Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ъ белгісі (айырма белгісі)

10 наурыз 2020, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: ъ белгісі (айырма белгісі)
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларды ъ белгісімен таныстыру, оның дыбысталмайтынын түсіндіру, ъ белгісі бар сөздерді дұрыс оқуға және жазуға, есте сақтауға, дыбыстық талдау жасауға үйрету;
2) Оқушылардың ойлау, есте сақтау, сауатты сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту
3) Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, «Ой қозғау», «Миға шабуыл» «Кім жылдам?»
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сөздер және әріптер жазылған таратпалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ Өткен әріпті еске түсіру:
1. ь белгісі бар сөздерді оқу:
Лагерь, альбом, фильм, рояль, циркуль, рельс,
2. «Лагерь жыры» өлеңді мәнерлеп оқу
3. Сұрақ - жауап алысу

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе
- Балалар, біздің «Әріптер қаламызда» бір есік ашылмай қалыпты. Сол есікті ашу үшін тапсырмаларды орындауымыз керек. Егер тапсырмаларды дұрыс орындасақ, есік ашылып ең соңғы әріппен танысамыз.
а) Қалып қойған әріптерді тап:
лагер..., ал... бом, фил... м
ә) Сөздерге сөйлем құрастыру
2. Жаңа әріп ъ (айырма белгісі)- әріп, дыбысы жоқ. Біздер көреміз, жазамыз, бірақ дыбысталмайды.
а). Оның баспа және жазба түрін көрсету.
ә). Көрнекіліктер арқылы ъ белгісі бар сөздермен таныстыру
б). Сөздерді оқу ( разъезд, подъезд)
в). Сөздерге дыбыстық талдау жасау:
подъ - езд - 2 буыннан тұрады. 7 әріп, 6 дыбыс бар. 2 дауысты дыбыс - о, е, 4 дауыссыз - п, д, з, д дыбыс бар, ъ - айырма белгісі.
разъ - езд - 2 буыннан тұрады. 7 әріп, 6 дыбыс бар. 2 дауысты дыбыс - а, е, 4 дауыссыз - р, з, з, д дыбыс бар, ъ - айырма белгісі.
3. Сергіту сәті

ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту.
1. Оқулықпен жұмыс:
а). ъ белгісі бар сөздерді оқу.
ә). «Біздің үй» мәтінін оқып беру, оқушыларға оқыту.
б). «Миға шабуыл» сұрақ - жауап алысу.
в). «Ой қозғау» Біздің үй қандай?
3. Дәптермен жұмыс:
а). Үлгі бойынша ъ белгінің әріп таңбасын жазу (ауада, дәптерге)
ә). Көшіріп жазу

Ү. Қорыту.
- Балалар бүгін біз қай әріппен таныстық?
- Қай мәтінді оқып үйрендік?
- Неше қабатты үйде тұрамыз?
1. Ойын «Кім жылдам?» Көрсетілген сөздерді кім жылдам оқыса жұлдызша беріледі. Көп жұлдызша жинаған оқушы үйдің төртінші қабатына жылдам шығады.( хабар, аю, кофе, вагон,...)
2. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
№ 7 мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Джумабекова Маруза
59 447
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары
Қазақ тілі № 1. Тақырыбы: Сөйлем және сөз № 2 Тақырыбы: Дыбыс және әріп (5 - 9 жаттығулар) № 3 Тақырыбы: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. 10 - 14 жаттығу. № 4. Тақырыбы: Буын және тасымал. 14 - 18 жаттығулар
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем туралы білімдерін толықтыру, тиянақтау. Өз бетінше жұмыс жасауға баулу, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі бойынша алған білімдерін пысықтау, сөздерді дұрыс оқуға, жазуға үйрету. Сөздік қорын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Диктант «Сауысқанның белгісі»
Диктант «Сауысқанның белгісі»
ШҚО, Аягөз қаласы. Бастауыш сынып мұғалімі: Ожанова Айғаным Сымбатқызы
Щ дыбысы мен әрпі
Щ дыбысы мен әрпі
Ақтөбе қаласы, № 32 мектеп - гимназия бастауыш класс мұғалімі Ахметова Элеонора Дузжасаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×