Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ағайынбыз бәріміз. Тасымал

06 маусым 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы: Ағайынбыз бәріміз. Тасымал.
Сабақтың мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру, оқушыларды сөздерді дұрыс тасымалдауға төселдіру.
- жаңа тақырыпты меңгерту.
- сөздік қорын, ой - өрісін, дүниетанымын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: көрнекілік, критерийлі бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: критерийлер, өлшемдер жазылған плакат, бағалау парағы.
Күтілетін нәтиже: Өлеңді мәнерлеп оқиды, сөздерді буынға бөледі, сөздерді тасымалдайды, көрнекі, ұқыпты жазады, сәйкестікті табады.

Сабақтың барысы:
I. Сабақтың басталуын ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Оқушылар 5 топқа бөлінеді.
1 - топ: Күн.
2 - топ: Гүлдер.
3 - топ: Жапырақтар.
4 - топ: Жұлдыздар.
5 - топ: Жүрек.
Топтың ережесімен таныстыру.

II. Жаңа тақырыпты хабарлау.
- Балалар, бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз –«Ағайынбыз бәріміз» өлеңі. Өлеңді жазған автор - Әнуарбек Дүйсенбиев.
Қазір өлеңді өз бетімізбен оқимыз. Өлеңді оқымастан бұрын тақтадағы сұрақтарға назар аударыңдар. Осы өлеңнен мына сұрақтарға жауап беретіндей түсініп оқимыз.
1. Өлеңде не туралы айтылған?
2. Өлеңнің авторы кім?
3. «Ақпыз, қара, сарымыз» деп автор кімдерді айтқан?
4. «Бала біткен дос, бауыр» дегенді қалай түсінесің?
5. «Ағайынбыз бәріміз» дегенді қалай түсінесің?
- Тақтаға мәнерлеп оқудың критерийі ілінеді.
- Оқушыларға бағалау парағы таратылып беріледі.
Әр топ бір шумақтан мәнерлеп оқиды. (Дұрыс – 3, орташа – 2, нашар – 1шапалақ соғу).
Мұғалім мәнерлеп оқиды.

Сұрақ - жауап. Әр топтан бір оқушы тұрып, жауап береді.
Дәптермен жұмыс. 96 - жаттығу. Мақал - мәтелдерді оқы. Ішінен өлең мазмұнына сай келетіндерін таңдап жаз.
1. Татулық – табылмас байлық.
2. Бірлік болмай, тірлік болмас.
Ойын. Буын сыңарын тап. (Бір минутта бірнеше сөз құрастыру, дұрыс болса шапалақтау.)
Қосымша тапсырма: Берілген сөздерді буынға бөліп жазу және тасымал түрін көрсету.
1 - топ: Желтоқсан
2 - топ: Қыркүйек
3 - топ: Қарлығаш
4 - топ: Арыстан
5 - топ: Отандастар

III. Қорытынды.
1. Буын дегеніміз не?
2. Тасымал дегеніміз не?
3. Сәйкестікті тап.
Отан------------Буын
Оқушы--------Тасымал
Ана
От
Жақсылық
(Дұрыс болса 3 рет шапалақтау).
Бағалау парағын жинап алу.
Үйге тапсырма: өлеңді мәнерлеп оқу, 97 - жаттығу.
11 234
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әнуарбек Дүйсенбиев «Атай»
Әнуарбек Дүйсенбиев «Атай»
Балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиев туралы мәліметтер беру және «Атай» өлеңінің мазмұнын ашу.
Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал
Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал
Оқу - жазу дағдыларына, сөздерді буын жігімен тасымалдауға жаттықтыра отырып, сөздік қорларын, сөйлеу тілін дамыту.
Тасымал. Отан
Тасымал. Отан
Өлеңді оқып, негізгі ойын ашу; отан туралы түсініктерін кеңейту, тасымал түрлерін ұғындыру Сауатты жазып, мәнерлеп оқуға жетелеу
Біздің Ту
Біздің Ту
Қордай ауданы, Кенен ауылы, бастауыш сынып мұғалімі Рыскелді Гүлжихан
Балаларыма. Тасымал
Балаларыма. Тасымал
Л. Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бахтыгереева Алтынай Кәрімқызы
Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал
Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал
Ақтөбе қаласы, Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Мажитова Алтын Ана тілі 1 –класс Сабақтың тақырыбы: Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға мәтінді түсініп оқып, мәнін ұғыну,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×