Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


І. Жансүгіров «Көкшетау»

30 маусым 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров «Көкшетау»
Мақсаты: Білімділік: Көкшетау өлеңінде суреттелген таудың әсемдігін, көркемдігін, ақынға шабыт берген қасиетін сезіне білуге талпындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың әдеби тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекіліктер: І. Жансүгіров портреті. Көкшетау суреті. Плакатқа жазылған ереже. І. Жансүгіров кітаптары көрмесі. Слайд «Көкшетау көріністері»
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

Үй тапсырмасы: Қасым Аманжолов «Туған жер» өлеңі.
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
1) Қасым Аманжолов кім?
2) Қандай тақырыптарға өлеңдер жазған?
3) Ақынның туған жеріне деген мақтаныш сезімі өлеңнің қай жолдарында берілген?
4) Туған жердің кеңдігі, байлығы жөнінде ақын не деп тебіренеді?
5) «Қызығыңды көріп еркін келемін» деген жолдағы ақын ойы не?
6) «Сен де аямай бердің маған барыңды мен де аямай барым саған беремін» деген жолдар арқылы ақын не айтпақшы? С. Торайғыровтың «Туған еліме» өлеңімен осы өлеңнің ұқсастықтары қандай?
Өлеңді жатқа мәнерлеп айтқызу.
Өлеңді әуенімен орындау.
Мұның алдындағы сабақта «Туған жерім тұғырым, өскен елім өзегім» деп аталатын жаңа тарауды бастаған болатынбыз.
Жаңа сабақ: Бүгін біз туған жерін айшықты жырларымен жырлаған қазақтың ұлы ақыны Ілияс Жансүгіровтың Көкшетау өлеңімен танысамыз.

Әуелгі автор туралы бірер сөз. 1894 жылы қазіргі Алматы обылысы Ақсу ауданында туған. Қазақ халқының дүлдүл ақыны. Балаларға да арнап шығарған өлеңдері жинақ болып шыққан «Өтірік», «Малта», «Балаларға базарлық», «Мектеп» атты т. б. кітаптары бар. І. Жансүгіровтың өлең - жырларын тыңдап өскен бала туған жерін, өскен ортасын, ата - анасын сыйлап өсері сөзсіз.
Көкшетау таудың аты. Солтүстік Қазақстанда Көкшетау қаласы да бар. Табиғаты сұлу, Көкшетаудың саясында сексен көл бар, әрқайсысы бейне бір төңкерулі кесе сияқты, дөңгеленіп жатады.
Ақынға өлең жазу үшін шабыт керек. Ақынның шабытына дем берген таудың әсемдігі, көркемдігі.
Мұғалім: «Көкшетау» өлеңін мәнерлеп оқып береді.
Таудың биіктігін Оқжетпес шыңын суреттеу арқылы сипаттаған.

“Оқжетпес оқшырайып өрлеп кеткен
Кеудесін керіп көкке сермеп кеткен”
Көкшетауды жер жаннаты - дейді. Сұлу қыздай бойын күткен, жомарт тау, дастарқанды, момақан тау - дегенді қойнауында небір пайдалы тастары бар, орман - тоғайлары аң мен құсқа толы, ауасы шипалы, дертке дауа дейді.

Көкшетауда Қазақстандағы 5 ұлттық саябақтың біреуі орналасқан. Қорғауға алынған аң, құстар бар мұнда. Демалуға, табиғатын тамашалауға туристер, демалушылар көп барады. Бурабай көлі бар. Жақында Көкшетаудың баурайынан «Оқжетпес» санаторийі ашылды. Елбасымыз ашылу рәсіміне қатысты.

