»
4 топ: «Бойды суыт»

Сергіту сәті: «Тербеледі ағаштар»
• Өлеңді оқушылардың мәнерлеп оқуы.
• Өлең мазмұнын ашу.
Топ мүшелері сұрақтарға жауап береді.
1 топ: Өлеңде не туралы айтылған? Судың қандай түрлері туралы айтылған?
2топ: Өлең неге осылай аталған? Оқығаннан кейін қандай ой келді?
3 топ: Ибн Сина туралы не білдің?
4 топ: Неліктен су ішудің тәртібін сақтау керек?
• Шығармашылық тапсырма:
1 топ: Сусын ішу ережесін құрастыру
2топ: Өлең мазмұнына байланысты мақал - мәтел жазу.
3 топ: Денсаулық тақырыбында өлең құрастыру
4 топ: Өлең мазмұнына қарай сахналау
• Пысықтау:
1 Топ: Таза су мен лай суды ВЕНН диаграммасына салу.
2топ: Суық судың пайдасы мен зиянын кестеге салу.
3 топ: Жер бетінде су жоғалып кетсе не болар еді? «Ой толғау».
4 топ: Өлең мазмұнына ой – түйін жасау.
• Рефлексия: Нені білдім? Нені үйрендім?
• Бағалау.
• Көңіл - күй кестесін тақтаға ілу.
• Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Денсаулық туралы мақал - мәтелдер жинау.
4 349
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Екі амалмен шығарылатын есеп
Екі амалмен шығарылатын есеп
Екі амалмен шығарылған есепті шығаруға төселдіру. Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту.
Орта ғасырлардағы Африка
Орта ғасырлардағы Африка
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №17 жалпы орта білім беретін мектептің тарих - география пәні мұғалімі Кылышпекова Карлыгаш Толеубековна
Қазақ тілін білемін
Қазақ тілін білемін
Екібастұз қаласы, №8 "Теремок" бөбектер бақшасының қазақ тілі мұғалімі Еркин Армангуль Мажитовна
«Сусын ішу тәртібі» Ибн Сина
«Сусын ішу тәртібі» Ибн Сина
Бастауыш сынып мұғалімі: Сельбаева Ж. Е.
Әбу Әли ибн-Сина (Авиценна)
Әбу Әли ибн-Сина (Авиценна)
Әбу Әли ибн-Сина (Авиценна) Әбу Әли ибн-Синаның аты-жөні Әбу Әли Құсайн ибн-Абдолла ибн-Сина.
"Қозы" Қ.Баянбай
"Қозы" Қ.Баянбай
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №1орта мектеп бастауыш класс мұғалімі Ахетова Ақзира Төлеужанқызы Пәні: Ана тілі Сыныбы: 1 Сабақтың тақырыбы: "Қозы" Қ.Баянбай
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×