Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есім

19 маусым 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Сан есім
Мақсаты. Сөз таптары және олардың түрлерімен таныстыру. Сан есім туралы түсінік қалыптастыру.
Оқушының қиялын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Оқушыны жауапты болуға, сауатты жаза білуге дағдыландыру.
Сабақ түрі; жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, оқушыларды түгендеу, сынып даярлығы
Жаңа сабақ
Заттың санын, ретін білдіретін сөз табы сан есім деп аталады. Сұрақтары: қанша, неше.
Мысалы: он алты, жүз бір, жиырмасыншы.

Тапсырмалар.
1. Ішінен сан есімдерді тап.
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар
Сегіз қырлы,
Бір сырлы.
Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
Білімді мыңды жығады.
Тоғыз белбеу, қос шүмек.
2. сан есімдерді қатыстырып мәтін құрап жаз.
3. Сөйлемдегі сандарды сөзге айналдырып, ертегі құрап жаз.
4. Сергіту сәті
5. «Кім білгір» ойыны

Мақал - мәтелдер құрамындағы түсіріліп айтылған сан есімдерді тап.
Жеті атасын білмеген жетесіз.
Қызға қырық үйден тыйым
Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Білгенің бір, білмегенің тоқсан тоғыз.
Бала жетіге келгенше жерден таяқ жиді.

6. Қызықты тапсырмалар.
Он бір түйе бес жылқы,
Екі сиыр бес ешкің.
Екі оян, үш ешкі,
Таба алмасаң бол күлкі.
Жаңа ғана шалғында,
Алты бұзау жүр еді.
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты біреуі.
Нешеуі енді жайылып,
Айт жүргенін айырып.

Қорада үш үйрек,
Аулада бес үйрек.
Барлығын қосқанда,
Болады қанша үйрек.

7. Сабақты қорытындылау.
Сан есім дегеніміз не. Сан есімге мысалдар келтіру.
Үйге тапсырма, бағалау
3 833
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі сан есімдер, емлесі
Дара және күрделі сан есімдер, емлесі
Сөйлем ішіндегі дара, күрделі сан есімдерді ажырата білу. Дара, күрделі сан есімдерге мысалдар келтіру. Оларды қатыстырып сөйлем құрау.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата білу;
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есім туралы алған білімдерін пысықтай отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындату арқылы дара және күрделі сын есімдерді ажырата білу;
Дара және күрделі сан есім
Дара және күрделі сан есім
Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, «№14 орта мектебі»КММ бастауыш сынып мұғалімі: Құрманбекова Меруерт Дәулетбекқызы
Есептік және реттік сан есім
Есептік және реттік сан есім
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Төлеутаева Аягөз Серікбайқызы
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ысқақова Шәмшінұр Абдулхайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×