Көкшетаудың суреті ( Өлеңді талдау)
Ақын суреттеп отырған тауды көз алдарына елестетіп көріңдер. Өлеңдегі теңеулерді тап. Өлеңдегі көркейту мақсатында қолданылып тұрған тіркестерді тауып оқы.
«Жомарт тау», «Момақан тау», «Шипа тау» тіркестерінің мазмұнын ашу.
І. Жансүгіровтың «Көкшетау» өлеңіндегі үзіндіге назар аударайық.
“Көк орман, көркем тоғай маужыраған,
Сұлудың көзіндей көл жаудыраған.
Малта тас, маржан - ақын, меруерт тас,
Төгіліп көк жиекке саудыраған”
Осы шумақтағы «көк», «көркем» сөздері аталған орман, тоғайдың айрықша сипатын анықтау үшін қолданылып тұр екен.
Бір нәрсені көптен айырып, көзге көбірек түсерлік е тіп айту үшін ол нәрсенің атына көркейтетін, айқындайтын бейнелі сөз қосылады. Сол сияқты осы үзіндіде ақын көлді сұлу қыздың көзіңе теңейді. Сөйтіп көлдің әсемдігін көз алдына елестетеді.
Белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге, белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа балап, көрнектеп ашығырақ көрсету үшін қолданылатын бейнелі саз «теңеу» деп аталады.
Теңеу көбіне – дай, - дей,- тай, - тей жұрнақтары немесе бейне, тәрізді деген сөздер арқылы жасалады.

Сергіту сәті
І. Жансүгіровтың «Көкшетау» өлеңінен де басқа өлеңдерін алып қарасаңыз ол сізбен ашық сырласып, ішкі жан дүниесін ақтарып тастағандай, табиғатқа да тіл бітіріп, сырластырып небір бейнелі өрнектерін айшықтайды.
Оқушылар өлеңді кезектесіп, мәнерлеп оқиды. Өлеңдегі басқа да теңеулерді тауып мағынасын талдайды.

Сабақты бекіту сұрақтары: І. Жансүгіров кім?
Ол қандай ақын?
Көкшетау жері туралы не білдің? Ол Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан? Теңеу деген не? Өлеңдегі теңеу сөздерді алып тастап оқысақ қалай өзгерер еді? – дай, - дей, – тай, - тей жұрнақтары мен бейне тәрізді сөздерін айт. (Мысалы: сұлу - дай шолпысы сылдырлаған, бұлақ - тай таудан төмен сылдырлаған, бала - дай бал - бұлақтар былдырлаған т. б )
Қорытынды:
І. Жансүгіров кітаптарының көрмесіне шолу жасау.
1) Оқушылардың білімін бағалау
2) а) Көкшетау өлеңін мәнерлеп оқу
ә) Теңеу ұғымын жаттау
б) «Көкшетау» суретін салу
в) Бір шумақ өлең шығарып келу, теңеулерді қолдану арқылы.
20 231
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ілияс Жансүгіров «Көкшетау»
Ілияс Жансүгіров «Көкшетау»
І. Жансүгіровтың әдебиетші, көсемсөз шебері, ақындығын таныту. Оқушыларды өз ойын ашық айтуға, еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, іздемпаздыққа баулу. Қазақстанымыздың сұлу жерлерінің табиғатымен мақтаныш етіп, оны құрметтеп, бағалауға
Ілияс Жансүгіров. Көкшетау («Құлагер» поэмасынан үзінді)
Ілияс Жансүгіров. Көкшетау («Құлагер» поэмасынан үзінді)
Павлодар қаласының №26 ЖОМ-де қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Макатова Гүлғайша Зияденқызы
"Көкшетау" Ілияс Жансүгіров
"Көкшетау" Ілияс Жансүгіров
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аманжанова Злиха
Қасым Аманжолов «Көктем»
Қасым Аманжолов «Көктем»
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Уапова Жаңылсын
Жансүгіров «Көкшетау», «Құлагер» поэмасы
Жансүгіров «Көкшетау», «Құлагер» поэмасы
Мұсалимова Гүлнар Рақымқызы Қазақ тілі мен әдебиет пәні Астана қаласындағы Халықаралық үздіксіз білім беру колледжі
Туған еліме. Туған жер
Туған еліме. Туған жер
Атырау қаласындағы №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айтбаева Талиғат Садуатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×