Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбек - бәрін де жеңбек

10 маусым 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты:
«Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
- Оқушылардың еңбек етуге деген қызығушылықтарын дамыту;
- Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекті құралдар: сюжетті суреттер, жеміс ағаштары, дәптер оқулық.

Шаттық шебері
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі, тілек айтады.
Өзінді - өзің тану бұл – (өз ойларын айту)
Өзіңді – өзің тану арқылы бойымызға жақсы қасиеттерді жинаймыз. Өзіңді – өзің тану өмірге бағыт береді.
Ребусты шеш

Әңгімелесу
- Еңбек дегеніміз не?
- Еңбек ету адамға қажет пе?
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
Адам өмір сүру үшін қажеттер: Ауа, су, тағам, нан, киім, жарық, жылу, білім, денсаулық, үй, көлік.
Еңбек дегеніміз – адамның өмір сүруі үшін қажетті іс - әрекеті.
Еңбек етпеген ішіп жемейді
(халық мақалы)

Сахналау
Қайдан келдің бауырсақ?
Ө. Тұрманжанов

Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
- Қайдан келдің, бауырсақ?
- Деп сұрады қуыршақ.
- Дүкеннен келдім Нан сатқан,
- Деді оған бауырсақ.
- Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жапқан.
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Дирменнен келдім ұн тартқан.
- Диірменге келдің қай жақтан?
- Даладан келдім кең жатқан.
Жер – анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
- Нан дастарқанға қандай еңбекпен келді екен?

Ас атасы – нан. – Нанды құрметтеудегі қандай тыйым сөздерді білеміз?
Көп еңбек ететін адамды

Қызыға еңбек ететін адамды
Қандай адам дейміз?
Еңбекті сүйетін жанды
- Еңбекқор
Еңбекқор болу бұл қандай қасиет?
Еңбектің адам өміріндегі алатын орны зор.
Еңбекпен өмірің жарқын. Еңбекшіл болу үлкен қасиет.

Дәйексөз
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап. (Абай)
- Адам, ең бастысы, еңбектенуге, бір іске күш – қуатын, ақыл – ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.
Мәтінмен жұмыс
Еңбексіз өмір – сүреңсіз
Мысал әңгіме
Б. Әділов.
Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппады. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас қамдалса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бала кезіндегі. «шалқайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын. Бір күні Қара пышақ ауыр еңбектен құтылудың оңай жолын тапты. Иесінің көзін ала беріп, еденнің жырығына қойды да кетті. «Болды,- деді ол қуанып. – Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін!... Ай өтті, жыл өтті. Қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Оның қайда жатқанын ешкім білмейтін еді. Бір күні:
- Әй, туысқан, - деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жарығынанжылтылдаған көз сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте көңілді, жүзі жарқ - жұрқ етеді. Сұлуланып кетіпті.
- Төмен секір, - деді Қара пышақ.- бірге жатайық. Бізді ешкім білмейді.
- Ол жерде не бар?
- Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой, қандай рахат!
- Ал жұмысты кім істейді?
- Жұмыс бізсіз де істеледі.
- Рахмет! – деді Сары пышақ.
- Еңбектен қашқанша, тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір – сүреңсіз. Өзің – ақ жата бер, рахатыңа бата бер.
Қара пышақ, орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойы тот басқан. Барлық жері сынып бара жатқандай сезінеді.

*Мысал әңгімедегі Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
*Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
* «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?
- Еңбек еткен адамның өмірі – жарық. Ой қорыту.

Ойын: «Мақалдың жалғасын тап»
Жалқаудың... тәтті, Еңбектің... тәтті.
Еңбек етсең... мереке
Тояды қарның.. береке
Еңбектің түбі... ерінбей
Көптің түбі... тіленбей
Тапсырма: (алма ағаштан алма жинау, еңбек ету.)
Еңбек түрлерін ата.

Шығармашылық тапсырма:
1. Суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау.
2. Мамандық иелерін ата. (суреттерге қарап табу)
3. Еңбек құралдарының қолдану аясын тап.
4. Суретті құрап мақалды тауып оқы. (пазлы)

Дәптермен жұмыс:
«Мен түйген ой» эссе жаз.

Үй тапсырмасы:
«Еңбек – бақыт бастауы»
Шағын әңгіме жазу
Қорыту: «Адамды адам еткен – еңбек»
Жүректен жүрекке
Болайықшы осындай
Жақсы бала еңбекшіл ------------- Таза бала мұнтаздай,
Ер азамат болады. ------------------ Сүйсінеді қараған,
Қиындықты жеңіл кіл, ------------- Ұқыпты деп бұл қандай,
Құшағы гүлге толады. -------------- Жақсы көрер бар адам.
Қайырмасы
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досым – ай.
56 208
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңбек бәрін де жеңбек (Отбасындағы еңбек тәрбиесі туралы)
Еңбек бәрін де жеңбек (Отбасындағы еңбек тәрбиесі туралы)
Еңбек - адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Еңбек түбі - береке
Еңбек түбі - береке
Адам өміріндегі еңбектің алатын орны, еңбек туралы оқушы ойларын айтқызу, еңбек туралы мақал - мәтелдердің мән мағынасын ашу. Ертегі кейіпкерлері әлеміне ене отырып, еңбектің қадірін оқушы санасына жеткізу.
Еңбек - бәрін де жеңбек
Еңбек - бәрін де жеңбек
Балаларды еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру. Еңбек етуге деген қызығушылықтарын, ой - қиялын, тілдерін дамыту.
Еңбек - бәрін жеңбек
Еңбек - бәрін жеңбек
Бастауыш сынып мұғалімі Тәжібаева Гүлмира
Еңбек - бәрін жеңбек
Еңбек - бәрін жеңбек
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Бірлік ауылы Құмжарған орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қожанова Күнсұлу Есенғалиқызы
Еңбек етсең емерсің
Еңбек етсең емерсің
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру; - еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×