Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


К. Д. Ушинский «Төрт тілек»

19 маусым 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: К. Д. Ушинский «Төрт тілек» (слайд)
Пәні: әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақ мақсаты: К. Д. Ушинскийдің шығармаларымен оның ішінде, «Төрт тілек» әңгімесімен таныстыру;
Білімділік: әр жыл мезгілінің тіршілік үшін маңыздылығын ұғындыру, оқу және таңдап оқу дағдыларын жетілдіруге үйрету;
Дамытушылық: шығармашылық, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: көркем әдебиет оқуға деген қызығушылықтарын ояту және табиғатқа деген қамқор көзқарас қалыптастыру
Сабақ түрі: жаңа материалды меңгерту
Оқыту әдісі: көрнекілік - әңгімелеу, сұрақ - жауап, шығармашылық
Көрнекілік: АКТ, портрет, жазушының кітаптары

Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі.
1. Психологиялық дайындық
- Қоңырау соғылды, сабақ басталды. Бір - біріне күлімсіреп қараңдар. Қандай тамаша, бүгін бәріміз біргеміз. Біз қайырымдымыз, бір - бірімізге мейірімдіміз, біздің көңіл - күйіміз тамаша. Тереңірек дем алып, оны шығарыңдар. Кешегі ренжігендерін, өкпелерін, уайымдарын деммен бірге шығып кетсін. Оларды ұмытыңдар. Мен сендерге көтеріңкі көңіл - күй, бір - бірлеріне қамқорлықпен қарай білулеріңді тілеймін.
Сабақты бәріміз ұйымшылдықпен бірлесіп өткізейік
2. Кәне, бәріміз сабақ бастамастан бұрын тіл дамыту жаттығуын жасайық:
• 1. Дыбыс артикуляциясы
• а - у, а - о, ы - і, ұ - ү; аоуиэ; аиуоэ; ауиоыэ
• 2. Сөздерді оқу:
• шұнақ, зәрлі, жалаңдап, ұшпадай, үскірік, шидем, домбығып
• 3. Үй тапсырмасы
• С Сейфуллин Қызыл шұнақ. Өлеңді оқыту
• 1. Көзбен оқу.
• 2. Сыбырлап оқу.
• 3. Дауыстап оқу.
• 4. Жай оқу.
• 5. Жылдам оқу.
• - Жарайсыңдар!
«Қыс келбеті» тақырыбына суреттерін тамашалау Қыс мезгіліне қатысты жұмбақ айту

II. Тақырыпты меңгертуге дайындық:
1) Сабақ тақырыбын хабарлау
Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ.
- Әр адамның арман тілегі болады. Сенің қандай тілегің бар, нені армандайсың? (дәптерге жазу)
Монитордан сабақ тақырыбын іштей оқыңдар.
2) Константин Дмитриевич Ушинский – «Төрт тілек» әңгімесі
Әңгімені оқымастан бұрын мен жазушымен таныстырайын.
2) Кіріспе әңгіме
Мониторда К. Д. Ушинский туралы слайд «Балалар әлемі және Туған тіл»
Константин Дмитриевич Ушинский – ол орыстың ұлы педагог - жазушысы
Константин Дмитриевич Ушинский Тула қаласында 19 ақпан 1824 жылы 1812 жылғы Ұлы Отан соғысына қатысқан демалыстағы офицер Дмитрий Григорьевич Ушинскийдің жанұясында дүниеге келді. Константин Дмитриевичтің анасы — Любовь Степановна ол 12 жаста болғанда дүниеден озды.. Константин Дмитриевич Новгород - Северской гимназиясында оқыды.. Кейін Мәскеу университетіне түсті. Бітірген соң мұғалім болып жұмыс істеді.. Ол балаларға арнап көптеген тамаша кітаптар жазды: «Балалар әлемі», «Туған тіл», «Таңғы сәулелер», «Төрт тілек», «Бишка» т. б. Ол балаларға арнап көптеген тамаша кітаптар жазды. Кітаптары көптеген әңгімелер, өлеңдер, ертегілерден құралған. Константин Дмитриевич Ушинский көп жылдар бойы балалармен жұмыс істеді. Ол балаларға арнап әдебиеттік оқу және орыс тілі кітаптарын және мұғалімдерге арнап педагогикадан ғылыми еңбектерін жазды. Оның кітаптары «Балалар әлемі» және «Туған тіл». деп аталды.
Ол не туралы жазды? Ол жануарлар, балалар, табиғат туралы жазды.
Монитордан оның жазған кейбір кітаптарын көрсету

ІІІ Тақырыпты меңгерту
1) Әңгімені оқып беру
2) Сөздік және сөздің лексикалық мағынасын түсіну жұмысы
қуанышы қойнына сыймау
3) Талдау
- Әңгімеде кімдер әңгімелеседі?
- Олар не туралы айтады?
- Митяның қандай төрт тілегі болды? Митя неліктен төрт мезгілдің бітпеуін сұрады?
Қорытынды: Табиғаттың төрт мезгілі кезектесіп айналып келіп тұрады. Ол табиғат заңдылығы. Оны өзгерту ешкімнің қолынан келмейді.
б) Мәтінмен алғашқы танысу. Өз бетінше моделдеу
- Оқыған мәтіннің моделін жасаңдар?

в) Алғашқы оқыған кездегі қабылдауларымен бөлісу
- Шығарма ұнады ма?
- Қай жыл мезгілі туралы айтқаны ұнады? Тауып оқу
Сергіту Презентация «Жыл мезгілі».
Кәне, жылдың әр мезгіліне қонаққа барайық!
Табиғат жылдың әр мезгілінде де тамаша!
1 слайд. «Қыс».
жұмбақ
- Кімге қыс мезгілі ұнайды?
- Неге?
2 слайд. «Көктем».
жұмбақ
- Көктемнің өзіне тән қандай ерекшелігі бар?
г) Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу жұмысы
- Әңгіме қалай басталады? Оқу Неше бөліктен тұрады?
- Митя қай жыл мезгілі туралы керемет деп шаттанды? Қай бөлікте?
- Қай мезгілді бітпесе екен деп тіледі?
- Ең жақсы мезгіл деп қай мезгілге тамсанды? Неше сөз арқылы өзінің тамсануын жеткізді?
- Неткен тамаша мезгіл! деп қай мезгілді айтты?
Митяның сөздерін дауыс ырғағын келтіріп оқу
Лепті сөйлемді дауыс ырғағын келтіріп оқу.
д) Дұрыс емес жоспармен жұмыс.
- Менің жоспарыммен келісесің бе?

Қосымша тапсырма:
Тағы бір әңгімесін оқушы айтып береді.
К. Ушинский «Ертегі Қыс кемпірдің әлегі».
Сабақты қорытындылау
- Кімнің әңгімесімен таныстық?
- Ол кім?
- Сонымен қай жыл мезгілі жақсы екен?

Қорытынды: Жылдың әр мезгілі керек және ең маңызды!
- Сендердің тілектерін Митяның тілегімен сәйкес келді ме?
Кәне тақырыпқа сай мақалдар оқиық.
Қысқа шанаңды жаз сайла.
Сәуір болмай, тәуір болмас
Күз - молшылық белгісі
Презентация «Жыл мезгілі».
Кәне, жылдың әр мезгіліне қонаққа барайық!
3, 4 слайды «Жаз», «Күз»
1. Синквейн. Жыл мезгілдер туралы синквейн жаздыру.
Синквейн - бұл өзінің белгілі құрамы бар миниатюрлі 5 жолдан тұратын тақпақ
• 1 жол - синквейн тақырыбы ( қыс ).
• 2 жол - (2 сын есім).
• 3 жол - (3 етістік).
• 4 жол – автор ойы (4 сөзден тұратын сөйлем).
• 5 жол – асоссация
Мысалы синквейн:
Қыс
Қарлы, аязды.
сықырлайды, домбықтырады, үсіреді.
Балалар үшін қызықты мезгіл.
Аяз.
2. Үй тапсырмасы - жыл мезгілдері туралы шығармалар оқу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 625
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңбыр. Б. Майлин.
Жаңбыр. Б. Майлин.
Оқушыларды «Жаңбыр» өлеңі мен «Бұлбұлдың әні» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері мен сұлулығы жайлы әңгімелеу.
Сансызбай Сарғасқаев. Шыбық
Сансызбай Сарғасқаев. Шыбық
Сансызбай Сарғасқаевтың өмірімен, шығармаларымен тереңірек танысу. Мәтінді тереңірек түсініп оқуға, талдауға үйрену, мәтіндегі түйінді ойды ашу.
Төрт түлік туралы жырлар
Төрт түлік туралы жырлар
Атырау облысы, Өркен мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мағданова Ақсауле Айдарбекқызы
Константин Димтриевич Ушински "Төрт  тілек"
Константин Димтриевич Ушински "Төрт тілек"
Қызылорда облысы, Жусалы ауданы, Байқоңыр қаласы, Ю.А.Гагарин атындағы №8 қазақ орта мектебінің бастауыш пәні мұғалімі Рашаева Қалдыгул Жайхожакызы
Ондықтарды салыстыру
Ондықтарды салыстыру
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Достілеуова Әсем
Төрт түліктің  кеңесі
Төрт түліктің кеңесі
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қойшибаева Хадиша Оңғарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×